Ашық сабақ.Сабақтың тақырыбы Қанның құрамы мен қызметі.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ.Сабақтың тақырыбы Қанның құрамы мен қызметі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ.Сабақтың тақырыбы Қанның құрамы мен қызметі. Сабақ оқу әдістемелік сауатты жасалған, оқу мақсатына сәйкес құрылған.Сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Бөлім

8.2А Заттардың тасымалдануы

Педагогтің

аты-жөні

Амангалиева А.М.

Күні


Сыныбы

8

Сабақтың тақырыбы: Қанның құрамы мен қызметі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.3.1 қан құрамы мен қызметін сипаттау


Сабақтың мақсаты

  • Қанның құрамы қан түйіршіктері: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер, плазманы анықтау

  • Қанның қызметі: транспорттық, гомеостаздық, қорғаныштық қызметін сипаттау

Сабақтың бағалау критерийі

  • Қанның құрамын сипаттайды

  • Қанның қызметін анықтап, оны сипаттай алады

  • Қан арқылы таралатын ауру түрлерінің қауіптілігін анықтау


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңі


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут




8 минут























4 минут







Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

«Бинго» әдісі (жеке жұмыс)

- Мұғалім сұрақты оқиды, әр оқушы сұрақтарға жеке жауап береді, 3рет қатесіз жауап берген оқушы бірінші «Бинго» деп жар салады. Сол сәтте жұмыс тоқтатылады.


Гомеостаз дегеніміз не?


А

Лимфаның қызметін сипаттаңдар.

Ә

Лимфа мен ұлпа сұйықтығы арасындағы байланысты анықтаңыз? Б

Физиологиялық гомеостаз дегеніміз не?


В

Ағзадан тәулігіне қанша литр лимфа түзіледі?


Г

Егер адамда қан, лимфа мен ұлпа сұйықтығы болмаса, қандай өзгерістер орын алады? Д

Адам ағзамының ішкі ортасы неден тұрады?

Д

Лимфа құрамы неден тұрады?


Ж

Лимфа мен жасушааралық сұйықтықтың рөлі қандай? З


ҚБ: Мұғалімнің ауызша мадақтау, оқушылардың өзара қолпаштауы.

С: қолдау, қарқын, қорытынды.



«Миға шабуыл» әдісі (жалпы жұмыс)

- Қан туралы бейнематериал ұcыну арқылы жаңа тақырып бойынша миға шабуыл жасап оқушыларды қан жасушалары суреттері бойынша 3 топқа бөліп, сыныптағы жағымды психологиялық ахуалды орнату:

1-топ: Лейкоциттер

2-топ: Эритроциттер

3-топ: Тромбоциттер



































https://www.youtube.com/watch?v=pkEVupbN1UQ


Сабақтың ортасы








12 минут
































8 минут













































«Ойлан, топтас, бөліс» әдісі (топтық жұмыс)

- Әрбір топқа оқулық пен қосымша материалды ұсыну арқылы қанның қызметі мен құрылысын анықтау бойынша тапсырма беріледі.

- Топ мүшелері материалды өз беттерінше меңгереді, бірлесіп ақпаратты талдайды:

1-топ: «Қан қызметі. Лейкоциттер»

2-топ: «Қан құрамы. Эритроциттер»

3-топ:«Қан плазмасы. Тромбоциттер»

Дескриптор:

1-топ

- ресурстармен жеке танысу, топта талдайды-1балл

- Қан қызметі. Лейкоциттер туралы ақпарат ұсынады-2балл

2-топ

- ресурстармен жеке танысу, топта талдайды-1балл

- Қан құрамы. Эритроциттер туралы ақпарат ұсынады-2балл

3-топ

- ресурстармен жеке танысу, топта талдайды-1балл

- Қан плазмасы. Тромбоциттер туралы ақпарат ұсынады-2балл

ҚБ: «ҚҚҚ»\құнды, қиын қызық\ әдісі арқылы өзара топтық бағалау. Мұғалімнің ауызша мадақтауы.

С: қарым-қатынас, оқу ортасы, ресурс, жұмыс қарқыны, қолдау, нәтиже.


Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы (жеке жұмыс)

1 тапсырма. Қан жасушаларының атауын суретпен сәйкестендіріңіздер.


  1. 2- 3-

  1. Эритроцит

  2. Лейкоцит

  3. Тромбоцит (1 ұпай)

Жауабы: 1-С, 2-А, 3-В

Дескриптор: А-1балл; В-1балл; С-1балл.


2 тапсырма. Келесі сұрақтарға жауап беру үшін «безгек» мәтінін пайдаланыңыздар.

«БЕЗГЕК»

Безгек (Маlаrіа - безгек) — бұл инфекциялық қан ауруы,ол адамды қалтыратып, аласұрғызады. Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан безгек паразиттерін сорып алатын шыбын-шіркейлер, маса-соналар инфекциясын түсіреді, бірнеше мәрте қайталатын ауру түрі. Көбінесе безгек масасының шағуынан жұғады. V ғасырдан бері белгілі, балшық маңындағы тропикалық немесе субтропикалық аумақтарда кең тараған. Паразиттің қауіптілігі XX ғасыр басында анықталды. Жыл сайын әлемде дәл осы ауруға 250 млн. адам шалдығып, оның 2 млн-ы қайтыс болады. Безгек басқа паразит түрлеріне қарағанда ауырлау, тіпті соңы өлімге әкеледі. Бұлар қанды қызыл жасуша ішінде тез тарайды. Кейін адам 4-10 сағатқа жуық тітіркеніп, қызуы 40,6-ға дейін көтеріледі және басы қатты ауырады. Безгекпен күресудің бірден бір жолы осыны таратушы масаларды жою.

Сұрақ:

Адам бұл мәтінді оқып, былай ойланады: «Безгек – халықтың денсаулығына қауіп-қатер болып табылады». Өз жауаптарыңызды негіздеу үшін мәтінді қолданыңыздар.

Дескриптор: Иә, Жоқ (2 ұпай)

Жауабы: Иә. Себебі, 1) Безгек — бұл инфекциялық қан ауруы,ол адамды қалтыратып, аласұрғызады. 2) Жыл сайын әлемде дәл осы ауруға 250 млн. адам шалдығып, оның 2 млн-ы қайтыс болады.



Бағалау критерийі

Дескриптор

-Қанның құрамын анықтайды - 2балл +,-


Қан құрамында болатын жасушаларды анықтайды-3балл, әр топта 1балдан.+,-

- Қан арқылы таралатын ауру түрімен танысады- 2балл

Безгек ауруының адамның денсаулығына зиян екендігін біле алады.


ҚБ: Дескриптор арқылы «+,-» белгісімен өзара жұпта бағалау.

С: жеке қолдау көрсету, оқушының дербестігі, жұмыс қарқыны, нәтиже, бағалау.


Биология. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық / А.Соловьева, Б.Ибраимова,

Алматы: «Атамұра», 2018. 76-79 б.

Уикипедия – ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%BD


































PISA тапсырмасына

сілтеме

https://infourok.ru/biologiya-pninen-sinipa-arnalan-piza-tapsirmalari-548572.html




































Сабақтың соңы


5 минут


Кері байланыс «3:2:1» әдісі

Сабақтан есімде қалған 3 факті:

1. ____________________________________________

2. ____________________________________________

3. ____________________________________________

Сабақтан үйренген 2 қызық нәрсе:

1. ____________________________________________

2. ____________________________________________

Сабақ бойынша 1 сұрақ:

  1. _______________________________________


Үйге тапсырма: Қанның құрамының суретін дәптерге салу, құрылысы бойынша кластер жазу.

§17 Қанның құрамы мен қызметі.Қанның формалы элементтері:эритроциттер, лейкоциттер, тромбо циттер.Қан плазмасы.


Активатор әдісі: «3:2:1» кері байланыс парағы






Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

М.Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейінің

химия-биология пәнінің мұғалімі

Амангалиева Айсулу Муханбедьяровна




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.01.2025
259
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі