400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ:Шай қайнатуды үйренеміз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

БҚО, БҚО, Зеленов ауданы. Новенький ауылы. «Бүлдіршін» бөбекжайы МКҚК әдіскері Галиева Ботагөз Кенесқызы

Білім беру саласы:

«Қатынас»

Бөлімі:

Тіл дамыту

Тақырыбы:

Шай қайнатуды үйренеміз.

Мақсаты:

Тағам және шай ішуге арналған ыдыстармен таныстыру,түрлерін атай білуге үйрету ,ойын жағдаяттарын көрсету арқылы шай дайындауды түсіндіру(шәйнекке шай салып,су құю).Есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайту.Балаларды енбексүйгіштікке уйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер:

Демонстрациялық материалдар (шай ішуге арналған заттар),үлестірмелі материалдар (суреттер).

Сөздік жұмыс:

ыдыстар, аспаз, нан.

Билингвальды

компонент:

Ыдыстар- посуда, аспаз- повар, нан –хлеб.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

-Балалар,сендер тамақ ішкенді жақсы көресіндер ме? Үйде аналарыңа көмектесесіндер ме?

-Қазір біз сендермен Үлкен әжеге ауылға қонаққа барамыз.


Сұрақтарға толық жауап береді.

Бірінің жауаптарын бірі толықтырады.


Ұйымдастыру-іздестіру

Сәлемдесу.

Білер қазақ баласы,

Сәлем- сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

(Е.Өтетілеуұлы)

-Балалар ,әже қандай үйде тұрады?

Әже:

- Қош келдіңдер балалар,төрлетіңдер!

Мен сендерге қазір дәмді етіп шай әзірлеп беремің.

Тәрбиеші.

-Балалар, әжеге шай әзілеуге көмектесеміз бе?

Жұмбақ жасыру.

Кесе,шыны,пияла,

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз,

Бәрінің атын не дейміз?

(Ыдыстар).

«Артық затты табу» дидактикалық ойыны

Үстел үстіне ыдыстарды қоямыз:

шәйнек,кесе, қантсауыт ,қасық арасына машина ,текшелерді араластырамыз. Балалар артық заттарды табу керек.

-Шай ішкенде үстелдің үстіне не қояды?

-Мына қораптың ішінде не бар?

Қораптағы шайды қасықпен көрсету.

-Мына шәйнекке шайды саламыз.

Шәйнекке шайды салғаннан кейін үстіне қайнаған су құямыз. Шайды кесеге құямыз, оған керегінше сүт құйып, қант саламыз.

-Балалар, бізге балабақшада тамақты кім даярлайтынын білесіндер ме?

Мен сендерге Қ.Ыдырысовтың өлеңін оқып берейін.

Біздің гүл бақшада,бар әсем асхана.

Бар онда аспаз,аққөңіл жақсы апа.

Тұрады ортада,тәп-тәтті тағамы,

Апай –ас маманы,пісіре білгенге ,

Астың жоқ жаманы.

-Иә,балалар,аспаз апай бізге шай даярлап береді екен.

«Мамандықтарды ата!» дидактик.ойын.

Берілген суреттердің ішінен мамандықтарды атау,аспаздың суретін табу.

Аспаз - ас даярлайтын апай.

Билингвальды компонент: Ыдыстар- посуда, аспаз- повар, нан –хлеб.

Сергіту сәті.

Дастарқанды жаямыз,

Ыдыстарды қоямыз.

Тағамдарды әкеліп,

Дастарқанға қоямыз.

«Орнын тап!» дидактик.ойын.

Әр затты бір-бірімен сәйкестендіру

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан ыдыс-аяқ түрлерін сұрау.

Балалар дөңгеленіп отырады.







Балалар жұмбақты мұқият тыңдап,шешуге тырысады.

Демонстрациялық материалдағы суреттер бойынша балалардың жауабы.







Өлеңді мұқият тыңдайды.






Балалар қайталайды: ыдыстар- посуда, аспаз- повар, нан –хлеб.

Бірге қайталап,сәйкес қимыл жасайды.


Балалар әр затты бір-бірімен сәйкес-тендіріп,оларды сызықпен қосады.

Балалардың жауабы.

Рефлексивті-түзетушілік

-Балалар,бүгін біз сендермен қайда бардық?

-Мынау ыдыстар қалай аталады?

-Шайды салғаннан кейін қандай су құяды екен?


Балалардың сурет бойынша жауабы.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: ыдыстарды дұрыс қолдана білуді:

Нені игереді: шай әзірлеудің ретін:

Нені біледі: шай ішуге арналған ыдыстарының аттарын күнделікті өмірде.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
1404
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі