Материалдар / Ашық сабақ"Сақтандырғыштар, автоматты ажыратқыштар"

Ашық сабақ"Сақтандырғыштар, автоматты ажыратқыштар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж білім алушыларына арналған,Сақтандырғыштар мен автоматты ажыратқыштар туралы толық мәлімет ала алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
2564
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







АШЫҚ САБАҚ







Тақырыбы:«Сақтандырғыштар, автоматты ажыратқыштар»

Оқу тобы: ЭС -15/9Г

Пән оқытушы: Мыңбаева Айнагүл Қаржаубайқызы






















Қызылорда, 2017

Тобы: ЭС -15/9Г

Аудитоия: 512С

Сабақтың мерзімі: 17.11.2017ж Уақыты: 11.30 – 12.50

I.Сабақтың тақырыбы: Сақтандырғыштар, автоматты ажыратқыштар

II.Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға 1000 В дейінгі аппараттардың түрлерін үйрету, студенттердің жаңаша ұғымын белгілі дәрежеде қалыптастыру, алған білімін жүйелеп, қорытындылауға үйрету

б) дамытушылық: Оқушылардың автоматты ажыратқыштар, сақтандырғыштар туралы ойлау қабілетін дамыту, ой өрістерін дамыту

в) тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелілікке,сабаққа деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлыққа арттыру

III. Сабақтың түрі: теориялық

IV. Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгеру

V. Сабақтың өткізілу әдісі: Түсіндіру, лекция жаздыру, «Білім қоржыны», «Сиқырлы кубик» ойындары, тест сұрақтарын беру

VI. Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, плакаттар, тақта, слайд

VII. Пән аралық байланысы: Физика және математика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 3 минут

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 15минут

  1. «Білім қоржыны» ойыны арқылы сұрақтар беріледі.

  1. Қысқа тұйықтағыш дегеніміз не? ( Бұл электр тізбегінде жасанды ҚТ тудыру үшін арналған аппарат)

  2. Қазіргі қысқа тұйықтағыштарда іске қосу уақыты? (0,12 – 0,25с)

  3. Жабық күйдегі бөлгіштер деп... (Элегаздық толтырушысымен күштік трансформаторларды магниттеуге арналған)

  4. Бөлгіш ажыратқыш дегеніміз не? (сыртқы жағынан ерекшеленбейді, бірақ онда өшіру үшін серіппелік жетегі бар)

  5. Қысқа тұйықтағыш контактік камерасы? (90мм ажырауы бар және фарфорлық корпустан жіне тік орналасқан электродтардан тұрады )

  6. Қысқа тұйықтағыш полюсі қандай түрде болады?

  7. Серіппелі жетек қандай қызмет атқарады?

  8. Электр аппараттары неше түрі бар?

  9. Токты шектеуіш аппараттарды атаңыз?

  10. Бөлгішті қалай қосады?

  1. «Сәйкестендіру тесті» 5минут.

1.Жоғары кернеулі ажыратқыштар дегеніміз не?


1.Реакторлар

2.Токты шектеуіш аппарат....


2.доға

3.Контактілерді ажыратқанда ..... пайда болады


3.Электр қондырғыларындағы негізгі коммутациялық аппаратты айтамыз

4.1000 В жоғары кернеулі аппараттарға....


4.кернеу трансформаторлары, ток трансформаторлары

5.Өлшеуіш аппаратына жататындар...


5.Қысқа тұйықтағыш, бөлгіш

1 – 3, 2 – 1, 3 – 2, 4 – 5, 5 - 3

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: 3минут

Электр энергетикада қолданылатын аппараттар негізінен екі топқа бөлінеді: біріншісі – 1000 В жоғары кернеулі электр аппараттары,екіншісі – 1000В тқменгі кернеулі электр аппараттары.Оларға қысқа тұйықтағыштар, балқыма сақтандырғыштар, бөлгіштер жатады.

ІV. Жаңа сабақ: 30 минут

Төменгі кернеулі электр аппараттарына мыналар жатады:

  • Автоматты ажыратқыштар

  • Ауыстырып қосқыштар

  • Қиғыштар (рубильниктер)

  • Түйістіргіштер (контакторлар)

  • Магниттік қосқыштар

  • Балқыма сақтандырғыштар

  • Релелік аппараттар

Автоматты ажыратқыштар - тізбекті әртүрлі қалыпсыз жағдайлардан қосып, ажырату үшін қолданылады. Қалыпсыз жағдайларда олар тізбекті дер кезінде сөндіріп, ажыратуы тиіс. Қалыпсыз жағдайларға қысқа тұйықталу, асқын жүктеме жатады.
Автоматты ажыратқыштар негізінен жұмыс тоғына, конструктивті орналасуына, климаттық жағдайларына және қысқа тұйықталу тоғына байланысты классификацияланады.
1000В – қа дейінгі төменгі кернеулі, электр қондырғысында рубильниктер электр тізбегін автоматсыз (қолмен) қосуға және электр тізбегін бөліп тастауға, ал сақтандырғыштар – қондырғыларды қысқа тұйықталатын токтан қорғауға арналған. Кейбір жағдайда сақтандырғыштар максималь токты автоматты алмастырады да, электр қондырғыларын қорғауға жақсарта түседі, әрі пайдалануын онайлатады.

Магниттік қосқыштар әртүрлі электр машиналарын, электрқыздыру, жарықтандырғыш және т.б. қондырғыларын дистанционды түрде қосып, ажырату үшін арналған. Олар негізгі контактілерден тұрады: басты (күштік) және көмекші (блоктаушы). Олар электромагниттік жүйенің жылжымалы якорінде бекітіледі. Электромагнитті жүйе өз кезегінде айнымалы немесе тұрақты тоқпен қоректенетін шырғыдан және қозғалмасы якорьден тұрады.

Магнитті қосқыштардың жылу релелеріне тоқталатын болсақ, олар электр қозғалтқыштарын қысқа мерзімді асқын жүктемеден қорғауға арналған. Олардың басты қадағалаушы бөлігі ретінде биметаллды пластина болып табылады. Аталған пластина әртүрлі температуралық ұлғаюымен бір-бірімен дәнекерленіп, жабыстырылған металлдардан тұрады.

QF – автоматтық ажыратқыш

FA – Балқымалы сақтандырғыш

KM – Магниттік қосқыш

KK – Жылулық реле

M - Электрқозғалтқыш

SB – Басқару батырмасы

Қиғыштар немесе рубильниктерге тоқталатын болсақ, оларды 0,4 кВ-тық жүйеде тізбекті энергия көзінен ажырату (бөлу) үшін қолданады. Олар негізінен автоматты ажыратқыш немесе контакторлердің алдында орналасады. Олармен тізбекті автоматты ажыратқыш пен контакторлар ажыраған соң өшіру керек немесе тізбекті тоқсыз режимде ажыратуға рұқсат етіледі. Ажырату негізінен қолмен жүзеге асырылады, кейбір жағдайларда арнайы жетек арқылы ажыратуға болады. Олар бір, екі, үш полюсті болып жасалады. Айнымалы үш фазалы жүйеде 3 полюсті, бір фазалы жүйеде-1 полюсті. Тұрақты тоқ жүйелерінде 2 полюсті болып жасалынады.

Автоматты ажыратқыштар мен түйістіргіштер бір-бірімен жұмыс жасау принциптері бойынша ұқсас келеді, ал құрылысы жағынан түйістіргіштер (контакторлар) қарапайымдау, ашық түрде жасалынады. Ал қиғыштар болса құрылысы жағынан ол екеуінен де қарапайым болып келеді.

Балқыма сақтандырғыштар – коммутациялық аппарат. Бұл аппарат тізбекке тізбектей қосылады да электр жабдықтарды, аппараттарды және ток өткізгіштерді асқын токтан немесе қысқа тұйықталу тоғымен қорғайды.

Балқыма сақтандырғыштарды топқа бөлгенде оның негізіне, балқыма сақтандырғыштарды құрылысындағы, доғаны сөндіретін құрылғылардың түрі салынады. Айталық: бинипласт, т.с.т.б. таза құммен (кварц) толтырылатын сақтандырғыштар.

Кейінгі уақытта ашық тарату құрылғыларында (АТҚ-ОРУ) ПВТ типті балқыма сақтандырғыштары қолданылады.

Балқыма сақтандырғыштардың құндылығы: құрылғысы қарапайым; қысқа тұйықталу тоғы пайда болғанда тізбекті өте тез ажыратады; балқыма сақтандырғыштардың кейбір түрлері (типтері) қысқа түйықталу тоғын шектейді.

Кемшіліктері: тоқтың өзгеруіне сезімталдығы аз; тізбекті іріктеп ажырату тек қана радиалдық желіде болуы мүмкін; тізбек ажыратылғаннан кейін, оны қайтадан автоматты түрде қоспайды; тізбекті ажыратқаннан кейін, онда асқын кернеу пайда болуы мүмкін; бір фазаның балқыма енгіргісі істен шыққанда, қалған екі фаза қиғаштанады (прекос фазы). Ол ақырынджа үлкен апатқа соқтыруы мүмкін.

Балқыма сақтандырғыштарды таңдап алу тәртібі:

Uном≥Iқонд ; Іном≥Iнорм ; Іном≥Imax ; Іпо≤Iажыр

Сонымен қатар балқыма сақтандырғыштар құрылысына және орнатылатын қондырғының түріне байланысты таңдап алынады.



V. Сергіту сәті: 5 минут.Монтаж жұмыстары жүргізіледі.

  1. «Сиқырлы кубик» ойыны 5минут. (Оқушылар кубикті таңдап, жасырылған сұрақтарға жауап береді)

VI. 1.Есептер шығару (әр топқа карточқа арқылы есептер беремін): 15минут

  1. Егер E1= 100В, Е2= 40В, R1 = 10 Ом, R2 = 20 Ом, R3 = 100 Ом, R4 = 40 Ом, R5 = 30 Ом, r 01 = r 02 = 0 болса, сызбаның тармақтарындағы токтарды анықтаңыздар.

  2. Қоректендіру көзінің қыспақтарындағы кернеу U1=230В.Көзден 120м қашықтықта қуаты P2=5кВт қабылдағыш қосылған.Желідегі рұқсат етілген кернеу шығыны ∆U= 10В. Желідегі мыс сымдардың қималарын анықтау керек.

  3. Кернеуі U= 218В торапқа тоғы I= 2.75 A қыздырғыш аспап қосылған.Аспаптың қуатын және үш сағат бойы аспаптың жұмсаған энергиясының құнын анықтаңыздар.1кВт*сағ электр энергиясының құны 8 теңге болсын.

  4. ЭҚК – тері Е1=25В және Е2=200В екі қоректендіру көзі сыртқы тізбекке жұмыс істейді.Егер R1=10 Ом, R2= 10 Ом, R3= 20 Ом болса, тармақтардағы токтарды анықтаңыздар.

  5. Кернеуі U=200В қоректендіру көзіне үш тізбектеп жалғанған телім қосылған.Телімдердің кедергілері: r1=3Ом, r2=4 Ом, r3=5 Ом, Xc1= 3 Ом, Xc2=4 Ом, Xc3= 15 Ом

VII. Жаңа тақырыпты пысықтау: ( Слайд арқылы тест орындау) 5минут

Тест сұрақтары

1.Айырғыштар электр тізбегінде не үшін арналады?

  1. қосуға және бөліп тастауға

  2. ажыратуға

  3. тұйықталуға

  4. өлшеуге

2.Ажыратқыш аппараттарға не жатады?

  1. бір полюсті автоматтар

  2. реакторлар

  3. рубильниктер, ауа автоматтары, контракторлар, магниттік қосқыштар

  4. майлы ажыратқыштар

3.Қысқа тұйықталған ток шамасын шектейтін аппараттарға не жатады?

  1. сақтандырғыштар

  2. үлкен көлемді майлы ажыратқыштар

  3. разрядниктер

  4. реакторлар

4.Кернеуі 1000 В жоғары қондырғыларныда қолданылатын электр аппараттары

  1. агрегаттық

  2. коммутациялық, өлшеуіш, токты шектеуші аппараттар

  3. физикалық

  4. химиялық

5.Қысқа тұйықталған тізбекті ажыратқанда қосымша күштің ажыратқышын қолдану үшін нені қолданылуға болады?

  1. разрядникті

  2. кварцті сақтандырғышты

  3. реакторды

  4. реленді

6.Кернеуі 110 немесе 220 кВ қондырғыларда ажыратқыштың түрі

  1. ВМТ

  2. ВМПЭ

  3. ВМГ

  4. ВГМ

7.Тізбекті кез келген режимде ажырататын коммутациялық аппаратқа жататын

  1. қысқа тұйықтағыш

  2. айырғыш

  3. ажыратқыш

  4. бөлектеуіш

8.Жоғары кернеулі ажыратқыштар неше түрі болады?

  1. 15

  2. 10

  3. 9

  4. 18

9.Барлық жоғары вольтты ажыратқыштарды екі негізгі топқа бөлуге болады

  1. майлы және майсыз ажыратқыштар

  2. автоматтық ажыратқыштар

  3. рубильниктер мен қосқыштар

  4. разрядниктер мен реакторлар

10.Шағын көлемді майлы ажыратқыштарды қандай кернеу құрылғыларда орнатады?

  1. 35 кВ

  2. 110 кВ

  3. 220 кВ

  4. 20 кВ-ка дейін


1 – a ,2 – c ,3 – d ,4 – b, 5 – b, 6 – a ,7 – c ,8 – c ,9 – a, 10 – d.

VIII. Бағалау: (топтарды жинаған стикерлері бойынша, белсенділігі бойынша бағалаймын) 2минут

IХ. Үй тапсырмасын беру: 1минут

Үйге: 1000В төменгі кернеулі аппараттар жайлы толықтыру.

Әдебиеттер: Т.К.Койшиев, К.Ж.Койшибаева «Электр энергетика» 199 бет.

І-топ:Автоматты ажыратқыштар

ІІ-топ: Магниттік қосқыштар

ІІІ-топ: Балқымалы сақтандырғыштар



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ