400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ:Сауат ашу негіздері " Щ" әріпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушыларға әріптерді толықтай түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай тағылымы тәрбие үрдісінде

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Бұл мейрамды бүкіл ел болып атап өтіп жатырмыз.Абай өлеңдерін оқудан түрлі челлендждер, түрлі сайыстар мен әдеби-сазды кештер жер-жерлерде өтуде.
Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында « Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде баға­ланды.»-деп Абай мұрасының ХХІ ғасырдағы маңыздылығын ерекшелей түсті.Бүгінде қай мамандық иесі болмасын Абаймен сырласпайтын, Абаймен сусындап, оны үлгі тұтпайтын адам кем де кем...

Абай туындылары бүгінде біздер, ұстаздар үшін, ұлттық тәлім - тәрбиенің негізгі оқулығы рөлін атқаруда.  Абай білімі терең болғандықтан, оның шығармаларында дүние, өмір, тіршіліктің мағынасы, қоғам мен заман,болашақ туралы толғаған ойлары да аса терең.Ендеше осы тереңдікті оқушыларға ұғындыру ұстаздан талай дүниені талап етеді.Абай - мәңгілік тақырып. Әр ұрпақ Абайды өзінше танып, өзінше оқып, өзінше танытады. Дәл қазіргі уақытта рухы мықты ұрпақ тәрбиесі үшін Абай құдіреті қажет болып отыр. Әр адам баласы Абай әлеміне үңіліп, Абайға бет бұрғаны дұрыс. Әрбір азамат Абай қарасөздерін өзінің дұрыс жолға салар бағдаршамындай көруі керек. Себебі дана Абайдың айтқан әрбір сөзі саналы адамның көкірегіне ой салып, адамшылық жолға тәрбиелейтін өсиеттен тұрады. Ұрпақты Абай үлгісінде тәрбиелеу – ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол.Абай мұрасы - Адамды адам етіп тәрбиелеудің, жан - жақты дамыған зияткер тұлға қалыптастырудың қайнары. Ақынның толық адам туралы айтқандары – жас өскінді адамды сүю, құрметтеу, елжандылық, биік адамгершілікке бастайтын жол. Сондай – ақ, әлемдік деңгейдегі білім талаптарына қол созып қана қоймай, соның ұшар басынан көріне білу - бүгінгі таңдағы ұлттық болмысымыздың, адами мақсат- міндеттеріміздің бұлтартпас бағыт, бағдары.«Рухы күшті, дені сау, білімді ұрпақ - ел келешегі, келбеті», - деген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сөзінің мәні ерекше. Тәрбие тал бесіктен бастау алып, шеберлікпен, бірізділікпен алтын - ұя мектепте ұштасып жатса, нәтижелі болары даусыз. Бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне өте қажетті мәселені көтеріп отырған Абай тағылымы арқылы оқушылардың бойына ізгіліктің, адамгершіліктің рухани нәрлі дәнін егуді басты мақсат етіп алған ұстаздардың тәрбие құралы деуге болады. Ұлы дана мұрасы білім, ғылымның ғана көзі емес, оның тағылымы - тәрбиенің де қайнар бұлағы. Мына өтпелі дәуірдің кейбір келеңсіз жағдайларының жас ұрпақтың аман алып қалудың да бірден - бір емі - Абайға жүгіну, Абайға үңілу дер едім.Елбасымыз Н. Назарбаев халыққа жолдауында: «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз»,- деді. Бұл аталы сөздің терең мәніне үңілсек, ұлылар үлгісі арқылы жас ұрпақты тәрбиелеп, Егемен еліміздің ілгері дамыту мәселесі де алдыға шығатыны сөзсіз. Ұлы дананың қай еңбегін оқымайық, ол ақыл - нақылға, тағылымға толы. Әсіресе, қазір күн тәртібінде жан - жақты дамыған тұлға қалыптастыру мәселесі тұрғанда оны жүзеге асырудың бір жолы ретінде Абай мұрасына бет бұрыс жасау өте құптарлық іс болғандығына қуаныштымын.Жаһанда қазақ ұлты,Қазақстан мемлекеті барда - Абай мұрасы да мәңгі жасайтынынына сенімім мол. Себебі, біздер- ұстаздар келер ұрпақты тек білім нәрімен сусындатып қана қоймай, Абай өлеңдерін сүйіп оқу мен қара сөздерін өмірлік қағида етулеріне барымызды саларымыз хақ.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
416
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі