Материалдар / Ашық сабақ.Сауат ашу негіздері.Аа дыбысы мен әріпі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ.Сауат ашу негіздері.Аа дыбысы мен әріпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға «А» дыбысы туралы түсінік беру; сөздердегі «а» дыбысын тауып белгілеуге және басталатын сөздерді атауға үйрету; тапсырманы дұрыс орынату сәйкестігін және тәрбиешіні тыңдай білу дағдыларын дамыту; Тапсырманы орындау кезінде бір-біріне көмек беруге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2021
372
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметі

9 «Тамшылар» мектепалды даярлық тобы

Күні: 2.09.2019 ж.

«Коммуникация» білім саласы

ҰОҚ: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: А а дыбысы және әрпі

Мақсаты: Балаларға «А» дыбысы туралы түсінік беру; сөздердегі «а» дыбысын тауып белгілеуге және басталатын сөздерді атауға үйрету; тапсырманы дұрыс орынату сәйкестігін және тәрбиешіні тыңдай білу дағдыларын дамыту; Тапсырманы орындау кезінде бір-біріне көмек беруге тәрбиелеу.

Құралдар: Коврограф Воскобовича, жемістердің суреттері (алма, алмұрт, апельсин, анар, шие, банан, алша); палочки Кюизенера; мозайка; «А» әріп таңбасы. «Ана»,

І. Қозғаушы- мотивациялық кезең.

Шаттық шеңбер: «Біз көңілді баламыз»

Күнмен бірге оянамыз,

Құстарменен ән саламыз.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Дейміз біз, күлімдейміз.

Мен, мен, мен ақылды баламын,

Мен сүйкімді баламын.

Менде достар көп, мен досымды жақсы көремін.

ІІ. Ұйымдастырылған – іздеу кезең.

-Балалар, бүгін біз «А» дыбысымен танысамыз.

Ойын: «Қандай дыбыстан басталып тұр?»

- Балалар, мен сендерге сөздер айтамын, ал сендер қандай дыбыстан басталып тұрғанын анықтап айтыңдар. Астана, ата, Алматы, Асан, Ақтөбе, Ақмола. Қандай дыбыстан басталып тұр?

Балалар жауабы: «А» дыбысынан басталып тұр.

-Дұрыс айтасыңдар балалар, «А» дыбысынан басталып тұр. Ал, енді үш дауыс ырғағында айтып көрейік.

Қатты дауыста.

Жай дауыста.

Созып әндетіп айтайық.

-Ал, енді сендер маған сөздерді ойлап айтыңдар.

Түсіндіру: Әрбір дыбыстың өзіне тән әрібі болады. Сондай – ақ «А» дыбысының мынау «А» әріпі.

-«А» әріпі қандай түсте берілген?

Балалар жауабы: «А» әріпі қызыл түсті.

-Себебі, «А» дыбысы дауысты дыбыс, сондықтан қызыл түсті. «А» дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі.

-«А» әріпі неге ұқсайды?

-Қандай затқа ұқсайды?

Ойын: «Пазлы»

Сендердің алдарында сиқырлы қалташа тұр. Қалташаны ашып, мозайканы құрастырындар.

-Балалар, қандай әріп пайда болды?

-«А» дыбысынан басталатын сөздерді атаңдар.

Балалар жауабы: «А» әріпін құрастырыдық.

Сергіту сәті:

«А» дегенің ана,

Жақсы көрер бала.

А-на, аға, а-та,

Тек сен ал-ға!

Тапсырма: «Ойна, ойлан, тап»

Тапсырма барысы: берілген суреттерден «А» дыбысының орнын тауып белгілеу керек.

Ат, бас, ора.

Тапсырма: Кюизенера таяқшаларымен «А» әріпін құрастырындар. Үлкен таяқшалармен үлкен «А» әріпін, ал қысқа таяқшаларымен кіші «А» әріпін құрастырындар. «А» әріпі қанша таяқшадан құрастырылған?

Балалардың жауабы: А әріпі үш таяқтан құрастыруға болады.

«Жемістерді себетке сал»

Коврограф Воскобовича суреттерді мұқият қарап, «А» дыбысынан басталатын жемістерді себетке салыңдар.

-Неге шиені себетке салмадыңдар?

Балалар жауабы: - Себебі, шие «А» дыбысынан басталмайды.

ІІІ. Рефлексиялық –коррегиялық кезең.

Дұрас, балалар бүгін біз қандай әріппен, дыбыспен таныстық?

Балалар жауабы: - «А» дыбысы мен әріпімен таныстық.

-Сендер не ұнады?

Балалардың жауаптары.

-Балалар, мағанда сендердің тапсырма орындағандарын ұнады. Рахмет!





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!