400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ.Сөз тіркесі.4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөз тіркесі туралы білім беру.Тапсырмаларды дұрыс орындау арқылы сауатты болуға баулу.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы

Сөз тіркесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Сөз тіркестерінің сөз таптарынан болатынын, сөз бен сөз тіркестерінің айырмашылығын біледі.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, тәртіптілікке, өзгенің пікірін тыңдай білуге, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, математика

АКТ қолдану дағдылары

Бейнежазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Сөз тіркесі – словосочетание – collocation (колокейшн)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Қазақ тілім бал тілім

Өзің барда шалқыдым

Тілмен бірге самалмын

Тіліме кім тағар мін


Топқа бөлу

1-топ:зат есім

2-топ:сын есім

3-топ:сан есім







Сабақтың ортасы

15 минут



Білу және түсіну

Алма суреті көрсетіледі. Балалардан суреттен не көріп тұрғандары сұралады.

  • Ту.

  • Көк ту.

  • Осы екі жауапты салыстырайық: ту – көк ту

  • Біріншісі сөз- ту екенін айтып тұр, ал екіншісі - сөз тіркесі, өйткені толық мағыналы екі сөзден- көк және ту сөздерінен құралған.

Оқулықпен жұмыс

9 - жаттығу. (ауызша)

Әр топтан бір оқушы шығып сөз бен сөз тіркесін салыстырып, қалай ажыратуға болатынын айтады.

Оқылым

10-жаттығу (ауызша)

Оқушылар кезекпен тұрып сөз тіркесінің мағынасын түсіндіреді.

Мыс: ашық аспан сөз тіркесінің екінші сыңары аспан негізгі мағынаны білдіреді және не? деген сұраққа жауап беріп, зат есім болып тұр, ал ашық сөзі аспанның бұлтсыз екенін анықтап, қандай? деген сұраққа жауап беріп, сын есім болып тұр.

Ереже

  • Демек, балалар, сөз тіркесі екі түрлі сөз табынан немесе зат есім + зат есім арқылы жасалады екен.


Тілдік құзіреттілік

Сөз тіркесі – словосочетание – collocation (колокейшн)


Қолдану

Жазылым

11-жаттығу ( ұжымдық жұмыс)


Берілген сөздермен сөз тіркесін құрап, тақтаға жазады.

Үлгі: үй – жылы үй.

12-жаттығу ( топтық жұмыс)

Әр қатарды осыған ұқсас сөз тіркестерімен толықтырып жазу.

13-жаттығу (жеке жұмыс)

Ел есігін ( зат есім + зат есім)

Есігін ашады ( зат есім + етістік)

Шанамен жарысып (зат есім + етістік)


Алма суреті





Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

















Оқулық, дәптерлер.

Сергіту сәті

1 минут

Көзді жұмып азғана отыру қажет

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы

10 минут



Талдау

Шығармашылық жұмыс

1-топ: суретке қарап, сөз тіркестерін табу.

2-топ: берілген сөздерден сөз тіркесін жасап, екінші сыңарын тауып жазу.

3-топ: Мақалдардың жалғасын табады,

мақал ішіндегі сөз тіркестерін тауып

айтады. 

Отансыз адам - ..... (ормансыз бұлбұл)

Ел іші - ....... ( алтын бесік)

Туған жердің күні де ыстық, ....... ( түні де ыстық)

Ойын «Кім жылдам?»

Ойын шарты: слайдта суреттер көрсетіледі, қай топтың оқушысы жылдам суретке қатысты сөз тіркесін айтып, оның қандай сөз табынан болғанын айтса, сол топқа көп ұпай беріледі.


Сурет, ватман, түрлі түсті маркерлер




Сабақтың соңы

11 минут


Жинақтау

1-топ: Венн диаграммасы. Сөз бен сөз тіркесін салыстырады.

2 –топ: Топтастыру. Сөз тіркесі туралы не білгендерін айтады.

3-топ: Семантикалық карта.


Рефлексия

«Даналық ағашы»


Бағалау

Қай топ теңгені көп жинаған болса, сол топ жеңген болып саналады.

15 қараша – ұлттық валюта – теңгенің айналымға түскен күні.

Сурет, ватман, түрлі түсті маркерлер, семантикалық карта,


Қолдың суреттері, монеталар


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Әр оқушыны смайлик арқылы бағалау.

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы 
АКТ 
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар қолдың суретіне бүгінгі сабақтан алған әсерін жазады

( ұнады, көп нәрсені үйрендім, сөз тіркесі туралы көп мағлұмат алдым, т.б.)


Дүниетану, математика ,

Таныстырылым

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
769
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі