Тақырыбы:
Спорт – денсаулық кепілі
Мақсаты:
балаларды бір ортақ мақсатты жұмыла
бірігуге , ұйымшылдыққа баулып,
қимыл-әрекетке жаттықтыру. Салауатты
өмір салтын насихаттауға және спортпен
шұғылданып тұруға шақыру. Сымбаттылыққа
, шымыр болуға және ептілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын
құралдар: кішкене доптар, шелектер,
әуе шарлары, кубиктер, таяқшалар,
шығыршықтар, кеглилар.
Жүру
барысы:
Сәлеметсіздер ме құрметті ата- аналар,
балабақша қызметкерлері, бүлдіршіндер.
Бүгінгі өткелі тұрған «Спорт- денсаулық
кепілі» атты спорттық эстафеталық
жарысымызға қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Спорт – көркі өмірдің ,
Спорт
– досың серігің ,
Жаттықсаң
шымыр боларсың
Шынығып
өсіп , толарсың
Ендеше
жарысымызды бастамас бұрын әділ-қазы
алқасын таныстырып өтейін:
1.Балабақша
меңгерушісі : Г.М. Тойшибекова
2.Балабақша
әдіскері:
3.Балабақша
медбикесі:
Ендігі
кезекте жарысқа қатысушы «Жалан» тобы
мен «Жұлдыз» тобын ортаға шақырамыз.
Қол соғып қошеметпен ортамызға шақырайық.
Жарысымыздың
кезеңдерімен таныстырып өтелік:
«Көңілді
әуе шарлар» ойыны
«Кім
ұқыпты» ойыны
«Доп
жалғастыру» ойыны
«Күлімде,
Күн» ойыны
«
Кенгуру» ойын
«Кім
епті» ойыны
Балалар
екі қатарлас топ бір-бірлеріңе
сәлемдемелеріңді жолдаңдар.
Біз
спортпен біргеміз
Біз
спортты сүйеміз,
Спорт
– денсаулық
Спорт-ойын!
Сайысымызды
бастаймыз.
Жүргізуші:
Ал,
келіңдер, келіңдер,
Мұндағы
қызықты көріңдер
Бір-бірне
дес бермес,
Мықтыларды
көріңдер.
1-ші
кезең: «Көңілді әуе шарлар» ойыны
Шарты:
әуе шарларын қолымызға ұстап, кедергілер
арасынан өтіп, межені айналып, қайтарда
жүгіріп келу.
2-ші
кезең: «Кім ұқыпты»
Шарты:
Тенис таяқшасына шарикті салып кедергілер
арасымен жүгіріп межені айналып жүгіріп
қайту.
3-ші
кезең: «Доп жалғастыру»
Шарты:
Әр топ бір қатарда бір-бірінің артынан
тұрып, допты бастан асырып беріп, соңғы
бала допты аяқ арасыынан өткізіп алға
қарай береді . Ойын осылайша 3 рет
жалғасады.
4-ші
кезең: «Күлімде , Күн»
Шарты:
Топтың бірінші ойыншысы кедергілер
арасымен өтіп, еденде жатқан шығыршықтың
шетіндегі таяқшалармен «күн» құрастырады
,кезекті келесі ойыншыға береді.
5-ші
кезең: «Кенгуру»
Шарты:
Шығыршықтан-шығыршыққа секіріп,
қолындағы допты себетке лақтырып
түсіріп, жүгіріп қайтады.
6-шы
кезең: «Кім епті»
Шарты:
Кедергілер арасымен шығыршықты беліне
салып жүгіріп межені айналып , тура
жүгіріп келіп кезекті келесі балаға
береді.
Жүргізуші:
Жарыс
заңы ежелден
Жеңімпазды
анықтау
Жеңімпаз
болу шарты сол
Еңбектену,
жалықпау
Біреу
озса, сайыста
Біреу
– артта қалады
Жеңілгендер
ренжімей,
Тараса
бізге жарады.