Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ:Сүт өнімдерінің пайдасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сүт өнімдерінің пайдасы туралы толық мәлімет беріледі.Теориялық білімге де тапсырмалар беріледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы :

Дұрыс тамақтану бөлімі

Пәні: қазақ тілі

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:


Күні: 28.02

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

«Сүт өнімдерінің пайдасы»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.О.3.Мәтіннің мазмұнын түсіну,ұсынылған ақпарат бойынша көзқарасты таныта білу

7ӘТН4.1. Одағай түрлерін ажырату


Сабақтың мақсаттары


Мәтіннің мазмұнын ұсынылған ақпарат бойынша түсінеді,одағай түрлерін ажыратады.Мәтін мазмұнындағы факті мен көзқарасты дәлелдейді, одағай түрлерін анықтайды.Мәтін негізгі идеяға сәйкес ой қорытады, одағайға тән ерекшеліктерін өздігінен анықтайды


Бағалау критерийі

-мәтін мазмұнын түсінеді;

-көзқарасты ажыратады;

- одағай түрлерін біледі;


Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Мұғалімнің көмегімен оқушылар бірқатар сұрақтарға жауап береді

ақпаратты қосымша мәліметпен салыстыру барысында жұптасып, топтасып, жеке жұмыс атқарады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ағза,дәрумендер,лактоза,дисбактериоз,инфекция


Диалог құруға,ойын жазуға арналған пайдалы тіркестер: Айранның құрамы,пайдалы тағам,сүт өнімдері


Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Неліктен айранның адам ағзасына пайдасы зор?

2.Айран құрамындағы дәрумендер адам саулығын қамтамасыз ете ала ма?


Құндылықтарға баулу

Тарихтың мәдениет пен тілдің біртұтастығы (6-құндылық)

Жауапкершілік, белсенді ұстаным таныту және өз елінің дамуына үлес қосу

Пәнаралық байланыс

Химия,әдебиет

Алдыңғы оқу

«Ой қозғау» әдісімен алдыңғы білімдерін ескере отырып,жаңа сабақпен байланыстыру.

Сабақ барысы


Жоспарланған уақыт

Сабақтың жоспары

Ресурстар


Сабақтың басы















Сүт өнімдерін көрсете отырып,тапсырмалар орындатуға көшу:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, психологиялық жағымды ахуал туғызу- 2 минут

«Көрінбейтін сыйлық» әдісін сабаққа қызығушылықтарын арттыру үшін қолданамын..

Топқа алдын ала бөліп отырғызамын.(сабақ үлгерімі ерекшелігіне қарай)

Айран, сүт тобы


Үй тапсырмасы, өткенге шолуды «сүйікті асты таңда» әдісімен ауызша сұраққа жауап беру арқылы сұраймын. -5 минут




Жаңа сабақтың тақырыбы:

Мақсаты:ортаға айтылып,таныстырылады.

Сабақ Блум жүйесімен өтеді.

Сабақ бойында бағалау «Бір тостаған айран» әдісімен бағаланып отырылады. Ол үшін әр оқушының алдына тостағандағы сүт және оның көлемін анықтау шкаласы беріледі.

1-тапсырма. «Білу және түсіну» сатысынан өту үшін Топтық жұмыс -дәптерлеріне жазып,оқиды.

Мәтінді оқып,мазмұны бойынша негізгі екі фактіні анықтаңдар.

«Айранның пайдасы» мәтіні

Бұл тапсырмада «Идеялар аллеясы» стратегиясы бойынша орындалады.Мәтіндегі негізгі деп тапқан идеяны 2 ғана сөйлеммен жеткізеді.Бұл оқушыны мәтіндегі негізгі фактіні дәл таба білуге үйретеді.

1топқа -Айранның ауруға қарсы тұру қабілеті..

2топқа -Құрамындағы дәрумендерінің пайдасы.

9 минут


Дескриптор:

1.Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

2.Ұсынылған мәтін бойынша негізгі екі идеяны айтады.


Қ/Б: Мәтіндегі түйінді идеяны дұрыс анықтаған топ мүшелері «Бір тостаған сүт» әдісі бойынша бағаланады. Бұл бағалау өздерін келесі тапсырмаларды орындауға ынталандырады.


2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Блум таксономиясының қолдану сатысы «Жұптық әңгіме» әдісімен Мәтін бойынша өз көзқарастарын жазып,құнды пікірмен аяқтайды.

Сүт-ағзаның дамуын ұзақ уақыт бойы қамтамасыз ететін құнарлы табиғи азық. Адам сүтті нанмен қатар бес жылдан аса уақыт бойы тұтынып келеді.Академик И.П.Павлов сүтті «табиғаттың өзі дайындаған тағам» деп атады.Себебі ...........

«Жұптық әңгіме»тәсілі арқылы білім алушылардың тапсырманы тыңғылықты орындауға,өзіндік көзқарасын дәлелді талқылауға арналған белсенді тәсіл.

Дескриптор:

-мәтін желісін түсінеді

-өзіндік пікірді екі сөйлеммен жазады.

Қ/Б: Мәтінді құнды пікірмен аяқтаған жұпты «тостағандағы сүт әдісі» арқылы бағалау

7 минут

3-тапсырма.

Талдау сатысы бойынша

Берілген сөйлемдерді оқытамын,кейбір түрлі көңіл күйді білдіретін сөздерді атап айтқызамын:


- Қап, сүттің ашып кеткені-ай!

- Шіркін, қазір әжемнің құрты болса ғой!

- Түһ! Сүтті ұйытуды ұмытыппын.

- Тәйт! Ақты төгуге бола ма екен?

- Мәссаған, қымыздың бағасы қымбаттап кетіпті.

- Көс-көс, жануарым! Өркешіңнен айналдым!


ӘТН-сын оқушыға өздігінен меңгерту мақсатында алдымен сөйлемдерді ұсынамын.

Бұл «Қағып ал» әдісімен допты қағып алу арқылы орындалады,яғни оқушы қалаған сөйлемін оқып,мағынасын түсіндіреді.


Оқушы сөйлемдердің өкіну,тамсану,мақсатында айтылғанын түсінедіреді.Бұдан одағай сөздердің адамның көңіл-күйіне байланысты айтылатын сөздердің одағай болатынын ешбір ережесіз

анықтай алады.


Дескриптор

- одағайдың ережесін құрайды.

-одағай сөздерді өзіндік ерекшелігін анықтайды

Қалыптастырушы бағалау:одағай емлесін өздігінен анықтаған оқушыны « Жарайсың!»

деген одағай сөзімен ауызша бағалаймын. 10 минут


5- тапсырма Жинақтау сатысында

Жеке жұмыс

Өлең жолдарын пайдаланып, қымыздың дәміне сүйсінгенде немес ашырқанғанда қолданылатын одағайларды қолдана отырып,сөйлем құрау.

Биенің сүті сары бал –
Қымыздан асқан дəм бар ма?!
(Ақтамберді жырау)
Үйірілген сары алтындай сары қымыз,
Ауруға – ем, сауға – қуат дәрі қымыз.
Елімнің баяғыдан сүйген асы,
Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз?
(Жамбыл Жабаев)

7 минут


Бағалау сатысында: Кері байланыс:

«Сүт өнімін таңда»әдісімен алынады.

Бұнда құрттың суреті: бәрін түсіндім;

Сүттің суреті:әлі жетілдіремін;

Айранның суреті: сабақ ұнады

стикер жабыстырады.

«Күтпеген сыйлық» сабақтың соңында ашылып,таратылады.

Бағалауды қорытындылау. 3 минут

































































































Сабақтың соңы

Үйге тапсырма: 5-тапсырма
Қуануға, қорқуға, ренжуге байланысты жағдаят ойластырып, одағайлардың қатысуымен диалог жазып келу.
2минут









Атырау облысы,Құрманғазы ауданы

Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі








Ашық сабақ



Тақырыбы: Сүт өнімдерінің пайдасы.


Сынып: 7 «Б»









Өткізген: Г.Н.Нугманова

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Зерттеуші -педагог








2023-2024 оқу жылы


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2025
189
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12