400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ:Су .Судың қасиеті 2 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маман ұстаздарға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы









Shape1





Тақырыбы: Су.Судың қасиеті.




Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 2 «А»



Дайындаған: Н.Наурызбаева







Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру. Практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйрету.
Дамытушылығы:
Оқушылардың өз ойларын жуйелі түрде баяндауын, түсініп оқуын, ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі:
Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, жарты шарлар картасы, үнтаспа, тәжірибеге қажетті заттар.
Сабақтың типі:
Жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі:
Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру, сызба, топпен жұмыс, практикалық жұмыс, тест.
Пәнаралық байланыс:
Әдебиеттік оқу
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
психологиялық дайындық
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Топпен жұмыс.
І топ.
1. Ауа туралы не білеміз?
ІІ топ.
2. Ауаның қандай қасиеттері бар?
ІІІ топ.
3. Ауаның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай?
ІІ бөлім.
Не көрдік?Не білдік?Бұл бөлімде өткен сабақтарда ауаның қасиеттеріне жасалған тәжірибелерді еске түсіреміз.
Ауаның қасиеттері:
мөлдір, түссіз, салмағы жоқ, пішіні иісі жоқ, сығылады, серпіледі, жылы, салқын, ыссы, суық ауалар. Ауасыз от жанбайды.
Ауаның құрамын сұрау. (азот, көмірқышқыл газы, оттегі және басқа газдар)
Ауа – газдардың қоспасы.

Ауаның ластану себептерін анықтау:
( түрлі қалдықтар, улы газдар, түтіндер, радиация, ормандағы ағаштарды кесу, орман-тоғайлардың өртенуі т. б)
Таза ауаны сақтап қалу үщін не істеу керек?
Завод фабрикалардың суреттерімен жұмыс жүргізу.
3 топтан бір-бір оқушы өз ойларын ортаға салады.

Жаңа сабақ: Су. Судың қасиеті

Су туралы жұмбақтар шешу.


1.Аяғы жоқ жорғалайды, жүреді,
Аузы да жоқ сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ
Айтыңдаршы осыны кім біледі? (су)

2.
Көзге көрінбейді
Қолға ілінбейді (ауа)

3.
Көзге көрінгенмен
Ұстасақ қолға ілінбейді. (бу )



Picture 4 Үнтаспадан Е. Өтетілеуұлының “Су“ атты өлеңін тыңдау.

Су – тіршілік негізі
Онсыз өмір сүрмейсің
Гигиена егізі
Су деп және білгейсің

Су – табиғат байлығы
Өзен-көлге барғайсың
Кемі екі рет әр күні
Суға түсіп тұрғайсың.

Үйде ванна, душ болса
Салқын сумен құйынғын
Ыстық сумен шомылсаң
Суық сумен жуынғын
Су сергітер бойыңды
Онымен дос болғайсың
Судан кейін сен енді
Ісіңді оңай жалғайсың


Айналаңды қоршаған
Табиғатты сүйе біл
Қауіп-қатер төнсе оған
Қамқорға алып сүйе біл
Білгін мұны балалар
Сусыз құрғақ далалар
Сусыз қараң далалар
Ескертеміз бар ұлға
Ескертеміз бар қызға
Суды босқа ағызба.


Өлеңнің мазмұны бойынша қойылатын сұрақтар
І топ. “Су–тіршілік көзі” дегенді қалай түсінесің?
ІІ топ. Судың қандай пайдасы бар?
ІІІ топ. Суды қорғау үшін қандай шаралар жүзеге асырылады?
Су туралы түсіндіру, әңгімелеу.
Picture 16

Жарты шарлар картасымен жұмыс.
Картада су көк түспен белгіленген. Су жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Су тіршілік көзі. Ол сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Аспаннан жаңбыр түрінде түседі. Күн суытқанда су қатып мұзға айналады. Мұз бен қар – судың қатты күйі.

Дымқыл шүберекпен үстел үстін сүртсек, бірнеше минуттардан кейін ол кеуіп қалады. Оның бетіндегі су буға айналып ұшып кетеді.
Бу – мөлдір, түссіз газ. Бу – судың газ түріндегі күйі. Судың өзіне тән қасиеттері болады. Оны тәжірибе жасау арқылы анықтауға болады.
Тәжірибе жасау.
1. Судың нақты пішіні болмайды.
2. Судың түсі жоқ. Ол түссіз.
3. Су – мөлдір.
4. Судың дәмі жоқ.
5. Судың иісі жоқ.
6. Су сұйық. Ол ағады.

Су сөзіне топтастыру жұмысы:шық, мұз, бу, тұман, мұздақ, қар, жаңбыр, сел, көл, өзен, теңіз, мұхит.
Не білдік? Не үйрендік? Сабақты қорыту.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
786
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі