Ашық сабақ«Шығармашылық – жетістік бастауы» 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ«Шығармашылық – жетістік бастауы» 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу және оны дамыту,эмпатия, сезімдерін вербалды емес жолмен бере алу қабілеттерін дамыту, жағымды эмоционалды климатты қалыптастыру. Мектеп педагог-психологтарына қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Көлбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»КММ














Тақырыбы: «Шығармашылық – жетістік бастауы»

Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу және оны дамыту, өзін-өзі тану, топтағы рефлексия, коммуникация, эмпатия, сезімдерін вербалды емес жолмен бере алу қабілеттерін дамыту, жағымды эмоционалды климатты қалыптастыру.



Жүргізген: Тлеуова Р.Т

Педагог-психолог













2017 оқу жылы




Өткізілген уақыты: 25.11.2017ж

Өткізілген сынып: 5 «а»

Өткілген орны: №22 каб.

Тақырыбы: «Шығармашылық – жетістік бастауы»

Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу және оны дамыту, өзін-өзі тану, топтағы рефлексия, коммуникация, эмпатия, сезімдерін вербалды емес жолмен бере алу қабілеттерін дамыту, жағымды эмоционалды климатты қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Оқушыларға шығармашылық ұғымының мағынасын ашып, түсіндіру;

  • Баланың шығармашылық қызығушылығын ояту арқылы ішкі мүмкіндіктерін дамыту;

  • Әр істі шығармашылықпен, құлшыныспен атқара білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: С.Торайғыровтың өлеңі жазылған және «Шығармашылық» сөзжұмбағы жазылған плакат, дәйексөз.

Жұмыс кезеңдері:

Кіріспе

1. Тыныштық сәті

Мақсаты: оқушыларды үзілістен соң тыныштандырып, сабаққа көңіл бөлгізу.

Уақыты: 5 мин.

Материалдар: тыныш музыка және мәтін.

Мәтін

Барлығымыз ыңғайлы, жайғасып отырамыз. Көздерімізді жұмамыз. Терең үш рет дем аламыз. Өздеріңді ыңғайлы, жайлы, еркін, бос сезініңдер. Біз қазір қиял әлеміне сапар шегеміз. Әркімнің қиял әлемі өзгеше, ерекше. Осы қиял әлемінде барлық нәрсені өзіміз ойдан құрастыра аламыз. Елестетіңдер. Жан-жақтарыңа назар аударыңдар. Қиял әлемінде нені көріп тұрсыңдар? Қандай заттар бар? Олар қозғалып жатыр ма, әлде қозғалыссыз ба? Ол жерде дыбыстар бар ма? Бар болса қандай? Ол жердің жағымды иісі бар ма? Ол ненің иісіне ұқсайды? Осы қиял әлемінде өзімізге керек жаңа, қызықты ойлар, жаңа идеялар пайда болады. Өзіміздің өмірімізге де, үй шаруашылығына да, сабағымызға да керек нәрселерді осы қиял әлемінен ала-аламыз. Өздеріңе керек болған сәтте осы қиял әлеміне қайтып оралсаңдар болады. Мен қазір 10-нан 1-ге дейін санаймын, санаған сайын қазіргі әлемге, осы сәтке ораласыңдар. 10... 9... 8... 7... 6... 5... 4... 3... 2... 1. Көзімізді ашамыз. Бір сәт отыра тұрсаңдар болады.

Кері байланыс

Қандай сезімде отырсыңдар?

Көздеріңе нені елестеттіңдер?

«Сәлемдесу» жаттығуы

Мақсаты: қатысушылармен сәлемдесу, топты энергиямен толтыру.

Уақыты: 10 мин.

Материалдар: жоқ

Жаттығу барысы

Қатысушыларғы дөңгелектеніп тұру және үш түрлі бөлікке бөліну ұсынылады: «еуропалықтар», «жапондықтар» және «африкандықтар». Содан соң әр қатысушы дөңгелек бойымен жүріп, барлығымен «өзінің әдісімен» амандасып шығады: «еуропалықтар» қол алысады, «жапондықтар» иіледі, «африкандықтар» мұрындарымен үйкеледі. Жаттығуды әркім әртүрлі рөлде бола алатындай етіп бірнеше рет қайталаса болады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Бұл жаттығуды орындау оңайға соқты ма?

  2. Қай рөлде болу ыңғайлы болды және не себептен?

  3. Өмірде сізбен өзіңізге үйреншікті емес тәсілмен амандасса, тура сол тәсілмен жауап бересіз бе?

  4. Сол сәтте өзіңізді қалай сезінесіз?



ІІ. Негізгі іс-әрекет

Мақсаты: оқушыларға «шығармашылық» ұғымын түсіндіру, шығармашылыққа деген қызығушылығын ояту, әр істі шығармашылықпен, құлшыныспен атқара білуге тәрбиелеу.

Материалдар: дәйексөз, сөзжұмбақ, түрлі-түсті қарандаштар, қағаз.

Уақыты: 20 мин.

1. Дәйексөз

«Барлық өмір қуанышы – шығармашылықта» деген Р.Ролланның сөзін талдау. Мән беріп, түсіндіру.

2. Сөзжұмбақ: «Шығармашылық»

  1. Шабыт;

  2. Ынта;

  3. Ғылым;

  4. Ақыл;

  5. Жігер;

  6. Арман;

  7. Талап;

  8. Шындық;

  9. Шаттық;

  10. Білім;

  11. Қуаныш;

  12. Бақыт.

3. «Өзіңді салу» жаттығуы

Мақсаты: Өзін-өзі тану, «Мен» образымен жұмыс істеу, шығармашылықтарын дамыту.

Өзіңді өсімдік, жануар, схема түрінде салу. Жұмысқа аты-жөні жазылмайды. Тапсырманың орындауы аяқталысымен барлық жұмыс стендыға ілінеді және қандай жұмыс кімге тиесілі екенін, жұмысқа қатысушылар табуға тырысады. Және бұл жұмыс жайлы өздерінің ойларымен, әсерлерімен бөліседі.

III. Аяқталуы

Мақсаты: Тренингтің соңында топтағы жағымды климаттың сақталуы

Материалдар: жоқ.

1. «Шеңбер бойынша қозғалысты беру» жаттығуы

Мақсаты: группадағы вербальды емес өзара түсіністіктің дамуы, шығармашылық әрекеттерін дамыту.

Уақыты: 5 мин.

Материалдар: жоқ.

Жаттығудың барысы

Қатысушының біріне кезкелген қозғалысты ойлап табуды ұсынады және оны келесі адамға жест,мимика арқылы беруі керек, дәл осылай шеңбер бойынша.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Жаттығуды орындау оңай болдыма?

  2. Сізге көрсеткен қозғалысты түсіну қиын болдыма?

  3. Өміріңізде вербальді емес қарым-қатынасқа жиі түсуге тура келеме?

2. Қорытынды

Уақыты: 5 мин.

1. Сабақтан қандай пайдалы нәрсе алдыңдар?

2. Қандай нәрсені түсіндіңдер?

3. Нені істеу қиынға соқты? Не себептен?

4. Өзіңе өмірлік маңызы бар нәрсе алдың ба?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.12.2017
1122
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі