Ашық сабақ:Табиғаттың сыйы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ:Табиғаттың сыйы

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімі:Жолдас.Ж

Пәні: Жаратылыстану

Сынып: 3

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттың сыйы

Сабақ мақсаты:

Табиғаттың адамға беретін сыйларын анықтайды;

Әр табиғат сыйының пайдасын түсіндіреді;

Табиғат байлығын қорғау мен тиімді пайдалану жолдарын ұсынады;

Күтілетін нәтиже:

Табиғаттың басты сыйларын (өсімдік, жануар, пайдалы қазбалар, су, ауа) атайды.

Табиғат сыйларының адам өміріне пайдасын түсіндіреді.

Табиғатты қорғау жолдарын ұсына алады.

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгелдеу

Психологиялық дайындық:

Қуан, шаттан!Алақай!

Қуанатын келді күн

Қайырлы таң!Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Топқа бөлу :

1-топ «Табиғат сыйын сақтаушылар » тобы

2-топ «Табиғат сыйын зерттеушілер» тобы

3-топ «Табиғат жанашырлары» тобы

Жаңа сабақты ашу

Бейнебаян:Табиғат адамзатқа аманат

-Бейнебаян ұнады ма?Несімен ұнады?

-Балалар,жарайсыңдар.Расыменде,біздің Қазақстанымыздың табиғаты өте бай,көрікті жерлері көп.Біз осы әсем табиғатымызды аялап,әрдайым қорғап жүруіміз керек.

Табиғаттың бізге берер сыйы өте көп.

Жаңа сабақ

Табиғат сыйы

Жаңа ақпарат
«Адам баласы жаратылысын табиғатпен етене жақын өмір сүріп келеді. Адам өзіне қажеттісінің бәрін табиғаттан алады. Табиғат адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктердің бастауы.
Адамзаттың әлемде алатын орны зор. Табиғат – ана барлығына ортақ.
Сондықтан « Табиғат тазалығы - адамзат амандығы» екенін естен шығармау керек. Адамзаттың басты міндеті - табиғаттың қуат көздерін орнымен пайдалану, оның әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейірімділік нұрын шашу, ағаш егу т. т.».
Адам мен табиғат бірлігі, табиғат адамның асыраушысы, панасы, сондықтан оны таза ұстау, мейірімділік қатынас жасау әр адамның парызы.

Ойын: «Алдарға көмектесейік»

Топпен жұмыс
1 – топ Табиғат көрінісі сурет салу,әңгімелеп беру
2 - топ Пайдалы,зиянды тағамдарды жинақтау

3-топ Постер қорғау


Поэзия минуты
Ризамыз, Табиғат - Анамыз
Өзіңнен денсаулық аламыз.
Ризамыз, Табиғат - Анамыз
Қашанда қорғаушы панамыз.


Сүйейік, табиғатты, аялайық!
Біз де онан жақсылықты аямайық!
Анадай табиғаттың аясында
Жадырап жас балаша дем алайық!

Жеке жұмыс

Тест

1.Сәбізде қай дәрумен бар?

а) C б) A в) B

2.C дәрумені неге пайдалы?

а) иммунитет б) көз в) сүйек

3.Д дәруменін қайдан аламыз?

а) күннен б) судан в) құмнан

Қорытынды

М. Мақатаев
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір, кәусар тынысын,
Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адамдар! Қалай ғана қатыгездік жасайсың,
Ол - анаң ғой, ал сен - кенже ұлысың.
Табиғатты аялайық, табиғатты қорғайық!
Сабаққа кері байланыс : «Қожамен кері байланыс»

Мадақтау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі