Материалдар / Ашық сабақ.тақырыбы :Гүлдер. Ересек топ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ.тақырыбы :Гүлдер. Ересек топ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сурет салудан ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2021
1406
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Сурет салу

Тақырыбы: Гүлдер

Мақсаты: Балаларды дәстүрден тыс сурет салу техникасына бейімдеу; гүлдерді әр түрлі техникамен салу амалдарына үйрету; көктем даласындағы өсімдіктер мен жәндіктер туралы білімдерін пысықтау; түстер мен пішіндерді қабылдау, елестету қабілеттерін дамыту; тиянақтылыққа, әсемдікті сүю сезімдеріне тәрбиелеу

Сөздік жұмыс: Гүл -цветы, дәстүрден тыс- нетрадицонно,пияз- лук,шанышқы –вилка,құлақ таяқшасы -ушные палочки.

Әдіс-тәсілдер: Бейнежазбаны көрсету, көркем сөз, бейнежазба бойынша әңгімелесу, үлгіні зерттеу, сурет салу амалдарын көрсету, сауығу жаттығуы, өздігінен сурет салу, жеке жұмыс, нұсқау беру, бағалау, оқу қызметін пысықтау, мақтау, рефлексия.

Құрал –жабдықтар: бейнежазба,акварель сиясы,су,пияз,құлақ таяқшалары,шанышқы.

Тәрбиеші: Қараңдаршы ,зал қандай әдемі. Айнала құлпырып тұр. Балалар тағы не көріп тұрсыңдар?

Балалар: Гүлдерді. Ақ гүлдер, сары ,қызыл.

Тәрбиеші: Балалар,бүгін бізде сурет салу ұйымдастырылған оқу қызметі.Тақырыбы «Жазғы гүлдер».Қәнеки балалар,әуелі барлығымыз әдемілеп шаттық шеңберіне тұрайық.

Шаттық шеңбері: Алақанды ашайық,

Күннің көзін жасайық.

Мейірімділік шоғын біз,

Қонақтарға шашайық.

Сәлеметсіздре ме! Здравствуйте! Hello!

Еркін ойын: Балалар еркін ойын,қалаған ойыншықтармен ойын ойнаңдар.

Тәрбиеші: Балалар,орнымызға отырмас бұрын түс таңдап алыңдар. Кімге қандай түс ұнайды? Алыңдар.

Тәрбиеші:Қазір қандай мезгіл?

Балалар: Қазір жаз мезгілі.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,ия,жаз мезгілі. Жаз мезгілі неше айдан тұрады? Атаңдаршы.

Балалар: Жаз мезгілі үш айдан тұрады. Наурыз,сәуір,мамыр.

Тәрбиеші: Дұрыс балалар,жарайсыңдар.

Тәрбиеші: Бүгін біздер дәстүрден тыс техника арқылы гүлдерді салатын боламыз. Ендеше балалар. Тақтаға қарап отырыңдар,ал мен сендерге тақпақ оқып беремін.

Ғажайып сәт: топқа Көбелек ұшып келеді.

Көбелек: Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен көбелекпін.Мен гүлдерді қатты жақсы көремін.(гүлдерді иіскеп жүреді) Мен гүлдерді иіскеп жүріп сендерге келіп қалдым.Ал сендер мында не істеп жатырсыңдар?

Балалар: Біздер гүлдерді салайық деп жатырмыз.

Көбелек: Шынымен бе? Ол гүлдерді салып болған соң маған бересіңдер ма? Мен тұратын жерде гүлдер өте аз. Сендер маған әдемі гүлдер салып берсеңдер мен сендерге алғысымды айтамын.

Балалар: Ия,береміз. Қуана- қуана гүлдердің суретін салып береміз.

Тәрбиеші: Ендеше көбелек,балалармен бірге қал.Балалар тыңдайық.

Видео қосылады. https://youtu.be/by8NcRAsRAE

(https://bilimkids.kz/uploads/file-manager/files/5f3e5ab28c1f9.mp4 )

Тәрбиеші тақпақ оқиды.

Тұманбай Молдағалиев «Гүлдер».

( https://bilimkids.kz/kk/courses/4/theme/35/subject/14/lesson/954)

Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер,

Жайнар кезім келді - деп,

Қанаттарың желбіреп,

Таңмен бірге оянып,

Күн нұрына боянып,

Көрік бердің далаға.

Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер,

Тұра берші ырғалып,

Тұра берші нұрланып!

Тәрбиеші: Тақпақ не туралы? Жарайсыңдар. Тақпақ гүлдер туралы екен. Балалар гүлдердің түрі өте көп. Гүлдер далада өседі,аулада өседі. Олардың түстері де сан алуан болады.

Слайд . Гүлдердің түрлері.

Тәрбиеші: интербелсенді тақтадан не көріп тұрмыз?Ендеше балалар гүлдердің суретін салайық. Балаларға сурет салу техникасын түсіндіру.

1 топ. Қызыл түсті таңдаған балалар -Құлақ тазартатын таяқшамен гүл салады.

2 топ. Сары тұсті таңдаған балалар- Жуамен гүл салады.

3 топ.Жасыл түсті таңдаған балалар- Шанышқымен сурет салады.

https://bilimkids.kz/uploads/file-manager/files/5f61cb1a8dad5.mp3

(Балалар сурет салып жатқан кезінде аудио қосылады.)

Тәрбиеші: Жақсы балалар,біз ненің суретін салдық?

Гүлдер қандай түсті?

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Сендер жақсы жұмыс жасадыңдар.Ендеше сергіту сәтін орындайық.

Сергіту сәті:Бас,иық,тізе, аяқ. https://youtu.be/by8NcRAsRAE

Тәрбиеші: Мінеки балалар біздер сурет салып болдық. Сендерге өте ризамын. Ойын ойнауға қалай қарайсыңдар ?

Балалар: Ойнаймыз.

Тәрбиеші: ендеше ойнайық.

Дидактикалық ойын.: Гүлді санына қарай отырғыз.

Тәрбиеші: Жақсы балалар. Біз не салдық?

Гүлдер қай кезде өседі?

Түстері қандай болады?

Гүл қай жерде өседі?

Жарайсыңдар. Мен сендерге ризамын,суретті жақсы салып тапсырмаларды жақсы орындадыңдар , қәне өзімізді өошеметтеп қояйық!

Осымен оқу қызметіміз аяқталды. Қонақтарға сау болыңыз деп айтайық.

Сау болыңыз! До свидания! Good bye!

Күтілетін нәтиже:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!