жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ.Тақырыбы: С/Р ойын «Емхана».
Білім беру саласы: Коммуникация
Тақырыбы:С/Р ойын «Емхана».
Мақсаты:Баланың ақыл ойын дамыту.Ойлау қәбілетін жетілдіру.Өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру.
Дамытушылық: С/Р ойындар ойнату арқылы.ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Балаларды заман талабына сай жүйрік етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Жұмбақтар,суреттер,емхана бұрышына саяхат,слайд.
Жеке жұмыс:Көп сөйлемейтін балаларды сөзге тарту.
|
Ұйымдастыру кезеңдері |
Тәрбиешінің іс әрекеті |
Балалардың іс әрекеті |
|
|
Шаттық шеңбері. Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты. Сәлем сізге балалар, Сәлем сізге апайлар. -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінде неше ай бар? -Қыс мезгілінің қандай ерекшіліктерін білесіңдер? Осы қыз мезгілі туралы кім тақпақ біледі? |
Балалар педагогпен бірге шаттық шеңберін орындайды. Балалардың жауабы. |
|
|
Ғажайып сәт. Кенет, сырттан ішке қарай жүгіре қалқанқұлақ Самат кіріп келеді. Балалар оның құлақтарына аң таң боп қарап қалады. Қалқанқұлақ:-Балалар маған көмектерің керек.Менің құлағым ауырып тұр.Міне қараңдаршы үлкен болып ісіп кетті. Педагог балаларға қарап,-біз бұл балалаға қалай көмектесеміз? -Біз дәрігер емеспізғой.Сондықтан жедел жәрдем шақырайық,-дейді. 103 байланыс нмеріне хабарласып жедел жәрдем шақырады. -Балалар сендер білесіңдерме жедел жәрдеммен бізге кім келеді? Педагог балалардың назарын тақтаға аударады. Слайд арқылы дәргер туралы түсінік беріп өтеді. Осы кезде жедел жәрдем қызметкері келіп,қалқанқұлақ Саматқа көмектеседі.Құлақтары қалпына келген Самат балаларға рахмет айтып қоштасып шығып кетеді. -Балалар, олай болсаБіз оқу қызметімізді жалғастырайық. -Біздің тақырыбымыз»Емхана». -Балалар біз балалабақдада ауырып қалсақ кім көмектеседі? -Балалабақша медбикесі. -Балалар Асхаттың қолында жара бар екен.Қазір біз мұны медбикеге тексертіп аламыз. Педагог медбикені шақырады.Медбике келіп Асхаттың қолын тексеріп көреді. -Балалар бүгін күн өте тамаша екен.Сендерге ертегі оқып берейінбе? Ертегі,Әлидің әлегі. Бірде Әли өз-өзінен мүлдем сөйлемей қалды.Мұны көрген анасы қатты уайымдап Әлиді дәрігерге алып келеді. Әлиді дәрігер көріп шығып,-Бұл баланы түсіне алмадым.Достарымды көмекке шақырайын дейді.Көмекке көз ,құлақ,тіс дәрігерлері келеді. -Мен көз дәрігерімін ,көзі жақсы көріп тұр,қызармаған,көзі жақсы-дейді. -Мен құлақ дәрігерімін,құлағы сау,таза,ешқандай ақауы жоқ-дейді. -Мен тіс дәрігерімін,тістері шірімеген таза екен,бәрі жақсы-дейді.Басы қатқан дәргерлер көмекке Психолікті шақырады. Психолог апай күлімдеп Әлиге қарап,онымен үлкен адамдарша еркін сөйлеседі. Әли қай жерің ауырады?Маған айтағойшы.Сен маған айтпасаң ,саған қалай көмектесеміз,Ұялсаң құлағыма айт?-дейді. Әли психолог апайдың құлағына:-Мен р және л дыбаыстарын айталмаймын.Сөйлесем бәрі оны біліп алып мені мазақ етеді-дейді. Сонда психолог апай оған күлімдеп:-Тәттім ау сен әлі кішкентайсынгой.сен ол дыбыстарды әлі ақ айтып үйренесің,ол үшін сен көп тақпақтар жаттап,көп өлең айтуың керек,ал сөйлемей қойсаң,керісінше мүлде айталмайсын -дегені сол ақ екен ,Әли қуанып қою берді. Міне осы сәттен бастап Әли көптеген тақпақтар жаттап айтатан болды. -Балалар ертегі ұнадыма сендерге? -Әли қалай ауырып қалды? -Анасы оны қайда алып барды? -Әлидің қай жері ауырған екен? -Психолог апай оған не деді? Жарайсындар балалар,енді осыны сахналап көремізбе? Барлығы бірге ертегіні сахналайды. Сергіту сәті. Сылдыр салақ болмағын, Саусағыңды сормағын. Әдет қыл бұл ісіңді, Тазалап жүр тісіңді. Слайдпен жұмыс. Сюжеттік-рөлдік ойын: «Емхана.» Шарты:Балалар дәрігер,дәрігердің көмекшісі болады.Қалған балалар емделуші болады.Осылайша ауыстырып барлық балаларға ойнатады. Барлық бала қызығушылықпен орындайды. Дені саудың жаны сау. Денсаулық –зор байлық. |
Балалар қызығушылық танытады. Балалар педагогті мұқият тыңдайды. -медбике апа. Балалар ертегіні мұқият тыңдайды. -ия ұнады. Балалардың жауабы. |
|
|
Қорытындылау Балалар оқу қызметі сендерге ұнадыма? Қандай ойын ойнадық? Дәрігер болу үшін бізге не қажет? Жарайсыңдар. Сендер бүгін өте жақсы қатыстыңдар. |
-Ия ұнады. Емхана ойынын. -ақыл қажет. |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген