400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ.Тақырыбы:Адал және ақкөңіл болу. 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
АШЫҚ САБАҚ .Күні: 04.12.2021 Мұғалімі: Мусина Гульдерай Кайргелдиновна Сыныбы: 2Д Оқушылардың саны: 13 Тақырыбы:Адал және ақкөңіл болу Құндылығы:Дұрыс әрекет Қасиеттері: Адалдық, ақкөңілділік, мінез-құлық мәдениеті, қанағатшылдық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектебі: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Күні: 04.12.2021

Мұғалімі: Мусина Гульдерай Кайргелдиновна

Сыныбы: 2Д

Оқушылардың саны: 13

Тақырыбы:Адал және ақкөңіл болу

Құндылығы:Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Адалдық, ақкөңілділік, мінез-құлық мәдениеті, қанағатшылдық.

Мақсаты: Адалдық және ақкөңілділік туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

адалдық және ақкөңілділік ұғымын дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;

адалдық, шынайылық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту;адалдыққа, шынайылыққа, жауапкершілікке, қанағатшыл болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

видео

презентация

Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

Тәртіп.

Талап.

Тыныштық.

Тазалық.

Татулық.

Жағымды көңіл – күй орнату.

Күнім күліп арайлы,

Тереземнен қарайды.

Маған "жылдам бол" дейді,

Оқуыңа бар дейді.

Күлімдеген күнге қарап, бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлайық.


Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтың 44 – 45-беттеріндегі

«Аманатқа қиянат жасама...» өсиет әңгімесі.

Сұрақтар:

1.«Аманатқа қиянат жасама...» өсиет әңгімесінің кейіпкерлерін ата.

2.Бала керуен басшысына не береді?

3.Тері неше теңге бағаланды ?

4.Жолда баланың мысығын керуен басшысынан кімдер сатып алды? Не үшін?

5.Керуен басшысына қандай жаман ой туды?

6.Керуенді кім тонады?

7.Саудагерге кімдер көмектесті?

8.Саудагердің жаман ойы неге іске аспады?

9.Саудагер не себепті мысықтан түскен алтынның барлығын балаға берді?

10.Баланың адал еңбегі өзіне бұйырды ма?


5 Т – ережесі:


Т – ережесі:

Тәртіп.

Талап.

Тыныштық.

Тазалық.

Татулық.


Күннің анимациясы.

Күлімдеген күнге қарап, бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлайды.




Слайд. Оқушылар жауап береді.

Позитивті мәлімдеме (дәйексөз)

«Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді. Нақыл сөз

Сұрақтар:

Адалдық дегенді қалай түсінесіңдер?

Адамдық дегенді қалай түсінесіңдер?


Оқушылар бір неше рет қайталап, дәптерге жазып алады. Талдау сұрақтарына жауап береді.

Презентация

Мұғалім оқушылармен бірге дәйексөзді талдайды, қорытынды жасайды, бірнеше рет қайталайды және дәптерге жазуды ұсынады.

Оқиғаларды әңгiмелеу (әңгімелесу)

«Етікші» әңгімесі.

-Әңгіме не туралы?

-Әңгімедегі кейіпкерлерді ата.

-Кейіпкерлердің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?

-Шәкіртке неге көп адам баратын болды?

-Етікшіге неге адамдар бармайтын болды?

-Кейіпкерлердің қайсысы адал адам деп ойлайсыңдар? Неге?

-Ертегіден қандай ой түйдіңдер?

-Адал дегенді қалай түсіндіңдер?

АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, ар-ұятқа сәйкес келетін әрекеттер, борышына жауапкершілікпен қарау.

Ақкөңілділік - жақсы қасиеттердің бірі. Ақкөңіл адам өзгенің жетістігіне, өзіндікіндей қуанады. Олар көмектесуге, қуантуға дайын тұрады.

Ақкөңілділік пен адалдық дұрыс әрекет болып табылады.

Тапсырма: «Адал адам қандай?» Осы сұраққа ойланып, адал адамды сипаттайтын сөздерді теріп жазыңдар.

АҚКӨҢІЛ!

ӨТІРІКШІ!

ШЫНШЫЛ!

ЕҢБЕКҚОР!

ҚУ!


Бейнетаспадан «Етікші» әңгімесін көреді.

Оқушылар оқиғаның тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, мінез-құлық мәдениеті, қанағатшылдық, ақкөңілділік, шынайылық, жауапкершілік қасиеттерінің мәнін түсінеді.
















Дәптермен жұмыс.

Оқушылар дәптерге қажетті сөзді жазады.


Шығармашылық іс-әрекет

Адалдық сөзін қай суретпен бейнелер едің? Сол таңдаған суретті дәптеріңе сал.





Презентация

Қар,күн,жүрек,гүл анамациялық суреттері.

Оқушылар таңдаған суретін салып, көрсетеді. Кейбір оқушылар неге екенін айтып береді.

ТОППЕН ӘН АЙТУ

Келші, келші, балашым
Өлеңін жазған: Қабдікәрім Ыдырысов Қ Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев
Айым болып тудың ба?
Күнім болып тудың ба?
Ат жолын қудың ба?
Әке жолын қудың ба?
Бұл дүниеге келген соң,
Сұрауы бар судың да.
Айдарыңнан айналдым,
Маңдайыңнан айналдым.
Торсық шеке, тоқ шеке
Бақ болар, деп ойладым.
Ашық жанар-көңілің
Ақ болар, деп ойладым.
Қуанышым-арай жүз,
Сөйлесерміз талай біз.
Бар ағайын жиналып,
Мәз боп саған қараймыз.
Сендей бала ешкімде
Болмаған деп санаймыз.
Жалғыз дара – өзіңсің,
Атасының көзісің,
Әжесінің сөзісің,
Мен барымды аяман,
Ботақаным, сен үшін.
Не деп енді мақтайын?
Айтуға сөз таппаймын

Видеоролик

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

Тақтада ән мәтіні көрсетіледі

Үй тапсырмасы

Алдын ала берілген үй тапсырмасы: оқулықтың 46-бетіндегі 4-ші тапсырманы орындау

Оқушылар үйге тапсырманы жазып алады

Сабақтың соңғы минуты

Бүгінгі сабақты жүректен жүрекке яғни адал жүрегіміз арқылы ұсынайық.

Жүрекше суреті,фанарик



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.12.2021
563
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі