400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Ашық сабақ.Тақырыбы.Жолда жүру ережелері қашан пайда болды?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жаңартылған білім бағдарламасы бойынша, әріптестеріме әдістемелік құрал ретінде қолдануларына қажет .
Материалдың қысқаша нұсқасы

№173 мектеп-лицей











Ашық сабақ

Тақырыбы: Жолда жүру ережелері қашан пайда болды?

5сынып

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Абдикасимова Салтанат Сыдыковна



























Алматы қаласы,2018

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережелері қашан пайда болды?

Сабақ : қазақ тілі

Мектеп: №173МЛ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абдикасимова С.С.

Сынып: 5.Т/А7.

Қатысқандар:

Қатыспанғандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асыратын оқу мақсаттары

Балаларға арналған ақпараттардан, газет -журналдардан, көркем әдебиеттерден қажетті материалдарды тақырып бойынша таңдай білу. Жолда жүру ережелері қашан пайда болғаны жайлы ұғындырып, сапалық, қатыстық сын есімнің жасалу жолдарын меңгерту.

Құндылықтарды игеру

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.


Сабақ мақсаттары







Барлық оқушылар орындай алады:

Сұрақтарға жауап бере алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Сын есімді мәтін ішінен таба алады. Ойын дәл жеткізе алады.Сапалық,қатыстық сын есімдерді ажырата алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Нақты ақпаратты табады. Өз қиялдарынан туындаған оқиғалар мен ситуацияларды құрастыра алады.


Күтілетін нәтиже

Ж5. Жол жүру ережелерінің қашан, не үшін пайда болғанын біледі, жол жүру ережелерінің адам өмірімен байланысын түсінеді. Тілдік бағдар бойынша сын есімнің мағыналық түрлерін ажырата біледі.


Сабақтың түрі:

Білімді жүйелеу сабағы.


Пәнаралық байланыс

Әдебиет,тарих,сурет.


Ойлау деңгейлері

Білу,түсіну,қолдану,талдау,жинақтау,бағалау.

Қажетті құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты слайдтар, А4 парағы, плакаттар, түрлі-түсті қарандаштар, фломастер, маркерлер.

Оқыту әдістері




Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, іздендіру, ойландыру, жазу, оқу, т.б. «Жылы сөздер» тренингі, «Ой шақыру», «Миға шабуыл», «Аяқталмаған сөйлем» әдісі.Постер құру.

Дереккөздері


Әдістемелік құрал,дидактикалық материалдар,көркем әдебиеттер.

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Бағдаршам түсімен топқа бөлу. Тапсырма.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. «Жылы сөздер» тренингі. Оқушылар топқа бөлініп, «Қызыл», «Сары», «Жасыл» топтары бойынша отырады.

Орындарынан тұрып,бір-бірлеріне жылы сөздер айтады. “Күнің сәтті болсын!”деген сияқты.


Өткен сабақты бақылау

Үй тапсырмасын тексеру. Кемшіліктерді түзету, бағалау.

Оқушылардың сабаққа қызығушылықта-рын ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан тілдік бағдар бойынша білім беру.

Мағынаны тану


Білу,түсіну.

Балалар, сын есім мағынасына қарай сапалық сын есім және қатыстық сын есім болып екіге бөлінеді. Негізгі түбір сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, түр-түсін тікелей білдіретін болса, оны сапалық сын есім деп атаймыз.Мысалы:көк (шөп), жақсы (сөз), ащы (су), көкшіл (мата), жақсырақ (орын), ащылау (қымыз), жап-жасыл (орман).

Сын есім басқа сөз табынан жұрнақ арқылы жасалып, туынды сын есім болады, оны қатыстық сын есім дейміз.

Мысалы:өнерлі (жігіт), орманды (алқап), бұлтсыз (аспан).

Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс.

7-тапсырма бойынша жұмыс.Топқа тапсырма беру.

1. Мәтінді 3 топқа бөліп, тапсырма беру.

1-топ: «Қызыл», 2-топ: «Сары», 3-топ: «Жасыл».

Түсініп оқып, мазмұнын айтады.

А) Мәтіннен сапалық және қатыстық сын есімдерді теріп жазу.

Мәтін бойынша постер құру.

2- тапсырма бойынша сұрақтарға жауап беру.

I. Жолда жүру ережелерінің тарихы туралы не білесің?

II.Қазақстан Республикасында жолда жүру ережесі қашан қабылданған?

III.Жол белгілерін халықаралық тіл деп атауға болады ма?

2. Жұмбақтармен жұмыс.

3. Көркем суретке мәтін құру.

Сергіту сәті.

А4 парағы, түрлі-түсті қарындаштар, фломастер, маркерлермен жол белгілері ойынын ұйымдастырады. Оқушылар жол белгілерінің суретін салып, сипаттайды.

Қорытынды


Кері байланыс.

Бағалау


Қалыптастырушы бағалау

«Бағдаршам» әдісімен оқушылар өзін-өзі бағалап,баға қояды.

Үйге тапсырма


11-тапсырма. Ереже дәптермен жұмыс.


Ойтаразы


«Аяқталмаған сөйлем» әдісі бойынша «Бұрын мен білмеуші едім», «Енді мен білемін», «Білгім келеді» деген сияқты ой-пікірлерін білдіру.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
1105
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі