400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақтар интеллектуалды ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:Білімді мыңды жығар

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Жарыса отырып ойнау арқылы негізгі пәндер бойынша алған білімдерін пысықтау.

Дамытушылығы:Логикалық және есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі:Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру


Сабақтың түрі : Сайыс сабақ. Жарыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, мақтау қағазы

Пәнаралық байланыстылығы: Қазақстан тарихы, өнер, салт-дәстүр

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Сайыс барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.


Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Оқушылар 2 топқа бөлінеді.

I – кезең “ Таныстыру “

II –кезең “ Бәйге ”

III – кезең “Өз өнерін көрсету”

IV – кезең “Қызықты сұрақтар ойыны”

V кезең “ Сөзді тап ”

1- кезең. Сайыстың жүру барысы: Таныстыру


Екі топты ортаға шақыру.


1-ші топтың аты «Алға»


Ұраны: «Алға қарай самғаймыз, екілікті алмаймыз»


2-ші топтың аты «Талап»


Ұраны: «Жас ұрпақпыз талапты, жақсы оқимыз сабақты»


2-кезең. «Бәйге» ойыны


Аралас сұрақтарға жауап беру. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан қойылады.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз – дей,отырып ал жас қырандар “ Бәйге “ кезеңін бастаймыз . Бұл кезеңге 10 сұрақ беріледі.

Сұрақтар

«Алға» тобына.

1) Қазақстан Президенті кім?

2) Адамдардың қатынас құралы не?

3) М. Әуезовтың қандай шығармасын білесің?

4) Дененің қызуын өлшейтін құрал?

5) Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?

6) Ы.Алтынсариннің қандай өлеңін білесің?

7) « Жұмған аузын ашпау» деген сөздің мағынасы?

8) Киіз үй жабдықтарын атау.

9) «Дүние де-өзі, мал да-өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз…» кімнің өлеңі?

10) С – қандай дауыссыз дыбыс?



«Талап» тобына.


1) Қазақстанның астанасы қай қала?

2) «Таза бұлақ» кімнің шығармасы?

4) Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

3) «Қыс» өлеңін кім жазған?

5) Қазақстан Премьер-министрі кім?

6) «Төбе шашы тік тұрды» деген сөздің мағынасы?

7) Алдымызда қандай мейрам келе жатыр?

8) Қазақ Батырларының атын ата.

9) «Өгіз бен Бақа» мысалында қандай мінезді сынайды?

10) Ш – қандай дауыссыз дыбыс?


3 кезең

Өз өнерлерін көрсетеді

4-кезең


1. Білмеген не ішеді?(у ішеді)

2. Өтірікші кімді алдайды (өзін-өзі алдайды)

3. Бір қазанға сыймайтын қандай бастар?

4. Адамда арқау бола ма? (Ас адамның арқауы)

5. Түкіріктен көл бола ма?( Көп түкірсе көл болар)

6. Ердің атын не шығарады?

7. Көпке не шашпа? (топырақ)

8. Дос басқа қарайды, ал дұшпан ше?(дұшпан аяққа қарайды)

9. Тауық түс көре ме? (тауықтың түсіне тары кіреді)

10. Сиырдың сүті қай жерде? ( сиырдың сүті тілінде)

11. Бейнет түбі не? (зейнет)

12.Не қылыштан өткір? (тіл қылыштан өткір)

13. Тұз астың дәмін келтірер, ал сөздің дәмін не келтірер? (мақал сөздің дәмін келтірер)

14. Оқусыз не жоқ? Білімсіз не жоқ?


5- кезең

Оқушылар мұндағы сөздерді дұрыс табу арқылы өздеріне таныс сөздермен де, мағыналары түсініксіз сөздермен де танысады.

1) Сөз дауыссыз әріптен басталып дауыссыз әріппен аяқталады.


2) Көлденеңі бес, тігінен бес қатар тор көз екі топқа бірден беріледі.қ,к;





К




К

К




К

К




К

К




К

К




К








Осымен ойынымыз шарықтау шегіне жетті.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу болу шарты сол,

Еңбектену,жалықпау- деп сөз кезегін әділқазылар алқасы алады. Жеңімпаздарға марапаттау айтылады.



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі