Сабақтың
тақырыбы:
Есеп. (сонша...) Қосу және азайту.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Өрнектерді шығару кезінде 3 санының
қосу мен азайту кестесін кеңінен қолдану,
сөзді есептер шығару барысында кездесетін
сонша сөзінің қолданылу мағынасын
түсіндіре отырып білімді толықтыру.
Дамытушылық:
Логикалық есептер шығара отырып
оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,
ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушыларды өзара ұйымшылдыққа,
жылдамдыққа, тапқырлыққа баулу.
Сабақ
түрі:
Жаңа сабақ.
Сабақ
типі:
Жаңа тақырыпты меңгерту.
Пәнаралық
байланыс:
Дүниетану,әліппе.
Көрнекілігі:
Интерактивті тақта.
Сабақ
барысы:
I.Ұйымдастыру
кезеңі:
Сабақты
ұранмен бастаймыз.
«Ізденеміз
жалықпаймыз,
Көп
білуге талпынамыз!»
Үй
жұмысын тексеру:
Үйге
№4 есеп берілген. (Қосындылардың мәндерін
табу)
8+2
=10
5+3=8
1+9=10
3+3=6
3+7=10
Үй
тапсырмасын бекіту:
«Себетке
алмаларды сал» ойыны
Өрнектерінің
мәндері 3-ке тең болатын алмаларды
себетке салу керек.
2+4
5-4
1+3
1+2
5-2
6-3
8-4
7-4
Сабаққа
деген қызығушылығын ояту. Ой қозғау.
«Кім
тез табады?»
ойыны.
Шығармақ
боп кеше есеп,
Жиналған-ды
7 есек
Үшеуі
ұйықтап отырды,
Ынталысы
неше есек?
8
асықтың үшеуін
Досың сұрап алады,
Айтшы
сонда қолыңда
Неше асық қалады?
Жаңа
сабаққа дайындық:
-Балалар
биылғы Жаңа жылымыз қандай жыл?
-Ұлу
жылы.
-Балалар
ұлу туралы не білесіңдер?(балалар
әліппеден жаттаған тақпақтарын айтады)
Жаңа
сабақ:
Сабақтың
тақырыбы мен мақсатымен оқушыларды
таныстыру.
Сабақтың
тақырыбын тақтаға жазбас бұрын балаларға
«Ойыншықтар дүкеніне» саяхатқа шығуды
ұсынамын. Яғни, сөреде тұрған ойыншықтардың
барлығын оқушылар алса, ойыншықтар
астында жасырынған әріптерден жаңа
сабақтың тақырыбы шығады.
№1.
Есепті талдай отырып, екі бағандағы
есептерді салыстыру.
Б
ірінші
ы.-3 а.
Екінші
ы. - ?, сонша
Ж.
екінші ыдыста 3 алма бар.
Б
ірінші
ы.-3 а. ?
Екінші
ы. - ?, сонша
Ш:
3+3=6
алма - екі ыдыста
Ж.
екі ыдыста 6 алма бар.
№2.
Қосындыларды
екі бағанаға жаз. Бірінші бағанаға
қосындыларды мәндерінің өсу ретімен
жаз. Екінші бағанаға қосындыларды
мәндерінің кему ретімен жаз.
3+2=5 7+3=10
4+3=7 8+2=10
5+3=8
6+2=8
6+2=8
5+3=8
7+3=10
4+3=7
8+2=10
3+2=5
Сергіту
сәті.
Ұзын
құлақ сұр қоян,
Естіп
қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы
жерлермен,
Ытқып-ытқып
секірді.
Қарап
еді артына
Қиығын
салып көзінің,
Келе
жатқан томпаңдап.
Көжегі
екен өзінің.
№3
.
Сурет бойынша есеп құрастыру.
Суретте
жұмыртқа салғыш ыдыстар берілген.
Бірінші ыдыста 3 жұмыртқа бар, ал екінші
ыдыста сонша жұмыртқа бар. Екінші ыдыста
қанша жұмыртқа бар?
Б
ірінші
ы.-3 ж.
Екінші
ы.-? , сонша жұмыртқа
Ж:
Екінші ыдыста 3 жұмыртқа бар.
Сабақты
бекіту:
Балаларға
базарлық.
Тал
басында тізіліп,
10
алма тұр еді.
Жел
соқты да үзіліп,
Түсті
алманың 5-і.
Артынша
оның тағы да
Түсті
және 2 алма.
Айтыңдаршы,
балалар,
Тұр
әлі ілініп,
Алманың
нешеуі?
Қорытынды:
-Бүгінгі
сабақта не үйрендік?
Үйге:
№4, 83 бет.
Тиісті
санды орнына қойып шығару.
Бағалау: