400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақтар интеллектуалды ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әлди-әлди . Жіңішке айтылатын сөздер

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Әлди-әлди.Жіңішке айтылатын сөздер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
 Оқушыларға ана тіліміздің қасиетін ұғындыру. Дауысты дыбыстардың үндесу заңдылығы туралы мағұлмат беру. Ізденіске жетелей  отырып, өлең мазмұнын түсіндіру.
Дамытушылық:
 Оқушылардың тұтас сөзбен жүгірте оқуын жетілдіре отырып,жалпы оқу техниксын дамыту.
Тәрбиелік:
 Баланың отбасы мүшелеріне,анасына деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру
Сабақ әдісі:
 Сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі:
 стратеиялары арқылы түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, оқулықтағы суреттер.

Сабақтың барысы:

1. Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!

2.     Үй тапсырмасын тексеру

І топ. «Малдың төлін сүюі» жатқа айту. ІІ топ. Төрт-түліктің төлін ата. ІІІ топ. Төрт-түліктің пірлерін атап өту.

3.     Проблемалық тест. Үй тапсырмасы бойынша (Назерке деген оқушы: – Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан да, жіңішке де айтыла береді) дейді Мұраттың айтқаны дұрыспа?

а) Дұрыс. Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз жуан да,жіңішке де айтыла береді.

ә) Дұрыс емес сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз жуан айтылады.

Оқушылар дұрыс жауапты айтады.



4. Жаңа сабақ. Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру.

-Қазақ тілінде неше дыбыс бар? -Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? -Атап өтейік. -Ал ендеше І топ жуан дауыстылармен сөздер айтсын. -ІІ топ сол сөздерге сөйлем құрасын -ІІІ топ ерже құрастырсын.

Ал ендеше балалар, жуан дауысты дыбыстармен бірге жіңішке дауысты дыбыстар қатар жүреді. Ендеше балалар сендермен бірге өтетін жаңа тақырыбымыз «Әлди-әлди. Жіңішке дауысты дыбыстар». Қазақ тілінде дауысты дыбыстар өзара қалай болса солай байланыса алмайды. Жуан дыбыстылар тек жуан дауыстылармен ғана үндесіп байланысса,жіңішке дауыстылар тек жіңішке дауыстылармен байланысып үндесіп байланысады. Осыған қарай,сөздегі дауысты дыбыстар бастан-аяқ не біркелкі жіңішке болып келеді,яғни сөздің алғашқы дауысты дыбысы жуан болса,ондағы келесі дауыстылардың бәрі де жуан болып келеді. Осыған байланысты сөзде жуан айтылады.

Мысалы: «Домбыра»сөзі

Сөздің басында дауысты дыбыс жіңішке болса,келесі дауыстардың бәрі де жіңішке болады. Сөз де жіңішке айтылады. Мысалы: «әке» сөзі.

5.     Оқулықпен жұмыс. 48 бет «Әже» Хормен мәнерлеп оқу.

-Балалар әже дегенде кімді түсінесіңдер? -Сендер әжеге кім боласыңдар? -Сендердің балаларың кім болады? -Аналарыңның анасы сендерге кім болады?



Дәптермен жұмыс 41-жаттығу.

-Балалар сендерге «Бесік жырын» кім айтады? -Ендеше 41-жаттығуға қараймыз. «Әлди-әлди» өлеңін үш топқа екі жолдан бөліп береді. Сұрактарға жауап алу. Әр сөзінде неше дауысты дыбыс бар? Жуан ба,жіңішке ме? Дәптерге көшіріп жазып, жіңішке дауыстылардың астын сызамыз.

Ендеше балалар сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады.







Сергіту сәті.

Біз гүлдерше өсеміз, Жапырағы жайқалған. Сабақтары салалы, Желге ырғалып жайқалған.

«Шаңырақ шуағы» суреті бойынша қысқаша қысқаша әңгіме құрастыру.

-Балалар суретте кімдерді көріп тұрмыз? -Балаға ат қоямыз. -Балалар Нүркеннні қолында не бар? -Оған анасы қандай дыбысты түсіндіріп жатыр? -Қарындысы не ойлап тұр? Қалай ойлайсыңдар. -Балалар бұл қандай отбасы болады? -Суреттен тағы нені көріп тұрсыңдар? -Мысық жануардың қай түріне жатады?

42-жаттығу М.Мақатаев. «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!» атты өлеңді әнімен айтқызу. Өлең жолдарын бір шумақтан үш топқа бөліп беріп, жіңішке айтылатын сөздерді таптыру.



Қорытынды:

Оқушылар ақ қағаздың екі жақта салынған үйлерге бірінші үйге бір шаңырық астында тұратын үлкендерді, ал екінші үйге кішілерді (оған қандай туыс , жақын екендігін жазады)

АDrawObject1 та, әже, аға, ана, әке әпке сіңлісі, қарындасы, інісі

Екі үйдің арасындағы бос орынға үлкендер мен кішілер арасында сыйластық болуы үшін, «Олар не істеуі керек?» деген сұрақтарға жауап жазамыз.

Бағалау. Жұлдызша

Үйге тапсырма: «Шаңырық шуағы» тақырыбына әңгіме құрастыру. М.Мақатаев. «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!» әнімен жаттау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
289
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі