400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақтар интеллектуалды ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Еңбекпен тапқан тиын (Грузин ертегісі).

Сабақтың мақсаты: 1.Ертегі туралы мағлұмат беру арқылы шығарманың идеялық мазмұнын ұғындыру,Грузия халқы туралы түсінік беру.

2. Сөздік қорын дамыту,мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру,дүниетанымын кеңейтіп,шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

3. Ата-ананы құрметтеуге және еңбек етуге баулу.

Сабақтың түрі: түсіндірмелі жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:талдау,жинақтау,сұрақ-жауап,зерттеу.

Сабақтың көрнекілігі:ертегінің мазмұнына сай суреттер,слайттар, интерактивті тақта

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Қайырлы таң достарым,

Қайырлы күн болсын.

Жұма күннің сәті

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын.

-Иә,балалар,біз сабағымызда жақсы баға алуымыз үшін көп еңбектенуіміз қажет екен. (Ана тілі сабағына бейімдеу)
Жан азығы адамның ана тілі
Тек сонымен ашылған дала гүлі
“Өнер алды-қызыл тіл”-дейді қазақ
Бұл мәтелдің тереңде мәңгі сыры.

Оқушыларды 4 топқа бөлу:
І топ: “Білімділер” ІІ топ: “Ойшылдар” ІІІ топ: “Зейінділер”
IV топ: “Алғырлар”

ІІ.Үй тапсырмасы.

І топ .“Ер еңбекте сыналады”тақырыбындағы әңгіменің мазмұнын ашу.

ІІ топ.Жүк көтергіш кран мен жүк көлігіне венн диаграммасы арқылы сипаттама беру.

ІІІ топ.Мәтін түріне ажырату,негізгі ойды анықтау.

ІV топ.Сұраққа жауап беру

ІV топ Сұрағы:1. Жүк машинасы не деп мақтанды?
2.Көтергіш кран қалай жауап берді?

3.Мақтаншақтық қандай қасиет?
4.Сенің ойыңша кімдікі дұрыс?

5. Мәтіндегі негізгі ойды тап.

6. Сенің сыныбыңда мақтаншақ оқушы бар ма?

ІІІ.Жаңа сабақ. (Қызығушылықты ояту) Сөзжұмбақ.

Е




Ң





Б









Е



К






1....өнер кеніші. 3.Ат өнері білінбес,

2.Білекті бірді жығар, ........ түсіп жарыспай.

Білімді ......жығар. 4.Өнерлі......жүзер

5.........білім бұлағы

Еңбекпен тапқан тиын

(Грузин ертегісі)

Жұмбақтар Аңыздар

Өтірік өлеңдер Халық шығармалары Мақал- мәтелдер

Жырлар Жаңылтпаштар

Ертегілер

1.Қиял-ғажайып 2.Шыншыл ертегілер 3.Хайуанаттар жайлы

ертегілер ертегілер

Грузия халқы туралы мәлімет

Грузия 1991 жылы тәуелсіздігін алған,бұрынғы совет одағының құрамындағы ел.
Жер аумағы 70.мың шаршы км.
Халқы – 6.0 млн.Яғни біздің қазақстан халқынан 2 .5 есе аз.
Астанасы- Тбилиси.
Мемлекеттік тілі грузин тілі,ұлтаралық тілдері орыс және армян тілдері.
Ұлттық ақшасы- лари.

Президенті- Михаил Саакашвили.

ІV.Оқулықпен жұмыс.Мұғалімнің оқуы.Оқушылардың ертегіні рөлге бөліп оқуы.

V.Сөздікпен жұмыс.

1.Тірнектеп- еңбек етіп 2.Мүлік- күнделікті өмірде қолданылатын зат

3.Барды ұқсату- бар затты пайдаға жарату. 4.Ымырт- күн батар уақыт

Сергіту сәті. Қаражорға.

VІ.Шығармашылық тапсырма

І топ. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беру

ІІ топ.Еңбек туралы мақал –мәтелдер жазу.

ІІІ топ. Еңбек және ата-ананы қадірлеу туралы өлең жолын құрастыру

ІV топ.Алтын дегеніміз не?Зерттеу жұмысы.

V ІІ. Ой қозғау.

Төрт топқа бірдей тапсырма.

Қазақ тілінде осы ертегіге ұқсас қандай шығармаларды білесіңдер?

VІІІ.Қорытынды. Оқушыларды бағалау.

- Сабақ саған ұнады ма?
- Несімен ұнады?
- Саған жаңалық болған не?
- Болашақ өмірде қолдануға пайдалы білім алдың ба? Ол не?
түсіндіріп берсең.
- Сабақта кім жақсы жауап берді деп ойлайсың?
- Өзіңді бағала.

ІХ.Үйге тапсырма

1.Ертегіні оқып,түсінігін айту.

2. “Еңбектің пайдасы” деген тақырыпта ой толғау жазу.

3.Ертегіні сахналау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
374
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі