400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақтар интеллектуалды ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тапқыр болсаң, озып көр» математикалық сайыс ойыны.


Мақсаты:

1) Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру.

2) Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін, ұжымшылдықтарын дамыту.

3) Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, шығармашылыққа баулу.


Түрі: жарыс сабақ

Көрнекілігі: интерактивті тақта, қанатты сөздер, сөзжұмбақтар, презентация

Барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Таныстыру.

3. Ой сергіту.

4. «Сандар сыры»

5. «Сиқырлы бейне»

6. «Кім жылдам?»

7. «Ойлан, тап»

8. «Кім шығармашыл?»

9. «Сиқырлы төртбұрыштар»


Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Математиканың жанкүйерлері!


Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін «Тапқыр болсаң, озып көр» атты сайысқа жиналып отырмыз. Бұл сайыста екі топ білімдерін сынағалы тұрмыз. Олай болса, сайысымызды бастайық.


Сайысты бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдында дайындалып қойылған. Әр команданы ортаға шақырамыз, кешіміздің өтілу, тәртібімен таныстырайық.


Сайыс 9 кезеңнен тұрады. 1.Таныстыру. 2. «Сандар сыры» 3. «Сиқырлы бейне» 4. «Мергендер».


5. «Кім жылдам?» 6. «Ойлан, тап» 7. «Кім шығармашыл?» 8. «Сиқырлы төртбұрыштар» .Әр кезең 5 ұпайлық жүйемен бағаланады.

І. Таныстыру.


Әр топ өздерін таныстырады.








Picture 4 Picture 3


ІІ. Ой сергіту.


Ойынға кіріспес бұрын сергіту сәтін өткізіп жіберейік.

1) Екі қолда қанша саусақ бар, он колда ше?(10, 50)

2) Түйе 10 пұт жүкті 1 сағат бойы көтеріп тұрса, 1000 пұт жүкті қанша уақыт көтеріп тұра алады? (1 cағат)

3) 3 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (3)

4) 1 т мақта ауыр ма, 1 т темір ауыр ма? (тең)

5) Егер тырна 1 аяғымен тұрса 3кг тартады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг)

6) Үстел беті төрт бұрыш, оның бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?(5)

7) 1 т мақта ауыр ма, әлде 10 ц темір ауыр ма? (тең)

8) Бір жанұяның 5 ер баласы, және олардың әрқайсысында қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6)

9) 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? (үтір)


ІІІ. «Сандар сыры»


Сайысымыз «Сандар сыры» деп аталады. Мұнда сандардан құралған мақал-мәтелдер беріледі. Мақал-мәтелдің басындағы сөйлем оқылады, жалғасын сайыскерлер жалғастыруы керек. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қосылады)


1 топ.

1) 2 жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас.

2) Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.

3) Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді.

4) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

5) Бір тал кессең, он тал ек.

6) Бес саусақ бірдей емес.


2 топ.

1) 100 сомын болғанша, 100 досын болсын.

2) Бір күндік жолға шықсаң, үш күндік жолға азық ал.

3) Айдың он бесі жарық, он бесі қараңғы.

4) 1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді.

5)Досынды үш күн сынама, үш жыл сына.

6) Бір жақсы дос, жүз туыстан артық.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
402
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі