400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақтар интеллектуалды ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: Есеп. (сонша...) Қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Өрнектерді шығару кезінде 3 санының қосу мен азайту кестесін кеңінен қолдану, сөзді есептер шығару барысында кездесетін сонша сөзінің қолданылу мағынасын түсіндіре отырып білімді толықтыру.

Дамытушылық: Логикалық есептер шығара отырып оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өзара ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, тапқырлыққа баулу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Сабақ типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану,әліппе.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақты ұранмен бастаймыз.

«Ізденеміз жалықпаймыз,

Көп білуге талпынамыз!»

Үй жұмысын тексеру:

Үйге №4 есеп берілген. (Қосындылардың мәндерін табу)

8+2 =10 5+3=8

1+9=10 3+3=6

3+7=10

Үй тапсырмасын бекіту:

«Себетке алмаларды сал» ойыны

Өрнектерінің мәндері 3-ке тең болатын алмаларды себетке салу керек.

2+4 5-4

1+3 1+2

5-2 6-3

8-4 7-4

Сабаққа деген қызығушылығын ояту. Ой қозғау.

«Кім тез табады?» ойыны.

Шығармақ боп кеше есеп, Жиналған-ды 7 есек Үшеуі ұйықтап отырды, Ынталысы неше есек?


8 асықтың үшеуін Досың сұрап алады,

Айтшы сонда қолыңда Неше асық қалады?




Жаңа сабаққа дайындық:

-Балалар биылғы Жаңа жылымыз қандай жыл?

-Ұлу жылы.

-Балалар ұлу туралы не білесіңдер?(балалар әліппеден жаттаған тақпақтарын айтады)

Жаңа сабақ:

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен оқушыларды таныстыру.

Сабақтың тақырыбын тақтаға жазбас бұрын балаларға «Ойыншықтар дүкеніне» саяхатқа шығуды ұсынамын. Яғни, сөреде тұрған ойыншықтардың барлығын оқушылар алса, ойыншықтар астында жасырынған әріптерден жаңа сабақтың тақырыбы шығады.

№1. Есепті талдай отырып, екі бағандағы есептерді салыстыру.

БDrawObject1 ірінші ы.-3 а.

Екінші ы. - ?, сонша

Ж. екінші ыдыста 3 алма бар.


БDrawObject4 DrawObject2 DrawObject3 ірінші ы.-3 а. ?

Екінші ы. - ?, сонша

Ш: 3+3=6 алма - екі ыдыста

Ж. екі ыдыста 6 алма бар.


№2.

Қосындыларды екі бағанаға жаз. Бірінші бағанаға қосындыларды мәндерінің өсу ретімен жаз. Екінші бағанаға қосындыларды мәндерінің кему ретімен жаз.

3+2=5 7+3=10

4+3=7 8+2=10

5+3=8 6+2=8

6+2=8 5+3=8

7+3=10 4+3=7

8+2=10 3+2=5

Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып секірді.


Қарап еді артына

Қиығын салып көзінің,

Келе жатқан томпаңдап.

Көжегі екен өзінің.



№3 . Сурет бойынша есеп құрастыру.

Суретте жұмыртқа салғыш ыдыстар берілген. Бірінші ыдыста 3 жұмыртқа бар, ал екінші ыдыста сонша жұмыртқа бар. Екінші ыдыста қанша жұмыртқа бар?

БDrawObject5 ірінші ы.-3 ж.

Екінші ы.-? , сонша жұмыртқа

Ж: Екінші ыдыста 3 жұмыртқа бар.


Сабақты бекіту:

Балаларға базарлық.

Тал басында тізіліп,

10 алма тұр еді.

Жел соқты да үзіліп,

Түсті алманың 5-і.

Артынша оның тағы да

Түсті және 2 алма.

Айтыңдаршы, балалар,

Тұр әлі ілініп,

Алманың нешеуі?


Қорытынды:

-Бүгінгі сабақта не үйрендік?


Үйге: №4, 83 бет.

Тиісті санды орнына қойып шығару.


Бағалау:
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
441
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі