400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақтар интеллектуалды ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Көксерек»

Сабақтың білімдік мақсаты: Жеке ұстанымы, меншікті көзқарасы бар оқушының даму ортасын құруға көмектесу.

Оқушылармен бірге мәтінді бірлесе оқып талдау арқылы олардың талқылау сұрақ қою, ойлану, іздену қабілеттерін дамытатын орта құру.

Сабақтың танымдық мақсаты:«Көксерек» хикаятындағы қасқырдың

тағылық жолға түсу жолдарын суреттеудегі

жазушының шеберлігін таныту.

Талқылау барысында балалар мәтіннен тыс мәселелерді де қарастыруға жағдай жасау арқылы оларды өзін-өзі тәрбиелеуге жетелеу.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:

Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс арқылы олардың бір-бірінің ойын сыйлауға, тыңдауға, пікірлерін құрметтеуге үйрету.

Табиғатты қорғай отырып, қасқырға деген

көзқарасты қайта қарау;

2.Іскерлік, біліктілік қасиеттерін арттыру;

3.Мамандыққа баулу.

Сабақтың түрі : Іскерлік сабағы

Өткізу тәсілі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап,сұқбаттасу,мәнерлеп

оқу,оқушының шығармашылық жұмысы.

Іскерлік ойын, монолог жазу, пікір қорғау,образға ену.

Пәнаралық байланыс: Психология, әлем әдебиеті


Сабақтың көрнекілігі: Оқушылар салған суреттер, Мұғалім жасаған слайд мәтін, ватман, маркерлер

Сабақтың барысы:

Ой ашар (Амандасу , оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, сабақтың мақсатын айту.)

Диктор: Қайырлы күн, құрметті № 2 мектебінің оқушылары мен ұстаздары және мектеп қонақтары! Эфирде - «Балдәурен» арнасы. Бүгін күн қаңтардың -20-ы,Теміртау уақыты ---сағат -------минут. Студияда мен Әсем Бауыржанқызы.

Бүгінгі сабақтың басты мақсаттары:(мақсатты айтып шығу)


Үй тапсырмасын тексеру. «Балмұздақ» әңгімесін сұрау.

1 Жазушы не айтқысы келді?

2 Мирас балмұздақ жеуден неге бас тартты?

3 Егер сен біреудің ақшасын тауып алсаң, не істер едің?


Жаңа сабақ.

-Мұхтар Әуезов кім?

Shape1

Қазiргi Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Шыңғыстау деген жерде дүниеге келген.

Shape2

М. Әуезов (1897-1961) атақты қазақ жазушысы.

Shape3

Өмірінің соңғы 20 жыл көлемінде «Абай жолы» романын жазған.













Балалар, біз бүгін М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесімен танысамыз. «Көксерек» әңгімесі 1929 жылы жарияланды. Осы әңгімеде адам қолында өсіп және адам өміріне қарсы тұратын қасқырды бейнелейді. Әңгiмеде басты назар адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа аударылған. Ол ойлануға негiз болады демек, табиғатқа әсер ете отырып, әрқашан қандай да бiр жолмен қайтып оралатын iздер қалдырады.

  • Ой шақыру:

Сұрақ : - Қасқыр дегенде ойларыңа не келеді?

(ойларын жеке жазады, жұпта,

топта талқылайды, маркермен қағазға жазып орындау)

Кітаппен жұмыс:



- Неліктен Көксеректі Құрмаш қасында болғанда иттер таламады?

- Осы үзіндіден Көксерек туралы не айтқыларың келіп отыр?


- Неліктен Құрмаш Көксеректен қорқатын болды?


1.Әңгімені мәнерлеп оқу

2. Әңгіме туралы оқушылардың ойларын ортаға салу

3.Сөздік жұмыс

4.Ой толғаныс I ,II, III қатарға

Саяси жаңалықтар:? ?№№

Диктор: 4- сынып белсенділері бүгін «Табиғатты қорғау туралы» заңды талқылады. Мәжілісті мәжіліс төрағасы жүргізді. Заң жобасын эколог оқушы әзірлеп әкелді. Заң жобасын талқылағын оқушылар ішінара өзгерістер енгізу арқылы Заң жобасын бекітуге болады деп шешті.

(Заң жобасын талқылау Табиғатты қорғау ережелерін жазып келген оқушы өзінің жазағанын оқиды, басқа оқушылар өз пікірлерін қосады. Төраға дауысқа салады)

Табиғатты қорғау заңы.

Жер – біздің ортақ үйіміз. Оның бетіндегі тіршілік

иелері – біздің бауырларымыз. Біз олар үшін жауаптымыз. Ол үшін:

  1. Ауаны ластамау керек, құбырлардан шығатын түтінге шектеу қою керек.

  2. Әр үйдің қоқыс салатын жәшігі болу тиіс. Оны қаладан шығарып, арнайы орынға төгу керек.

  3. Өлекселерді қаладан шығарып, лақтырып тастамай, жерге көму жөн.

  4. Өсімдіктерді жұлмау керек. Қайта олардың өсуіне жағдай жасау керек.

  5. Тал егу, гүл өсіруді көбейту.

  6. Құзғындар мен жыртқыш аңдарды өлтіре бермеу керек.

  7. Техниканы бір күнге тоқтатып алу жөн болады.

  8. Өзендер мен көлдерді, теңіздер мен мұхитты мұнай қалдықтарынан тазартып, балықтар мен жәндіктердің өмір сүруіне көмектесу керек.

  9. Қызыл кітапқа енген аң мен құсты, өсімдік пен жәндіктерге тимеу тиіс.

  10. Бұлақтардың көзін ашқан жөн. Табиғатты қорғауға жердің әр тұрғыны міндетті.

(шығармашылық жұмыс)

Диктор: Бүгін 4 «ә» сыныбында М Әуезовтің «Көксерек» хикаяты бойынша I- топ сұрағы:«Адамның жауыздығы күшті ме? II-топ сұрағы:-Аңның жауыздығы күшті ме?» деген тақырыпта шәкірттер өз пікірлерін ортаға салды. Біздің тілшіміздің хабарына назар аударыңыз. (Оқушылар екі топқа бөлініп екі түрлі пікірді жақтап сөйлейді. Пікірталас қызықты болу үшін тілші шәкірт қатысып отырған қонақтардан сұхбат алады.)


Диктор: Бүгін біздің сыныпта жас жазушылардың байқауы өтті. Онда жас қаламгерлер Адамның, қасқырдың, иттің монологын жазды. Біздің бейнебаянға назар аударыңыз.

Әуезовтен бізге жетті көп дерек,

Тұтқын бопты Құрмашжанға Көксерек.

Шуылдасып ауылдың бар иттері,

Жабылыпты Көксерекке көп төбет.


Бөрі-дағы бөрілігін жасапты,

Қасқырдайын көріп пе едің қасапты?

Тамақ беріп күтіп-баққан Құрмашты
Жауыз қасқыр аямай-ақ асапты, - дегендей кейіпкер бейнесіне еніп, монолог жазайық. (Оқушылар монолог жазып,оны қорғайды.) Монолог тақырыбы:

Мен – Құрмаш

Мен – Көксерек

Мен – Аққасқа


Шетел жаңалықтары

Диктор: Енді шетел жаңалықтарымен таныс болыңыздар. Мұғалім Ақтоты Дулатқызы қасқыр туралы түрлі әдебиетке шолу жасайды

(Мұғалім Джек Лондонның «Ақ азу» хикаяты, Шыңғыс Айтматовтың «Жан пида» романы туралы айтып береді)

- Американ жазушысы Джек Лондон ХІХ ғасырда «Ақ азу» деген хикаят жазған. Онда қасқырдың адамға достығы, оны үйретсе үй жануары сияқты болатыны, өз иесіне адал қызмет ететіні жазылған . М Әуезов осы шығарманы оқыған соң, қарсы пікірде қасқырдың адамға дос емес, жау екенін дәлелдегісі келіп «Көксеректі» жазды. Себебі далада мал бағатын қазақ үшін қасқыр - қырдың жауы. Ал М Әуезовтің шәкірті Шыңғыс Айтматов бұл туралы өз шығармасын жазды. «Жан пида» деп аталатын романда қасқырдың қасқырлық жолға түсуіне адамның өзі кінәлі деген ой түйді. Бұл үш шығарма да - классикалық әдебиеттен орын алатын шығармалар. Ал қасқыр туралы келесі шығарманы кім жазады? Ол - болашақтың ісі. Мүмкін, сіздердің ішіңізде біреуіңіз жазар. Жаңа тым жақсы монологтар жазғандар бар. Сондықтан мына тақтада үлкен сүрау белгісі тұр.



Спорт

Диктор: Бүгін біздің сыныптың «Арлан» және «Көкжал» топтары кездесіп, Көксерекке мінездеме беруден футбол жарысын өткізді..Есеп------------- есебімен ---------тобының жеңісімен аяқталды.Бұл туралы жас спорт сарапшысы Қазыбек Абатұлы баяндайды.

«Көкжал» «Арлан»

Shape5 Shape4


Ашулы

Ызақор

Арам

Төзімді

Күшті



Ашқарақ

Долы

Жыртқыш

Кекшіл

Қыңыр






Көксерекке мінездеме









Жарнама

Жарнамаға жас ақын оқушының Мұхтар туралы жазған өлеңін оқиды.

Тұмшалаған бұлдыр күн сірә батты,

Артыңыздан мөлдіреп бұлақ ақты.

Талай қазақ сіз қалдырған сөз өнерін

Көзіңіздей бағалап келе жатты.


Әр сөзіңнен жүрекке бақ тарады.

Тілін ұрпақ Мұхтардың жаттар әлі.

Мұхаңның дарынымен дархан қазақ

Қай ғасырда болса да мақтанады!

Сергіту сәті:

Аспанға қарап ай көрдік

Төменге қарап жер көрдік

Оңға, солға бұрылып

Егеменді ел көрдік.

Бір,екі,үш,

Қолға жинап – күш.

Біз бақытты баламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

Ауа райы болжамы

Диктор: Ауа райы болжамымен Мұғалім А.Дулатқызы таныстырады. Ал мен сіздермен қоштасамын. Жақсы күндерде жақсы жаңалықпен кездесейік!

(Қазақстан картасы ілінеді. Оған қала орнына балалардың аттары жазылады. Мысалы: Бүгін 4- «ә» сыныбында ауа райы жақсы болады. Себебі біз негізгі мақсатымызға бірлесе жеттік. Көксеректің осындай жолға түсуіне себеп болған жағдайларды білдік.Осыған ат салысқан оқушылар бар, соларды бағалайық. --------- бүгін сабаққа белсене қатысты сондықтан 5° ыстық, --------- 4°жылы,- деп түсінік беріп бағалайды)

Ертеңгі бағдарлама

Яғни үйге берілетін тапсырма :

  1. 2-3 абзац үзінді жаттау:

  2. «Қасқыр неге ұлиды?» (ертегі не әңгіме жазу):

  3. Қасқыр туралы естіген, білгендерін жинау

4. Монологты аяқтау

Қорытынды:

Қымбатты балалар, сабағымызды табиғатпен бастап едік, табиғатпен аяқтайық. Жер - бәріміздің ортақ үйіміз. Ол аңға да, адамға да жетеді. сыйысып, сыйласып, тату өмір сүрейік. Болашақта еліміздің ертеңін ойлар осындай күрделі мәселелерді шеше алатын азамат болып өседі деп сенім білдіремін.!

Тіршілік иесіміз бәріміз де,

Сүруге өмір құқылымыз әлі біз де.

Сақтайықшы табиғат заңдылығын

Сабақ болсын Көксерек тағы бізге!

Шаттыққа шырқалса екен әніміз де!


Қымбатты балалар, бізді манадан бері толғандырып, ойландырып, айтыстырып отырған әлемге әйгілі жазушы Мұхтар Әуезов. Оның «Көксерек» әңгімесі. Оның жазушылық шеберлігі.Осындай талантқа таң қалмасқа, сүйсінбеске болмайды.

Ертеңге кәміл сенген абайлықтар,

Мұхтар мен Абай артқан талай жүк бар.

Жаз сайын құлпырғанмен мынау өңір,

Шіркін-ай, туар ма екен Абай, Мұхтар!

Білемін Білмеймін Білгім келеді



Сабақ белсенділері:

Білім министрі, Жазушылар

Мәжіліс төрағасы, Ақын

Мұражай қызметкері Диктор

Тілші Суретшілер



Қорытынды:

Біз бүгін не өттік?,Не білдік?, Не білгілерің келеді?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
493
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі