400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Ашық сабақ:Тәрбие жұмыс әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

FZE.jpg Боленова Аяулым Думанқызы,

«Жақия Шайжүнісов атындағы электронды колледжінің» арнайы пәндер оқытушысы.

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.


Тәрбие жұмысының әдістемесі, мазмұны, тарихы

Тәрбие жұмысының әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері

Пәннің мақсаты: тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру технологиясын, тәрбие үдерісінің негіздерін танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады.

Пәннің міндеттері:

  • студенттерде оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының әдістемесі мен технологиясы саласында кәсіби-педагогикалық құзыреттілікті меңгеруді мақсат етіп ұстануды дамыту;

  • тәрбие теориясы бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету;

  • студенттерде жалпы педагогикалық және арнайы құзыреттіліктерді: мақсаттылық, жобалаушылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтілік, диагностикалық, аналитикалық және т.б. қалыптастыру;

  • студенттерді оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында үздіксіз креативтілігін дамытуға ынталандыру.

Білім мен дағды талаптары

«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсын оқыту барысында студент меңгеруі тиіс:

  • тәрбие жұмысының мәні, мақсаты мен міндеттерін;

  • мектеп пен социумның тәрбиелік жүйесін;

  • сынып жетекшісі іс-әрекетінің жүйесі мен бағыттарын;

  • педагогикалық ынтымақтастық әдістерін;

  • балалар ұжымын;

  • тәрбие жұмысының формаларын, әдістерін, құралдарын;

  • тәрбие технологияларын;

  • тәрбие жұмысының және ұжымдық шығармашылық іс (ҰШІ) технологияларын;

  • оқушылардың тәрбиелілік деңгейлерінің және тәрбие жұмысының диагностикасы туралы білімдерді меңгеруі тиіс.

«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсын оқыту барысында студентте келесі біліктіліктер мен дағдылар қалыптасуы керек:

- сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау;

- педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;

- балалар ұжымын қалыптастыру және оның жағдайын диагностикалау;

- балалармен тәрбие жұмысында ҰШІ-ті ұйымдастыру және тәрбиенің инновациялық технологияларын пайдалану;

- қиын балалармен жұмыс және оның диагностикасы;

- ата-аналармен және қосымша білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттестік;

- оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру;

- ата-аналар жиналысын дайындау және өткізу;

- дарынды балалармен жұмыс;

- мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстары.


«Тәрбие жұмысының тарихы» оқыту үдерісінде студент педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға теориялық әрі практикалық дайындығын және оның кәсібилігін сипаттайтын көрсеткіштерінің бірлігі ретінде құзыреттіліктерді меңгеруі қажет:

- болашақ мұғалімнің құнды түсініктерімен, оның қоршаған әлемді сезіну және тану қабілеттерімен, онда бағдарлану, өзінің рөлін және арналғандығын саналы түсінумен байланысты құнды-мағыналы құзыреттілік;

- мақсатты білім және біліктермен оқу-танымдық іс-әрекетті жоспарлау, талдау, рефлекция, өзіндік талдаумен байланысты қалыптасатын оқу-танымдық құзыреттілік;

- болашақ мұғалім іс-әрекетінің дағдысын оқу пәні мазмұнындағы, білім беру саласындағы және сонымен бірге қоршаған әлемдегі ақпараттармен қамтамасыз ететін ақпараттық құзыреттілік;

- айналадағы адамдармен және оқиғалармен қарым-қатынасын, тәсілдерін, қажетті тілдерін, топта жұмыс істеу дағдысын, ұжымда әртүрлі әлеуметтік рөлдерді игеруді енгізетін коммуникативті құзыреттілік;

- физикалық, рухани және интеллектуалды өзін-өзі дамыту, эмоционалды өзін-өзі реттеу және өзін-өзі қолдау тәсілдерін меңгеруге бағытталған тұлғалық өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі.

«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсын оқытудан бұрын төмендегі педагогикалық пәндер: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Педагогика», «Этнопедагогика», «Педагогика тарихы» оқытылып, бірінші курстағы үздіксіз педагогикалық практика студенттерде тұтас педагогикалық үдерісте оқушы тұлғасын дамытудың, тәрбиелеудің, қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін қалайды.

«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін» оқыту студенттердің әдістемелік пәндерді жетік меңгеруіне, педагогикалық практиканы табысты өтуіне негіз болып табылады.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
864
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі