жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық-сабақ.Тәуелсіздік жетістіктері
Ашық сабақ тақырыбы: «Тәуелсіздік жетістіктері»
Сынып сағатының мақсаты: оқушылардың бойында отансүйгіштік сезім ұялату,ҚР Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру.Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігінің қазақ тарихындағы алатын орнын,құндылығын оқушылардың сана-сезіміне сіңірту.
Мұғалім:- Сәлеметсіздер ме, балалар.Жаңа оқу жылы құтты болсын!Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тәуелсіздік жетістіктері» деп аталады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалсын.
Ағыл да тегіл арындап арман
ағысы,
бүтіндеп бойын бүрленді бүкіл бақ
іші.
Жанданып жатыр жарасын жалап
жазатын
табанын тұздан тоздырған түздің
тағысы.
Қағанаттардан Қазақстанға
жеткендей,
қамшы салдырмас қазанаттардың
шабысы.
Айбаты асқақ арыстандайын
алыстым,
Абылай болып жаныштым мысын
Шарыштың.
Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек
–
алты алаш үшін құрбаны болған
Намыстың.
Қайрат пен Ербол, Сәбира, Ләззат көз
жұмған
Желтоқсандағы ызғарлы желмен
қағыстым.
Мұғалім:Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналады. Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады.Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл. «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі қазақстанның жетістіктеріне арналады.
Слайд.Қазақстан жетістіктері:
1991 жыл:
-
1-желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
-
16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз,демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды.
-
2-қазанда Байқоңырдан «Союз-ТМ-13» кемесімен ғарышқа қазақтың тұңғыш ғарышкері Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы ұшты.
-
29-тамызда ҚР президенті Н.Ә Назарбаевтың жарлығымен Семей полигоны жабылды.
1994 жыл:
-
Талғат Мұсабаев «Союз ТМ6» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты.
-
5-желтоқсанда Будапештте Ұлыбритания, Рессей және Америка Құрама Штаттарының басшылары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы Меморандумға қол қойды.
-
Наурыз айында ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев Еуроазиялық Одақты құру жөнінде мәселе көтерді.
-
ҚР парламенті стратегиялық маңызды «Мұнай туралы» заң жобасын қабылдады.
1995 жыл:
-
ЮНЕСКО шешімі бойынша ақыл-ойдың данышпаны қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы атап өтілді.
-
1-наурызда Қазақстан Республикасының президентінің Қазақстан халықтары ассамблеясын құру туралы жарлығы шықты.
-
30-тамызда еліміздің Ата Заңы жаңа Конституция қабылданды.
1996 жыл:
-25 мамырда Қазақстан Республикасы және Рессей Федерациясы арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды.
- ұлы ақын,жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың жылы деп аталып өтті.
1997 жыл:
-
Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы және қуғын-сүргіндерді еске алу жылы болып саналды.
-
-20-маусым «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заң қабылданды.
-
Көші-қон және демографиялық агенттігі құрылды.
-
10-желтоқсан Ақмола қаласы Астана болып жарияланды.
-
ҚР «Тіл туралы» заңы қабылданды.
-
Білім заңы қабылданды.
-
11-желтоқсан Қазақстан халқына «Қазақстан 20-30» жолдауы қабылданды.
2002 жыл:
-
Елімізде денсаулық жылы болып жарияланды
-
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ЕурАзЭК Мемлекетаралық Кеңесінің Төрағасы лауазымына сайланды.
-
«Астана-Бәйтерек» монументі салынды.
-
Алматыда Давос аясындағы Еуразиялық экономикалық саммит өткізілді.
-
Түркістан қаласында қазақтардың Екінші дүниежүзілік құрылтайы болып өтті.
2013 жыл:
-
«Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.
-
2013 жылы EXPO 2017 өткізу құқығын алдық.
2016 жыл:
-
Тәуелсіздікке 25 жыл толды.
-
Қостанай қаласына 80 жыл толды.
-
Ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл
-
Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы аталып өтті
-
Қазақстандықтар олимпиадада барлығы 17 медаль (3 алтын,5 күміс,9 қола) алып, ел спорты тарихында жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді
4-маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Ақыл Сабина:
Қазақстан дейтін, менің бар
елім,
Жатыр алып жарты дүние
әлемін,
Бұл даланы анам жаспен
суарған
Бұл далада атам қолға ту
алған,
Бұл далаға жылап келіп
уанғам
Бұл даланы көріп алғаш
қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ
арман.
Нұрғали Ернар:
Тұрағым Қазақстан-елді-мекен,
Сүйгем жоқ, сүйе алмаймын жерді бөтен.
Танытқан бар әлемге қазақ атын,
Туымды асқақтата желбіретем.
Бердібек Ақмейір:
Тәуелсіздік-менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсің Мұхтар,Абай,Шоқаным,
Тәуелсіздік-сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік-ақ батасы атаның.
Тәуелсіздік,Тәуелсіздік-жыр-әнім,
Көк байрағым,Елтаңба,Әнұраным.
Мұғалім: Балалар, «Отан
дегеніміз не?»
1-оқушы: Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған-
туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде
тұратын адамдардың Отан- ҚР-сы.
2-Оқушы: Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең.
Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қарат та
кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз
өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай.
3-оқушы: Осы ҚР-ның жас ұланы екенімді мақтан етем. Оның бай
тарихын зердеме түйіп, ертеңгі азаматыболу үшін білім аламын, еңбек
етемін. Кешегі тарих жолында елдің ел болуына қызмет еткен
халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсемін.
4-оқушы: Отаным менің кең- байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар
тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос. Қазақ халқы ешуақытта соғыс
тілемейді бейбітшілік үшін күреседі.
Мұғалім: Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп,
аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын, өлең өрнектерімен
өрнектеп терең мағыналы сөз өнері арқылы, өлең-жырымен
тәлім-тәрбиесін зор ойлар айта білген.Қазақтың мақал-мәтелдерінің
айтары- өсиет, ұлағат, тәлім,
парасат.
Данияр Сезім:
Ең бірінші бақытым – Халқым
менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым
менің.
Ал екінші бақытым – Тілім
менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен
түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан
деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
Кәрім Жантөре:
Ұшқыш батыр ағаның,
Өнегесін аламын.
Аспан үстін шоламын,
Мен ғарышкер боламын.1991жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері-
Тоқтар Әубәкіров ғарышқа
самсаған.
Нұржан Көркем:
Туған тілім
Туған тілім-бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім- анам тілі - өз тілім!
Туған тілім –далам тілі-өз тілім
Туған тілім- өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнімменен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып алыңдар.
Рахимбай Көркем:
Мен оның түнін сүйем, күнін
сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін
сүйем,
Мен оның қасиетті тілін
сүйем,
Мен оның құдіретті үнін
сүйем.
Бар жәндігін сүйемін
қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп
сыбырлаған
Жаным
менің,
Кеудемді жарып шық
та,
Бозторғайы бол оның
шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік
екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп
өтем.
Отанды сүймеуің де күйік
екен,
Отанды сүйгенің де күйік
екен...
Тасқұл Маржан:
Ең бірінші бақытым – Халқым
менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым
менің.
Ал екінші бақытым – Тілім
менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен
түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан
деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
Тілектес Кәусар:
Бақытты боп
жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы
Отан.
Елім менің
–тірегім,
Құшағында гүл
атам.
Мұғалім: Елбасымыз Н.Ә.
Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық
көрсетеді.
Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Мұндай
көшбасшымыз бар біздің болашағымыз айқын.
Қысқа фильм.Елбасы
жолы
Тиллабай Ақбота:
Жақсы аттанды демессің сүйем
десем,
Табынатын тәңірім, ием де - сен.
Адам болып күн кешу қиын маған.
Арқа тұтып, өзіңе сүйенбесем.
Сен менің сүйегім мен қанымдасың,
Жанымдасың, ұятым, арымдасың.
Саған деген махаббат дамылдасын,
Тек сенің топырағыңды жамылғасын.
Өзіңше түсің де ерек, ісің де ерек,
(Сырым бар саған айтар ішімде көп.)
Қомағай көзімді бір тойдыра алмай,
Қорқамын бәрі осының түсім бе деп.
Қазақстан!
Пай, пай, пай!
Ардағым-ай!
Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай,
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!...
Тілектес Жасмин:
Ата-бабам арман еткен,
Егеменді Қазақ жерім.
Қуанышың көптен күткен,
Құтты болсын, дарқан елім.
Ән.Көк тудың желбірегені
Мұғалім:Олай болса тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген