400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ:Тәуелсіздікке 30жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздікке 30 жыл . Тәуелсіздік құрбандары жайлы қысқаша мәлімет беру.Көрініс.Өлең жолдары.Қайрат Рысқұлбековтың монологы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мейірім балабақшасы

Болашақ тобы

2021-2022 жыл







«Тәуелсіздікке 30 жыл»

атты ашық сабақ









Ұйымдастырған тәрбиші:Кубилекова Меруерт Алкеновна






Тақырыбы:«Тәуелсіздікке 30 жыл»

Жүргізуші:Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер! Биыл  еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толып отыр.
  Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!

 Болашақ тобының балаларын қарсы алыңыздар!

1-күй

Ту-мемлекеттік егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздердің бірі.Мемлекеттік туды көтеру салтанаты:

Балалар ту таралы қандай өлең жолдарын білесіңдер?

2.Балалар :

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашан да

Биікке іліп қояды.

Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен , Елтаңбамызбен басқа елдерге мақтан етеміз.

Барша халық таныған,

Біздің үміт тілекті .

Шырқалғанда әнұран,

Шаттық кернеп жүректі дей отыра, әнұранға кезек берейік.

3-Әнұран орындалады.

Жүргізуші:Жарайсыңдар !!!

Ал,енді сендерге бір жұмбақ жасырайын:

Құт-береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген?

Балалар:елтаңба

  Көк аспанның түсі бар

Ортасында күні бар

Қыран ұшқан қалықтап

Ол не екен балалар?

Балалар:ту

Жүргізуші:Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.Балалар желтоқсан оқиғасының құрбаны болған аға-апаларынның есімін білесіңдер ме?

Балалар:иә

Жүргізуші:атап беріңдерші

Балалар:-Қайрат Рысқұлбеков

-Ләззат Асанова

-Ербол Сыпатаев

-Сәбира Мұхамеджанова.
Жүргізуші:Ел намысын қорғаған ерліктері мәңгі өшпейді.

Орыны ағалардың бізбен толсын

Сәбилер ағалардың жолын қусын

1 минут үнсіздікпен еске алайық

Аруағы аға-әпкенің риза болсын !

Бәріміз орнымыздан тұрып ,1 минут үнсіздікпен еске алайық.

4- 1 минут үнсіздік

Өздері өмірлерін қисада ,арттарында өшпес іздері қалды.Олардың арман тілегі орындалды.Қазір біздің еліміз тыныш,жақсы өмір сүріп жатырмыз. Олай болса, біздің балалар тәуелсіздік туралы не айтады екен?Тақпақтарға кезек берейік:
Әли:
Қалса да қайда көлің, қайда жерің,
Қасқайып хақ жолынан таймап едің.
Айрылып күндіз – күлкі,түнде – ұйқыдан
Күткенің осы еді ғой, қайран елім! 

Айша К:

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн
Амиржан
Өзіңдікі туың да,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным!
Белді бекем буын да.

Дінмұхаммед

Қазақ елім отаным

Өзіңсің менің отаным

30 жылдығың құтты боп

Ата бе рсің ақ таның

Инкар:

Мәңгілік ел-менің аппақ мұратым

Болашаққа нұрын шашып тұратын

Мәңгілік ел-нұрлы жолы қазақтың

Барлық елге мойындатар қуатын


Тәуелді елдің сұлтаны болғанша

Тәуелсіз елдің ұлтаны бол.



Еркежан

Азат елдің аспаны ашық

Егемен елдің еңсесі биік.

Алинұр:

Жасай бер елім,қазағым

Еселеніп ғажабын

30 жылдығың құтты болсын

Кіре берсін ажарың.


Каусар:

Тәуелсіздік елімде

Бақыт құсы самғап ұшты көгімде

Қазақ деген ғажап халық қашаннан

Көк бөрінің ұрпағымыз тегінде.

Алинур Ж

Қаақстаным айбыным

Өзіңсің менің ай күнім

Отыз жылдығын сыйласын

Таусылмас шаттық байлығын.

Айлин

Республика ерікті ел Қазақстан

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан

Келді алыстан аңсатып армандатып

Торды бузган мен де бир арыстан.

Ният

Өзіңді мақтан етемін

Қазақстаным отаным

Құтты боп отыз жылдығын

Жаса деп үн қатамын.

5-Ән :Желтоқсан Желі

- Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше, тәуелсіздік жолындағы тарих беттеріне тағы бір зер салайық.

6-Көңіл толқыны күй

Көрініс:Желтоқсан желі

Хатшы Еңлік:

Тыныштық сақтаймыз.

Орындарыңыздан тұрыңыздар аса мәртебелі сот мырза келе жатыр.

Отырыңыздар!

Сот Әли:Қайрат Рысқұлбеков сен 16 желтоқсан алаңға бардың ба?

Қайрат Мансур:

Иә,мен сіздерден еш жасырмаймын,мен алаңға бардым,көпшілікпен бірге.Ол жерге барған себебім қазақтың уыздай қыздарын ұрып-соғып,

өлтіріп жатыр дегеннен кейін үйде отыруға намысым жібермеді.

Сот:Сен өзіннің адам өлтіргенінді мойындайсын ба?

Қайрат:Құдай өзі куә адам баласын өлтірген жоқпын.Жала жаппаңдар

Сот: соттың соңғы шешімы бойынша Қайрат Рысқұлбеков ату жазасына кесілсің.Ақтық сөзін болса айтып қал.

Қайрат:

Күнәдан таза басым бар

21 жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең,алыңдар

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар.

Қайраттың анасы Аянат:Шырақтарым кешіріңдер!Мен анамын.Ұлым үшін кешірім сұраймын!Кешірім беріңдер!

Сот:Алып кетіңдер ананы!

Қайрат:Анашым жылама,көз жасыңды көрсетпе!

Жүргізуші:

Рөлді ойнағандар:

Қайрат Рысқұлбеков-Кеңес Мансур

Қайраттың анасы:Сартбай Аянат

Сот орындаушысы-Сыдықжан Әли

Хатшы-Ерлан Еңлік

Полиция қызметкерлер:Әлімбек Дінмұхаммед,Бақытбек Хангелді.

Балалар сендер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарысыңдар . Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге , сүюге, қорғауға ант етесіңдер ме?

Балалар:Ант етеміз!Ант етеміз!Ант етеміз!

Енді мың бұралған қыздарымыздың биіне кезек берейік!

7-Қазақ биі ------ Күй шашу

Жүргізуші:
- 1931-33 жылдары өркениетті қоғам құру шаралары бүкіл елді тығырыққа тіреді. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40 % қырылды.1 млн 578 мың халық атамекенін тастап кетті.40 жылдай уақыт өткеннен кейін ғана бәрі қалпына келді.Қазір біз тәуелсіз елдің ұландарымыз!

Ал,балалар сұрақ-жауап ойының ойнайық.Дайыңсындар ма?

Балалар:иә

-Еліміздің президенті кім?

-Қасым Жомарт Тоқаев.

-Еліміздің алғашқы президенті кім?

-Нұрсұлтан Назарбаев.

-Туымыздың түсі қандай?

-Көк.

-Біз қандай мемлекетпіз?

-Тәуелсіз

Жүргізуші:

Намысшыл боп келеді әрбір қазақ

Қазақпын деп мақтану қандай ғажап

Ұлтын,салтын сыйлайтын ұрпағың бар

Жаңғыртайық дәстүрді ұмтыл қазақ!

7-Мансұрдың орындауында Мен қазақпын әні
Жүргізуші:
- Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға - әпкелеріміздің арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.Ендеше, осындай бейбіт елде ата- ана,бауырларымызбен тамаша өмір сүрейік

8-монолог музыка

Қайрат Рысқұлбековтің монологы .Орындайтын Хангелді

Армансызбын,

Ажалсызбын

Азатпын

Мендегі мұң ғажап әрі азап мұң

Ұлтым үшін ұлтарақпын

Қазақпын

Көкбөріңің сіңіріндей сірімін

Сол үшінде ажалсызбын тірімін

Шырылдаған құлындардың бірімін.

Аз десең сүйегіммен ,сүтіммен де

Қазақпын!

Жүргізуші:Еліміз аман Жұртымыз тыныш болып мәңгі ел болып гүлдеп өсіп өне берейік.Тағыда өлең жолдарына кезек берейік:

Еңлік

Мәңгілік ел-арманымның асқары

Мәңгілік ел-бақытымның бастауы

Мәңгілік ел-тарихымның дастаны

Мәңгілік ел-нұрлы жолға бастады.

Раяна:

Мәңгілік ел-менің аппақ мұратым

Болашаққа нұрын шашып тұратын

Мәңгілік ел-нұрлы жолы қазақтың

Барлық елге мойындатар қуаты

Аянат:

Мәңгілік ел-бейбіт өмір әуені

Мәңгілік ел-ен адамдай әдемі

Мәңгілік ел-тәуелсіздік тірегі

Мәңгілік ел-бүкіл халық тірегі.

Мансұр:

Любимый Казахстан

Родина моя

Тебя с днем независимости

Поздравляю я.

Еңлік:

Независимой,счастливой

И богатой быть всегда

От души тебе желаю

Моя милая страна.

Айлин Ж:

В небе голубом

Цвети моя республика родная

Мой Казахстан

Ты мой родимый дом.

9-Ұлдар биі:Мен қазақтың баласы

Тәуелс

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қаңтар
1715
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі