жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ.Теңге.Монета және қағаз ақша.
Пән:Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3В бөлім Көбейту және бөлу Есептер Сынып: 2 «А» |
Мектеп: «В.Терешкова атындағы орта мектеп» КММ Мұғалім: Мамесалиева Ж.С Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
Сабақ тақырыбы |
Теңге.Монета және қағаз ақша. |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
2.1.3. 6 50 тг, 100 тг тиындарды, 200 тг, 500 тг қағаз ақшаларды ажырата білу және олармен әр түрлі операциялар жасау |
||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: 50тг, 100тг тиындарды, 200тг, 500тг қағаз ақшаларды ажырата біледі; Көпшілігі: 50тг, 100тг тиындарды, 200тг, 500тг қағаз ақшаларды ажырата біледі және олармен әр түрлі операциялар жасайды; Кейбірі: 50тг, 100тг тиындарды, 200тг, 500тг қағаз ақшаларды ажырата біледі өмірде қолдана алады. |
||
Бағалау критерийлері |
50тг, 100тг тиындарды, 200тг, 500тг қағаз ақшаларды ажырата білу және олармен әр түрлі операциялар жасауды үйренеді. |
||
Тілдік мақсаттар
|
Монета, купюра |
||
Құндылықтарды дарыту
|
Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Тірек сөздерді қолдану арқылы қазақ тілі ағылшын тілі орыс тілі пәндерімен байланыс орнады. |
||
АКТ қолдану дағдылары |
АКТ – мен байланыс, Теңге банкноттарының иллюстрациялары бар |
||
Бастапқы білім
|
|
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 3 минут |
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық
дайындық: 2.Топқа бөлу Теңге,доллар ,евро купюралары арқылы топқа бөлінеді. |
100 тг 50 тг 20 тг
|
|
Сабақтың ортасы 2 минут
5 минут
10 минут
5 минут
Сабақтың соңы 7 минут
|
«Құпия зат» әдісі арқылы өткен сабақты еске түсіру. Амиянды көрсету. -Балалар, бұл не ? -Біздің бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар? -Өте,дұрыс айтасыңдар. (Ұлттық валюта туралы бейнеролик көрсету) «Сұрақтар жаңбыры» тәсілі ойға түрткі тастау. 1.Қ.Р –ның ұлттық валютасы қандай? 2. Біздің монеталарымыз неден жасалады? 3. Қ.Р-ның ұлттық теңгесі қай жылы қолданысқа енгізілді? Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Мақсаты: 50 тг, 100 тг тиындарды, 200 тг, 500 тг қағаз ақшаларды ажырата білу және олармен әр түрлі операциялар жасау. -Ұсақ ақшаны қалай ірілеу керек? -Ірі ақшаны қалай майдалау керек және дүкенге барғанда ақшаны қалай пайдаланып есеп айырысу керек екенін үйренеміз. (Топтық жұмыс) Постер қорғау. Ақшаны ұсақтау және майдалау. Көрнекі теңдіктерін жазу. 1-топ. 200 тг, 100 тг, 50, 50, 2-топ. 500 тг, 200, 100,100 3-топ. 1000 тг, 500,200,200,100 тг Дескриптор: Теңдік сандық өрнектерді таниды, оқиды жазады және өрнек құрастырады. Ірі ақшаны ұсақтайды. ҚБ: Отшашу арқылы топтар бірін-бірі бағалайды. -Балалар, қазақтың ұлттық ойыны «Теңге ілу» туралы есігендеріңіз бар ма? -Ендеше, барлығымыз бейнекөрініске назар аударайық. Интербелсенді тақтадан «Теңге ілу» ойыны туралы бейнекөрініс көрсету. -Біздің сабағымыздың өзінің тақырыбы «теңге ілу» -Балалар, бұдан былай «Теңге ілу»ойыны туралы білеміз бе? -Ендеше, «теңге ілу» ойынын ойнап көрейік. «Теңге ілу ойыны» Ойынның шарты. -Қазір мен жерге теңгелерді қоямын 3 топтың басшысы жүгіріп шауып келіп, теңгені іліп әкетеді орнына жайғасып, қанша теңгені іліп алып кеткенін санаймыз. Дескриптор: Монеталардың санымен және ақшасының соммасын табады. ҚБ: Бас бармақ әдісі арқылы бағалау. Сергіту сәті. «достарым» биі Оқулықпен жұмыс. «Ойлан,жұптас,бөліс» 1-топ. Есептің шартын құрастырады. 2-топ. Сызбасын сызады. 3-топ. Осы есепке кері есеп құрастырады. Дескриптор: Есетің шартын құрып,мәнін табады. Талдай отырып, кері есеп құрастырады. Талдай отырып, сызбасын сызады. ҚБ: «Екі жұлдыз ,бір тілек» Дәптермен жұмыс. (Ұ) «Сақина тастамақ» ойыны . 4-тапсырма.Көрсетілген ақшаны монета және қағаз ақшалармен ұсақтайды. Берілген монеталар жиынынан теңдіктер мен теңсіздіктер құрастырады. Дескриптор: Тура теңдіктер мен теңсіздіктер құрастырады. Екі амалды есептерді шығару дағдыларын қолданады. ҚБ: Отшашу арқылы. Кері байланыс. -Балалар,бүгінгі сабақта не білдік ? -Нені үйрендік? Рефлексия. «Жетістік баспалдағы» арқылы. Оқушылар сабақтан алған әсерін стикерге жазып, жабыстырады. Үйге тапсырма: 3 –есептің (ә)
|
|
|
|
|
|
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
«Теңге ілу»,«Сақина салу», тапсырмасы бойынша монеталар мен купюраларды ұсақтауда қиындық туындаған оқушыларға қолдау көрсету |
Сабақтың барысында оқушылардың ірі монета мен купюраларды неғұрлым ұсақ монета мен купюраларға ұсақтау нұсқасын бақылау арқылы бағалау. |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады |
|
Бекітемін
Мектеп директоры_________
Джарикбасова А.С
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Теңге,монета және қағаз ақша»
Сыныбы: 2 «А»
Бастауыш сынып мұғалімі: Мамесалиева Ж.С
2019-2020 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген