400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ.Түбір мен қосымша. 3 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ өткізу өте пайдалы.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: «Уақыт»

Күні: 19.11.19.

Пән: қазақ тілі

Мектеп:Мәлік Ғабдуллин негізгі мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:Тасмагамбетова А. К.


Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Құндылық:

Қасиеттері:

Түбір мен қосымша

Дұрыс әрекет

Шындықты айту,таза ой,тыңдау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.4.1.2 түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

-түбір мен қосымшаның жазылуын біледі.

Оқушылардың көбі:

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді.

Оқушылардың кейбірі:

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді.

Бағалау критерийлері

- пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;

- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

- түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазады

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Түбір сөз, туынды сөз, түбір, қосымша, жұрнақ, жалғау;

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Түбір сөз дегеніміз не? Туынды сөз дегеніміз не? Қосымша дегеніміз не?


Құндылықтарды дарыту

Өз іс-әрекетін жоспарлауға, уақытты тиімді пайдалануға үйрету

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану,өзін-өзі тану

Алдыңғы меңгерілген білім

Түбір мен қосымшаның жазылуы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі. (Ұ) Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз». Шеңберге жиналып, бір – біріне есімінің бастапқы әрпінен басталатын жылы лебіз, тілек айту.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. (Т) Өткенді бекіту.

(Ұ) «Сұрақ ілмегі» әдісі бойынша алдыңғы білімді пысықтау.

Түбір сөз дегеніміз не?

Қосымша дегеніміз не?

Қосымша нешеге бөлінеді? Қандай?

Жұрнақ дегеніміз не?

Жалғау дегеніміз не?

ІІІ. Ой қозғау тапсырмасы. Түбір сөзді естігенде 1 рет,туынды сөзді естігенде 2 рет қол соғу.

Балық, балықшы, әнші, ән, күй, күйші, шеге, шегеле, үтікте, үтік, астық, ас, қолғабы, қолғап, кітабы,кітап.

Осы тапсырмадан кейін сабақтың тақырыбын хабарлау.


Шаттық шеңбері





Слайд


Сабақтың ортасы

6-15 минут



























16-17 минут




18-20 минут










21-23 минут



24-26 минут








27-29 минут








30-33 минут

ІV. Негізгі бөлім. Жаңа сабақ.

Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді: кітап - кітабы, парақ – парағы, әріп –әрпі, халық – халқы. Түбір сөзге -ы, -і дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кезде өзгеретінін аңғарту.


3.2.3.1 (МК; Ө; Ұ; Қ) Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.

1. Уақыт өлшем бірліктері неліктен қажет?

2. Не себепті «Сағат» және «Уақыт» ұғымдары қатар жүреді?

3 Әрбір өткен мезеттің немесе бір минуттың адам өміріндегі маңыздылығы қандай деп ойлайсың? т.с.с.

Оқушыларға өтілетін мәтіннің тақырыбы мен мазмұны болжатылады.

-Мәтін не туралы болуы мүмкін?

Оқушыларды топқа бөлу.

Оқылым. Оқулықтағы «Бір минут» мәтінімен жұмыс ұйымдастырылады.

Топтық жұмыс. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру. Сұрақтарға жауап беру. 1-топ мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, ал 2-топ мәтін мазмұнымен жұмыс істейді. 2-топ оқушылары 1-топтың қойған сұрақтарына толық, жүйелі жауап береді.

Бір – бірінің жұмысын бағалау. Екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы рефлексия жасау.

Сергіту сәті. «Көңілді күн»

Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.


3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Жазылым. Жазба жұмысы «Қос жазба күнделігі» стратегиясы арқылы ұйымдастырылады.

Оқушылардан таратылып берген парақты ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады.

Тапсырма 1.

1. Берілген сөздерді жинап алу - бөліктің оң жағына жазады.

Адам, бір, өмірінде, бар, минуттың, да, маңызы.

2. Мағынасын ашу – бөліктің сол жағына жазады.

Бір минуттың да адам өмірінде маңызы бар.

-Адам өмірінде уақыттың қандай маңызы бар?



-Сен уақытыңды қалай пайдалана білесің?

Тапсырма 2. Сызбамен жұмыс.

Сызбаға сәйкес сөздер тауып жаз.

Түбір сөз+жұрнақ

Түбір сөз+жұрнақ+жалғау


Тапсырма 3. «Ішіне – сыртына» стратегиясы бойынша берілген сөздерден түбір сөздер мен қосымшалы сөздерді ажырату (түбір сөздерді шеңбердің ішіне, қосымшалы сөздерді шеңбердің сыртына жазу).

Сөздер тізбегі: Ауыл-аулы, дауыс-даусы, орын-орны,жүрек-жүрегі,күрек-күрегі,есік-есігі.

(Ө, Қ) 34-жаттығу. Суреттегі сөздерді жұптастырып жазады. Жұптасқан сөздерді салыстырып, түбір сөздің жазылуын өзгерткен қосымшаны атайды.

(МК) Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, көлбеу, үзбей және біркелкі жазуы қадағаланады.

Каллиграфиясы бойынша жеке қолдауды қажет ететін оқушылармен жұмыс ұйымдастырылады.


3.3.5.1 ( Ө; Ж; ) 35-жаттығу. Мақалда берілген қарамен жазылған сөздің түбірін тауып, қатесін түзетіп, көшіріп жазады.

Қарамен берілген сөзді қатыстырып екі сөйлем құрастырады.



Оқулық


Үнтаспа



Үлестірмелі парақшалар





Слайд



Парақшалар


Ішіне – сыртына» стратегиясы







Оқулық

Дәптермен жұмыс




Оқулық

Дәптермен жұмыс


Сабақтың соңы

34-40 минут


Үй тапсырмасы:

«Еріншектің ертеңі бітпес» өз көзқарасыңды білдіретін шағын мәтін құра.

Бекіту. Рефлексия.

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Балалар, бүгінгі сабақтың өздеріне ерекше ұнаған 2 жерін және бір ұсыныс жазыңдар.

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.

Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгеретінін ой қорытындылау арқылы оқушыларға айтқызу.


Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар, «Қос жазба күнделігі» стратегиялары негізінде жүзеге асырылады.

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыра алуын, құрастырылған сұрақтарға жүйелі, толық жауаптарын және өз көзқарастарын бағалау.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
875
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі