15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақты қорғау
Сәлеметсіздер ме,әріптестер! Мен, Елекенова Р.С. М.В.Ломоносов орта мектебі.
Менің қорғауға ұсынылатын сабағым 1- сыныптың дүниетану пәні бойынша «Бізді қоршаған орта ортақ тақырыбы аясында «Мен және қоғам» бөліміндегі
«Қала мен ауыл» тақырыбы.
Осы сабақтың оқу мақсатары: 1.1.3.2 өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау
1.1.3.1 өз мекен жайын атау және елді мекеннің географиялық орналасқан жерін сипаттау
Осы екі оқу мақсаты негізінде оқушының қажеттілігін ескере отырып сабақ мақсаттары сараланды
Оқушылардың
Барлық оқушылар: өзі тұратын елді мекеннің басты көшелерін біледі, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттай алады.
Көптеген оқушылар: өзі тұратын елді мекенін біледі және елді мекеннің географиялық орналасқан жерін сипаттайды.Кейбір оқушылар:тұрғылықты елді мекенін біледі және елді мекеннің географиялық орналасқан жерін сипаттайды, елді мекен бойынша сызбасын сыза алады.Оқу мақсаттарын негізге ала отырып бағалау критерийлері белгіленді. Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттайды. Өз мекен жайын атайды, елді мекеннің географиялық орналасқан жерін сипаттайды.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында белсенді оқыту әдістерін таңдап алдым.
ЖұмыстыңДербес түрі кезіндежұмыс оқушылардың білімді шығармашылықпен қолдана алу, сын тұрғысынан ойлау даеғдыларын дамыту мақсатында «Адасқан суреттер» әдісі қолданылады.Тапсырмалар оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып сараланды.
БАР Суреттерді топтастырады
КӨП Туған жерінің көрікті орындарын сипаттайды.
КЕЙ Туған жерінің қаласы мен ауылының айырмашылықтарын айтады.
Оқушылардың тапсырмаларды орындау мүмкіндіктерін анықтау мақсатында бағалау критерилеріне сүйене отырып ҚБ-ды жүргіземін.
Оқушыларды «Көбелектер» әдісі арқылы бағалаймын. Бұл жерде
қызыл көб- суреттерді топтастырады
сары көб- көрікті жерлерді сипаттайды
көк көб- қала мен ауылдың айырмашылығын айтады.
Жұптық жұмыс кезінде оқушының қарым-қатынас жасау дағдысын, ізденушілік, проблемаларды шешу дағдысын дамыту мақсатында «Айырмашылығын тап» әдісі қолданылады.
Осы тапсырмаларды орындау үшін оқушының ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмаларды сараладым. Барлық оқушылар: Мәтінді оқып, қала туралы білгендерін әңгімелейді.
Көптеген оқушылар:Қала мен ауыл арасындағы айырмашылықтарын саралап айтады.Кейбір оқушылар:Өзі тұратын елді мекеннің мұражайлық ғимараттары жайлы қосымша мәліметтер ұсынады. Тапсырманы қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында оқушыларды «Қала көлігі» әдісі бойынша бағалаймын.
Жасыл трамвай- өзі тұратын елді мекеннің мұражайлық ғимараттары жайлы қосымша мәліметтерді ұсынады.Сары трамвай- Қала мен ауыл арсындағы айырмашылықтарын саралап айтады.Қызыл трамвай- өзі тұратын елді мекеннің мұражайлық ғимараттары жайлы қосымша мәліметтер ұсынады.
Білімді шығармашылық тұрғыдан қолдана білу дағдысын, ғылыми зерттеу әдісін дамыту мақсатында «Жарнама» әдісін қолданамын. Тапсырмалар сараланып беріледі.
БАР- Саябақтардың суреттерін салады.
КӨП- Саябақтардың атауы болып тұрған танымал тұлғалар жайында қасқаша мәлімет береді.
КЕЙ- Болашақта осы саябақты қалай көркейтетіні жайлы болжай алады.
Оқушылардың тапсырмаларды орындау мүмкіндіктерін анықтау мақсатында бағалау критерилеріне сүйене отырып ҚБ-ды жүргіземін.Оқушыларды «Алма ағашы» әдісі бойынша бағалаймын.
Қызыл алма-саябақтардың суретін салады.
Сары алма- баябақтың атауы болып тұрған танымал тұлғалар жайында қысқаша мәлімет береді.
Жасыл алма- болашақта саябақты көркейу жолдарын болжады.
Оқушылардың топта жұмыс істеу, білімді шығармашылықпен қолдана білу дағдысын дамыту мақсатында «Белгілері бойынша ажырат» әдісін ұжымдық жұмыс түрінде алдым.Оқушылардың қажеттілігі ескеріле отырып тапсырмалар сараланды.
БАР-Кестені толтырды.
КӨП-Кестедегі белгілері бойынша кездестірген көрікті жерлері бойынша сипаттап мысал келтіреді.
КЕЙ-Кестедегі белгілері бойынша қалада және ауылда кездесетін орындарды ажыратып дәлелдейді.
Оқушылардың топта жұмыс істеу, білімді шығармашылықпен қолдана білу дағдысын дамыту мақсатында «Менің үйім» әдісін ұжымдық жұмыс түрінде алдым.Оқушылардың қажеттілігі ескеріле отырып тапсырмалар сараланды. Оқушылар стикерді үйдің қабаттарына орналастырады.
Бірінші қабат- кестені толтырады
Екінші қабат- көрікті жерлерді сипаттап, мысал келтіреді.
Үшінші қабат- қалада және ауылда кездесетін орындарды ажыратып, дәлелдейді.Сабақтың соңында оқушыларды тақырыпты қандай деңгейде меңгергенін байқау мақсатында «Туған жерді гүлдендір» әдісі бойынша кері байланыс жүргізіледі.
Тау етегіндегі туған жердің суретіне қызыл, сары, ақ гүлдер жапсырады.
Ақ гүлдер: сабақ ұнады бірақ, толық белсенділік көрсете алмадым.
Сары гүлдер: маған сабақ ұнады,қызықты болды ,әлде де білімімді толықтыруым керек.
Қызыл гүлдер: сабақта толық белсенділік көрсеттім, жетістікке жеттім.Жаңарудың бастауы-ықшам сабақ дей келе,сабақты жоспарлау үшін Ықшам сабақтардың ықпалы өте зор болатынына көз жеткіздік
Мұғалім мен оқушы, қадағалаушы бола отырып
Нені дамыттым?
-
сабақты жоспарлаудың тиімді жолдарын, әдіс тәсілдерінің тиімділігін;
-оқушылардың қажеттілігіне байланысты сабақ мақсаттарының саралануын;
- белсенді әдістерді құру;
Әріптесттерім мен тренердің ұсыныстарынан
Кері байланыс:
-
белсенді әдістерді сабақтың мақсатына бағыттау;
-қалыптастырушы бағалаудың ортақ тақырыппен үйлестіру;
-тапсырмаларды саралау;
Келешекке бағдар:
-
белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану;
-
қалыптастырушы бағалауды оқушының қажеттілігіне бағыттай отырып саралау;
-
ресурстардың тиімділігін басты назарға алу;
Білім алу-батылдық, оны толықтыру-даналық,ал шебер қолдана білу-өнер десек, сабақты тиімді жоспарлау да өнер деп сөзімді аяқтағым келеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген