Материалдар / ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі

ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Экономика пәндерінің оқытушыларына әдістемелік көмек ретінде қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
834
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

0518000-«Есеп және аудит» мамандығының «Қаржылық есепті талдау » пәнінен

« Табыстылықты талдау маңызы, міндеттері және ақпарат көздері»

тақырыбындағы ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі

Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің экономика

бөлімінің меңгерушісі Қуандыкова Нурипа Таласбаевна


Әлемдік білім беру стандарттары бойынша болашақ мамандарды даярлаудың міндеті жетік меңгерілген еңбек нарығының талаптарына сәйкес мамандарды шығарудан тұрады. Қазіргі заманның жағдайлары болашақ маман дайындауда және олардың әрдайым прогресшіл болуына байланысты мынадай қажеттіліктерге бейімділігін талап етеді:

  • әрдайым және түбімен өзгеретін жұмыс орындарына бейімділігі;

  • қазіргі таңда әрі ойлап табылмаған технологиялармен жұмыс атқара білуі;

  • бірнеше рет жаңартылатын білімдер мен дағдыларды пайдалана білуі;

  • әлі ашылмаған жаңа кәсіпорындарда жұмыс істей алуы;

  • бүгін шешімі табылмаған мәселелердің жауабын таба алуы;

Қазіргі таңда мамандарды дайындауда туындаған сұрақтардың, мәселелердің жауабын іздегенде жаңа технологияларды қолданбау және оларды пайдаланбау мүмкін емес болып отыр. Жаңа технологиялар оқытушы мен білім алушы арасындағы қарым – қатынасты түбірімен өзгертеді. Осындай жаңа технологиялардың бірі – жобалап оқыту технологиясы. Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді.  Жобалап оқыту технологиясының жәрдемімен оқыту тұлғаның дамуына, топта жұмыс істеуінің әлеуметтік интеграциясын және әлеуметтік компетенциясын дамытады.

Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу. Жобалап оқыту технологиясын қолданып, проблемалық тақырыптың мазмұнын ашу, пікірталасқа түсу, өзіндік ойларын ғылыми дәлелдеудегі мұндай оқу ынтымақтастығын тудыратын топтық жұмыстардың мүмкіндіктері мен тиімділігі мол.

Әдістемелік әзірлеменің мақсаты жобалап оқыту технологиясын қолданып, сабақтың әдістемесін баяндау. Сабақтың мақсатына жету үшін құзырлылыққа (компетенция) негізделген модульдік технологиямен оқытуды пайдалана отырып, интерактивті әдістерді қолдану.

Сабақ жоспары

Пән: Қаржылық есепті талдау

Сабақтың тақырыбы: «Табыстылықты талдау маңызы, міндеттері және ақпарат көздері»

Сабақтың түрі: жоба сабағы

Сабақты өткізу әдістері: жобалық оқыту технологиясы,жобалар презентациясы, интерактивті әдістер қолдану

Сабақ мақсаты:

Білімділік :білім алушыларды дамыта оқыту, жобалық технологияларын қолдана отырып, ұйымдардың табыс көздерін зерттеп, қаржылық жағдайына талдау жасап, жоба нәтижелерін жоба сабағында презентациялау;

Дамытушылық: жан – жақты ойлау қабілетін дамыту, кәсіптік мәселелерді шешуде шығармашылық ықпалдарды қолдану, ұйымның қаржылық есеп түрлерін зерттеп, оны талдай білу, көпшілік алдында сөз сөйлеу қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: білім алушылардың бір–бірімен іскерлік қарым - қатынас дағдыларын орнату қабілеттерін, ұжыммен жұмыс атқару іскерлігін дамыта отырып, алынған білімді дұрыс қолдану, оны жүйелендіру ынталы, зерек болуға тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: ұйым экономикасы, бухгалтерлік есеп негіздері ,қаржылық есеп

САБАҚТЫҢ ЖАБДЫҚТАЛУЫ

Көрнекі құралдар: слайдтар, сызбалар, диаграммалар

Тарату материалдары:буклеттер,кестелер

Техникалық оқыту құралдары: персоналды компьютер, проектор,экран

Оқыту әдістері: ауызша, жазбаша, өзіндік жұмыс

Қолданылған әдебиеттер: Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т, Жұмағалиева Ж.Г «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», оқу құралы, Алматы Экономика 2001ж Черняк В., Шалболова Ү., «Қаржылық талдау» Фолиант баспасы, Астана 2013ж

Шредер Н.Г. Анализ финансовой отчетности – М.: Альфа-Пресс, 2006г.

Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия – Минск: 2001г.

Сабақ жүргізу кезеңдер

(негізгі және қажетті әдістемелік түсіндірмелер мен ұсыныстар )

Берілетін

уақыт (мин)

І. Ұйымдастыру кезеңі


  1. Аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру

  2. Білім алушыларды түгендеу

2 минут

ІІ. Тақырыпты тұжырымдау

5минут











Сабақтың мақсаттарын ашу

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорын табыстылығын талдау үшін ұйымдардың табыс көздерін зерттеп, ақпарат көздерін анықтау қажет. Ұйымдардың табысы туралы білім мен дағдыларды бекіту мақсатында білім алушыларға туристік бизнес, қоғамдық тамақтандыру және банктік қызмет көрсету ұйымдарының табыс көздерін зерттеп,ақпарат көздерін анықтау үшін алдын-ала жобалық тапсырма берілді.

Жоба мақсаты:

  • Ұйымдардың табысы туралы білім мен дағдыларды бекіту

  • Қаржылық есепті талдау пәнін меңгеруге қызығушылықты, коммуникативтілікті тәрбиелеу

  • Кәсіптік қабілеттерін жетілдіру және құзыреттілігін қалыптастыру

  • Шығармашылық ойлауды, қаржылық есептерді зерттеулерге байланысты нақты іс жүзіндегі жағдайларды талдай білуді дамыту

Жоба міндеттері

  • Ұйымның табысы бойынша қажетті ақпаратты жинау

  • Жиналған ақпаратты талдау, презентация түрінде дайындау

  • Зерттеудің нәтижесі туралы “Табыстылықты талдау маңызы, міндеттері және ақпарат көздері тақырыбы бойынша өткізілетін сабақта есеп беру

Жұмыс әдістерін белгілеу

  • Жетекші жоба бойынша қажетті мәліметтер, жоба жоспарын, кеңес береді

  • Топ мүшелері зерттеудің тақырыбын таңдап, жоспар дайындайды,әр топтың жетекшісі тағайындалады, ол топ мүшелеріне жоспар бойынша тапсырма береді

  • Топ мүшелері тақырып бойынша зерттеу жүргізеді, жиналған ақпаратты талдап, презентация дайындайды.

  • Жобаны бағалау бойынша эксперт тобы тағайындалады.



ІІІ. Семинар сабағын жүргізу тәртібі


1-кезең Топты үш ұйымға бөлу, жоба бойынша қажетті мәліметтер, жоба жоспарын, кеңес беру

2-кезең Жобаны презентациялау

3-кезең Жобаны қорытындылау,бағалау.

ІV. Жаңа материалды түсіндіру (Сабақ тақырыбын баяндау)


« Табыстылықты талдау маңызы, міндеттері және ақпарат көздері»

30минут

Алдын-ала берілген жобалық тапсырма бойынша іздену нәтижесінде білім алушылар дайындаған жаңа мәліметтерін баяндайды:

І. Жобаны презентациялау тәртібі:

Топ 3 кәсіпорынға бөлініп,келесі кезекте өздерінің презентацияларын ұсынады:

І.ЖШС «Мадлен»

ІІ.ААҚ «Тараз-Турист»

ІІІ.АҚ «Цесна банк»

Бағалау критериялары:

  • Кәсіпорынды және топты таныстыру

  • Кәсіпорынның табыс көздерін көрсету

  • Кәсіпорынның даму динамикасы (диаграмма ,кестелер)

  • Кәсіпорынның табыстылығын талдауға қажетті ақпарат көздері

  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдап,қорытындылау

  • Кәсіпорынның жалпы табысын анықтап,талдау жасау.

Слайдтар көмегімен

ауызша түсіндіру

Ұйымдардың

қаржылық жағдайына диаграммалар көмегімен талдау жасау

1кестені толтырып,жалпы табысты

анықтап,талдау жасалады

V. Жаңа материалдарды бекіту

5 минут

Жобаны қорытындылау.Эксперт тобының бағасы.


VІ. Оқушылардың білімін бағалау


Білім алушыларды эксперт тобының бағасы бойынша және жалпы жобаны мәресіне жеткізу дәрежесіне байланысты бағалау

Жобаны бағалау парағы


Кәсіпорын атауы

Бағалау критерийлері

Презентациясы

Формасы

Топпен жұмыс істеуі

табыс көздерін ұсына білуі

Қаржылық жағдайын талдап көрсетуі (диаграмма,кестелер)

Қорытынды бағасы

1

ЖШС«Мадлен»





2

ААҚ «Тараз-турист»





3

АҚ «Цесна банк»






Жалпы табысты анықтау кестесі

Көрсеткіштер

Өткен жыл

Есепті жыл

ауытку

+

-

1

Өнімді /жұмыс, қызмет/ өткізуден түсетін табыс




2

Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны




3

Жалпы табыс





2минут

VІІ. Үй тапсырмасы Дүйсенбаев К.Ш «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» 58-62беттер

1 минут



«Табыстылықты талдау маңызы, міндеттері және ақпарат көздері»

тақырыбы бойынша

БІЛІМГЕРЛЕР ЖОБАСЫНА НҰСҚАУ

(топ білімгерлеріне арналған)

Жоба мақсаты: Ұйымның табыс көздерін зерттеп қаржылық жағдайына талдау

жасау


Жоба міндеттері

  • Ұйымның табыс көздерін зерттеп, презентация түрінде ұсыну

  • Ұйымның табыстылығын талдауға қажетті ақпаратты жинау

  • Жиналған ақпаратты талдап,қаржылық жағдайын бағалау

  • Зерттеудің нәтижесі туралы «Табыстылықты талдау маңызы, міндеттері және ақпарат көздері» тақырыбы бойынша өткізілетін сабақта есеп беру

Қажетті ресурстар

  • Алғашқы ақпарат: Ұйымның бухгалтерлік балансы,қаржылық-шаруашылық есебі

  • Екінші ақпарат: Интернет, банктердің буклеттері, кезендік басылымдары, жарнамалық басылымдары, соңғы жаңалықтар

  • Техникалық құралдар: компьютер, фотоаппарат, камера.

Жұмыс әдістерін белгілеу

  • Өзіндік жұмыс

  • Топпен жұмыс

  • Кітапханада “Қаржылық есеп”, “Қаржылық есепті талдау” кітаптарымен өзіндік жұмыс

  • Интернет арқылы қосымша мәліметтерді іздеу

  • Сауалнама жүргізу

  • Сұхбат алу

  • Ұйым қызметкерлерімен кездесу

Білімгерлер жобасының жоспары

  • Жоба мақсатын белгілеу

  • Жоба жоспарын құру

  • Ақпарат көздерін таңдау

  • Ақпаратты жинау

  • Жинаған ақпаратты талдау

  • Қорытынды. Жоба нәтижесі туралы есеп беру

Жобаны презентациялау тәртібі:

Топ 3 кәсіпорынға бөлініп,келесі кезекте өздерінің презентацияларын ұсынады:

І.ЖШС «Мадлен»

ІІ.ААҚ «Тараз-Турист»

ІІІ.АҚ «Цесна банк»

Бағалау критериялары:

  • Кәсіпорынды және топты таныстыру

  • Кәсіпорынның табыс көздерін көрсету

  • Кәсіпорынның даму динамикасы (диаграмма ,кестелер)

  • Кәсіпорынның табыстылығын талдауға қажетті ақпарат көздері

  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдап,қорытындылау

  • Кәсіпорынның жалпы табысын анықтап,талдау жасау.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ