400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақтың тақырыбы: Аудан. Өлшем

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақтың тақырыбы: Аудан. Өлшем математика 3 3.3.1.3 тік бұрышты үшбұрыш, шаршы, тік төртбұрыш ауданы формуласын: S= (a·b):2, S=a2, S=a·b шығарып алу және қолдану 3.5.2.3 бұрыштарды, көп бұрыштарды латын алфавитінің бас әріптерімен белгілеу, оларды белгіленуі бойынша оқу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Математика

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

2В бөлім – Аудан. Шамалар

Күні: 30.11.2021 ж.

Сынып: 3 «А»

Мектеп: №25 қазақ қыздар гимназиясы

Мұғалімнің аты-жөні: Скокова Алия Солтановна

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

3.3.1.3 тік бұрышты үшбұрыш, шаршы, тік төртбұрыш ауданы формуласын: S= (a·b):2, S=a2, S=a·b шығарып алу және қолдану

3.5.2.3 бұрыштарды, көп бұрыштарды латын алфавитінің бас әріптерімен белгілеу, оларды белгіленуі бойынша оқу

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: шаршы, тіктөртбұрыш ауданы формуласын: S=a2, S=a·b шығарып алады қолдана алады, есептерді шығару әдісін түсіндіреді.

Көптеген оқушылар: фигураның ауданы арқылы белгісіз қабырғасын таба алады.

Кейбір оқушылар: оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек, музыка, қазақ тілі, ағылшын тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс дәптері, қб ресурстары т.б

Бағалау критерийлері

-тіктөртбұрышты, шаршы аудандарын табу формулаларын құрастыру және пайдалана біледі.

-Шамалардың арасында байланысты есептерді шешкен кезде пайдалану.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру





















Өткен білімді еске түсіру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Күн нұры» тренингі

Көтеріліп көкке күн,

Күлімдеді маған да,

Күлімдеді саған да,

Нұрын шашып баршаға.

Сәлем бердік сіздерге

Сәттілік тілеп құрбыма

Біз сабақты бастайық.

Үйге берілген оқу тапсырманы тексеру (жұппен жұмыс ).

Топқа бөлгенде «Пазл» әдісі арқылы сурет бөліктерін алып бөлінеді. Топта сурет құрастырады.

Жаңа топ құру

1-топ - Тіктөртбұрыш

2-топ – Шаршы

3-топ- Аудан

Әр топ өз тобы туралы қысқаша сипаттама береді «Кір қыстырғыш» әдісі арқылы жүреді.

Оқу материалын жариялау

-Ендеше бүгінгі сабағымызда тіктөртбұрыштың, шаршының ауданын табуға арналған тапсырмалар орындайтын боламыз.



Өткен білімді еске түсіру және ауызша есептеу «Сиқырлы қалпақша» әдісі арқылы жүреді:

-Өткен сабақта біз ненің ауданын табуды үйрендік?

-Тіктөртбұрыштың ауданын қалай есептедік?

-Шаршының ауданын қалай есептедік?

-Ауызша есептеулер тапсырмалары


Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау


- Ерте заманда қазақ халқы ауданды қалай өлшеген?

Ежелгі уақытта кейбір елдерде бір күнде өгізбен жыртылған жердің ауданы өлшем ретінде алынған. Ал Римде – югер, Түркияда – федан, Ресейде – шөмеле, Египетте – федан, Австрияда – йох деп атаған. Танап – қазақ халқының байырғы аудан бірлігі.











Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

Геометриялық фигуралар







Алдыңғы білімді еске түсіру








АКТ

Видео арқылы танысу

Сабақтың ортасы

Жаңа білім

Ширату тапсырмасы.

№1. «Зертте және зерделе» әдісі.

Үш топқа қағаз парағынан қиылған бірдей фигура беріледі:

1-топ –түймемен, 2-топ –тиынмен, 3-топ – қақпақпен ауданын шамамен өлшейді. Және үш топ пиктограмма құрайды.

ҚБ «Бағдаршам түстері» әдісі


№2. Тіктөртбұрыш пен шаршының периметрі мен ауданын есепте.


ұзындығы

ені

периметрі

ауданы

1-т

8 см

9 см

? см

? см²

2-т

7 м

6 м

? м

? м²

3-т

7 см

5 см

? см

? см²

Дескрипторлар:

  1. Тіктөртбұрыштың периметрін есептейді

  2. Тіктөртбұрыштың ауданын есептейді

  3. Шаршының периметрін есептейді

  4. Шаршының ауданын есептейді

  5. Өлшем бірліктерін жазады.

ҚБ «Бас бармақ» әдісі

«Қолпаштау» әдісі

«Бағдаршам» әдісі


Сергіту сәті: «Жаяу» әні

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

№3. Өзіндік жұмыс арқылы жүзеге асады. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі.

Ауданның өлшем бірліктерінің кестесін пайдаланып салыстыр.

1-топ 2-топ 3-топ

3см²*3дм² 5м²*5см² 9м²*900дм²

9дм²*900см² 10дм²*100см² 9м²*90дм²

5м²*500дм² 200дм²*2м² 100см²*100дм²

Дескриптор:

  1. Аудан өлшем бірліктерін салыстырады.

ҚБ «Басбармақ» әдісі

№5. Топпен жұмыс

Әрбір суретке дұрыс жауапты жаз:

А)1) тіктөртбұрыштың барлық ауданы-36м2;

2) боялған бөліктің ауданы-4м2

3) боялмаған бөліктің ауданы-32м2

Ә)1) тіктөртбұрыштың барлық ауданы-36м2;

2) боялған бөліктің ауданы-6м2

3) боялмаған бөліктің ауданы-30м2

Б) 1) тіктөртбұрыштың барлық ауданы-36м2;

2) боялған бөліктің ауданы-12м2

3) боялмаған бөліктің ауданы-24м2

ҚБ «Басбармақ» әдісі

ҚБ «Бағдаршам» әдісі

ҚБ «Смайлик» әдісі


№6. Теңдеулерді шеш.

35+х=200-140

490-х=100+210

200+х=

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 желтоқсан
486
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі