«Шемонаиха ауданының білім Ю. А. Гагарин
атандағы №3
жалпы білім беретін орта мектебі»
КММ
КГУ «Общеобразовательная средняя школа №3 им.
Ю. А. Гагарина»
отдела образования Шемонаихинского
района
Ашық сабақтың
тақырыбы:
Бүгін ауа райы қандай?
4 сынып
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі
Құмырқанова Гүлжан
Бейсембекқызы
2018-2019 оқу
жыл
Сабақтың тақырыбы: Бүгін
ауа райы қандай?
Мақсаты:
-
Білімділік: оқушылардың ой-өрісін, білім
деңгейін көтеру.
-
Дамытушылық:
оқушылардың тіл байлығын, өз
ойын жеткізу, қазақ тілінде сөйлей білу әрекетін
жетілдіру.
-
Тәрбиелік: табиғатты сүюге, оны қорғауға
баулу,мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын
арттыру.
Сабақтың
түрі: жаңа сабақты
игеру
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: интерактивтік тақта,
сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойландыру, инсерт стратегиясы, Венн
диаграммасы.
Көрнекілігі:
күздің суреті, оқушылардың
өздері салған суреттері, интерактивтік тақтадағы күздің
көріністері, тірек-сызбалар.
Пәнаралық
байланыс: әдебиет, бейнелеу
өнері.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру
кезеңі.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын
тексеру.
2. Кезекшімен
сұхбат.
-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар!
-Бүгін сыныпта кім кезекші?
-Сыныпта кім жоқ?
II
. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару. Өткен тақырыптарға шолу
жасау.
Ой қозғау
стратегиясы.
1.Күзді неге «Алтын күз» деп
атаймыз?
2.Күзде ауа райы қандай болады?
3.Күзде не піседі?
4.Қыркүйек күздің нешінші айы?
5.Қыркүйекте кімдер мектепке
барады?
6.Күзде ағаштың жапырақтары қандай
болады?
7.Қай айды «ерте күз» деп
атайды?
8.Күз туралы қандай өлең
білесіңдер?
9.«Алтын күз» деп қай айды
атайды?
10.
Күзде қандай жел соғады?
11.Құстар қайда ұшады?
12.Күзде не жиі-жиі жауады?
13.Қазан күздің нешінші айы?
14.Күзде не қысқа болады, не ұзақ
болады?
15.Неге күз айын молшылық деп
атаймыз?
16.Күзде бақтарда не піседі?
17.Күз туралы қандай өлең
білесің?
18.Күздің қай айын «қоңыр күз» деп
атайды?
19. Күзде аспанда не қаптайды?
Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Ауа райы».
Сабақтың мақсаты - ой- өрістеріңді, білім деңгейлеріңді көтеру, тіл
байлықтарыңды, өз ойларыңды жеткізе білу, қазақ тілінде сөйлей білу
әрекеттеріңді жетілдіру, мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарыңды
арттыру.
III. Жаңа сабақты меңгеру.
Қызығушылықты ояту стратегиясы.
Ассоциациялық
қатар жазу. Ең алдымен оқушылар
дәптерлеріне ассоциациялық қатар жазады. Кейін олар интерактивтік
тақтадағы мына тірек сызбадағы сөздермен сәйкестіктерін
салыстырады.
IV.
Аудирование . Мәтін оқылады да, интерактивтік тақтада мәтінге
сәйкес слайд көрсітіледі.
Қазір күз мезгілі. Күзде ауа райы құбылмалы
болады. Дымқыл тұман жерді басады.
Аспанда сұр бұлт қаптайды. Солтүстіктен суық
жел соғады. Күздің жаңбыры толассыз жауады.
Биік тауларда қар ерте түседі. Кейде қар
араласа жаңбыр жауады. Күндіз жылы болса да, түнде өте салқын
болады.
2-ші рет оқушылар слайдты
қайтадан көреді. Енді әр слайдты мәтінмен көреді.Оқушылар
интерактивтік тақтадан көріністі көре отырып, мәтінді мәнерлеп
оқиды.
V.
Инсерт стратегиясы. Оқушыларға слайдта берілген мәтін таратылып
беріледі.
Олар мәтінді оқи отырып, кесте толтырады. Кестеге
таныс сөздерді, мағынасы
түсініксіз сөздерді, жаңа
сөздерді жазады.
|
Таныс сөздер
|
Жаңа сөздер
|
Мағынасы түсініксіз
сөздер
|
|
Жаңбырлы
Тауларда
Күндіз т.б.
|
Дымқыл –
влажный
Сұр - серый
Қар араласа – со
снегом
Қаптау – скучиваться,
собираться
Құбылмалы –
непостоянный
Толассыз –
беспрерывно
Күндіз – днем
Солтүстік –
север
Түседі -
падает
|
Қаптау
Құбылмалы т.б.
|
VI.Содан соң жаңа
сөздермен жұмыс жүргіземін.
Бірнеше
рет
қайталатып, орысшаға аударамыз. Мәтін бойынша сұрақ-жауап
жүргіземін.
VII. Ой-толғаныс. Жаңа сабақты меңгеру барысын
жалғастыру. Ассоциациялық қатарды толықтыру мақсатында «Ауа райы»
тақырыбына байланысты қарлы кесек құрастырамыз. Оқушылар
дәптерлеріне қарлы кесекті жазғанша,2 оқушы тақтаға шығып
фонетикалық талдау жасайды.
VIII.Оқулықпен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы
2-тапсырманы орындайды. Ауа райы туралы болжам жасалады. Кейін
интерактивтік тақтада Қазақстанның картасынан Астана қаласын
көрсетіп, оқулықтағы үлгі бойынша бүгінгі ауа райын
болжайды.
IX. Балалар, бүгінгі ауа райы
туралы не айтуға болады... деген ойды жалғастырып, бүгінгі ауа райы
туралы әңгіме жүргіземін.
X.
Венн диаграммасы. Біз өткен сабақтарда қыркүйекті «ерте күз», ал
қазанды «алтын күз» деп атайды дегенбіз. Осы екі айда ауа райы
қандай болады екен , міне осыны салыстырамыз. Не ортақ соны
жазамыз. Мәселен: суық, жаңбыр жауады, тұман...
XI.
Сәйкестік тест. Бұл тестілеуде «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру
қажет.
Қазір күз мезгілі ме?
Күз
мезгілінді ауа райы ыстық бола ма?
Аспанда сұр бұлт қаптай ма?
Биік тауларда жылы жаңбыр
жауады.
Күндіз суық, түнде жылы болады.
XII. Қорытындылау. Оқушылар алған білімдеріне
пысықтау жасау мақсатында тірек сызба бойынша әңгімелеу
жүргізеді.
XIII. Оқушылардың білімін
бағалау.
XIV. Үйге тапсырма.