Үй және жабайы жануарлар мен
жеміс-жидектер.
Сабақтың
мақсаты:Жабайы және үй жануарлары мен
жеміс-жидектерді әртүрлі тапсырмалар мен ойындар арқылы
қайталау.
Түзете-дамытушылық:
Ойлау және байланыстырып сөйлеуін
дамыту.Қолдың ұсақ моторикасын жаттықтыру.Сөздік қорын
молайту.
Тәрбиелік:Қоршаған ортаны таза ұстауға,қамқор
болуға ,уйрету және ұқыптылыққа,адамгершілікке
баулу.
Сабақтың
көрнекілігі: Артикуляциялық жаттығулар,айна, суреттер,
, сюжетті суреттер,жануарлар мен жеміс-жедиктердің муляждары,қол
моторикасын дамытуға арналған құрал-жабдықтар. түрлі суреттер,
тапсырмалар.
Сабақ
барысы:
І
Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсіңбе?
-Көңіл күйің қалай?
–Жақсы.
-Қазір жылдың қай мезгілі? –Қыс
мезгілі.
-Сен қазір қай сабақта отырсың?
–Логопедия сабағында.
-Логопедия сабағы саған нені үйретеді?
–Әріптерді дұрыс айтып,әдемі сөйлеуге
үйретеді.
ІІ. Дайындық
кезеңі
Қолға арналған
жаттығулар
1.Саусақтарыңызды жұдырыққа бүгіп,
қолыңыздың буынымен оңға қарай, кейін солға қарай айналма қозғалыс
жасаңыз. Әр бағытқа 10-20
реттен.
2.Қол буынын астыға-үстіге бүгіңіз. Бір
дегенде – бар күшіңізбен саусақтарыңызды жұдырыққа түйіңіз, екі
дегенде – жан-жаққа
тарбитыңыз.
3.Саусақтарыңызды жазып, бас бармағыңызбен
алдымен оңға қарай, кейін солға қарай айналма қозғалыстар
жасаңыз.
4.Саусақтарыңызды жайыңыз.
Саусақтарыңыздың бастапқы екі бөлігін алма-кезек бүгіп,
жайыңыз.
Тілге арналған
жаттығулар
- Ал енді айнаға қарап «Көңілді тіл
туралы ертегіні» есімізге түсіріп, артикуляциялық жаттығуларды
орындайық.
- «Көңілді тіл» өзінің үйшігінде тұрып
жатады. Ол қандай
үй?
- Дұрыс, ол - ауыз. Ол үйдің есігі ашылып –
жабылып тұрады.
- Көрсетейік, қалай ашылып -
жабылады?
-«Тіл» үйінде отыра алмайды. Далаға шығады.
Тілді есік алдына
шығарайық.
- Міне, ол күнге шығып, жылынып
жатыр.(«Күрекше»- жалпақ тіл астыңғы
ерінде)
- Айналаға қарайды
(«Сағат»)
- Аздап жел соқты. «Тіл» тоңып кетіп үйіне
кірді. Үйіне кіріп үстіңгі және төменгі тістерін тазалады. Әжесінің
тәтті тосаппен шай ішті кесеге құйып
(«Кесе»)
- Төменгі, жоғарғы ерінге тәтті тосап тиіп
қалған, оны тазалады.(«Тәтті
шырын»)
- Шай ішіп болып, атасында далаға барғысы
келді. Ол үшін атқа мінді. («Ат шауып
келеді»)
- Кел жатып «Саңырау құлақтарды» терді.
«Көңілді тіл» шаршап, үйшігіне келіп
ұйықтады.
Тыныс алуға арналған
жаттығулары
1.Мұрын арқылы терең дем алып оны ауыз
арқылы шығарамыз.
2.«алақанды жылыту»- шынтағымызды бүгеміз
қолымыздың ара қашықтығы 10-15 см алдымызда , аузымыздан жылы дем
шығарып алақанымызға
үрлейміз.
3.Мұрын ұшына мақта қойып, оны
үрлеу.
ІІІ. Негізгі
бөлім.
-Исмаил,біз үй және жабайы жануарлар мен
және жемістер туралы өттік.Бүгінгі сабағымызда өткен тақырыптарды
қайталаймыз.Ал біздің бүгінгі сабағымызға Айбек келді.Бірақ қарашы
Айбектің көңіл күйі жоқ екен,ол бізден көмек сұрап келіп
тұр.Өйткені,Айбектің ойыншықтарын қу түлкі алып кетіпті.Қу түлкі
оған ойыншықтарын қайтару үшін тапсырмалар берген.Айбекке
көмектессек саған берер сыйлығы бар екен. Қане,тапсырмаларды
орындап Айбекке
көмектесейік.
1-тапсырма.
Дидактикалық
ойын: «Үй жануарлары мен жабайы жануарларды
ажырат».
Ойынның
барысы:Қағазды бен фонорик арқылы жануаралардың
бейнесін көрсетіп қай жануар екенін
табу.
2-тапсырма.
Дидактикалық
ойын: «Үй жануарлары мен жабайы жануарларды
ажырату».
Ойынның
барысы: Үстел үстінен жануарлардың суретін алып, үй
жануарларын үйдің, ал жабайы жануарларды орманның астына екі топқа
бөліп орналастырады.
-Жарайсың,Исмаил.Келесі қу түлкінің
тапсырмасын орындайық.
3-тапсырма.Сергіту
сәті.
Ормандағы
аюдың
Құлпынайы көп
екен,
Теріп - теріп
алайық
Қалтамызға
салайық.
Сабаққа біз
барамыз,
Жүзім теріп
аламыз.
Алма теріп
аламыз,
Алмұрт теріп
аламыз,
Себетке біз
саламыз.
-Осы
өлеңді айтып отырып,жеміс-жедиктерді және көкөністерді теріп
аламыз.
4-тапсырма.
Дидактикалық
ойын: «Жеміс-жидектерді және көкөністерді себетке
жина».
Ойынның
барысы:Балаға жеміс-жидектер мен көкөністердің
суреті беріледі.Сода кейін 3 түрлі себеттің суреті беріліп,
жеміс-жидектер мен көкөністерді себеттерге
салынады.
-Жарайсың,Исмаил.Көкөністер мен
жеміс-жидектер біздің денсаулығымызға пайдалы.Біздің деніміз сау
болу үшін не жеуіміз
керек?Жарайсың.
5-тапсырма.«Мен
бастаймын, сен аяқта» ойыны.
-Мен сөйлемді бастаймын, сендер суреттен
көргендерің бойынша сөйлемді
аяқта.
Мысалы:
1.Шора мен Самал (шанамен
ойнады).
2.Пештің үстінде сары (мысық
отыр).
3.Саягүл сары (сиырды
сауды).
IV.Сабақты
қорытындылау.
- Исмаил, бүгін Айбекке көмектесіп,қу
түлкінің Айбекке тапсырмаларын орындап өткен тақырыбымызды
қайталадық.! Айбектің саған уйде еткен кішкене сыйлығы бар екен
(Кәмпиттер тарату).
-
Исмаил, бүгін бізге кім қонаққа
келді?
-Кімге
көмектестік?
-
Қандай жемістердің атауларын
білесіңдер?
-Қанай үй жануарлар мен жабайы жануаларды
білесің?
Сабақты
аяқтау.
- Жақсы, сабақ аяқталды, сау
бол!