жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ:Үлек.4сынып
Келісілді : Бекітемін:
Білім бөлімінің әдіскері Мектеп директоры
Г. Т.Қайрақбаева Б.Д.Масабаева
------------------------ ------------------------
«----»----------------- «----»-----------------
«С.Биқадамов атындағы шағын жинақталған бастауыш мектебі» КММ
Аудандық семинар
Пәні:Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: « Үлек »
Сыныбы:4
Мұғалім: Аштаева Ж.С
2017-2018 оқу жылы
Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мамытбек Қалдыбаев «Үлек»
Сабақтың мақсаты: Үлек туралы мағлұмат беру
Білімділік: Әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы оқушының әңгіме мазмұнын өздігінен түсінуге, белсенді зерттеулер жүргізе отырып, түйе туралы білімдерін кеңейту. Түйені жасына, қолтұқымына, жынысына қатысты ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Үлек туралы түсінік бере отырып, ойлау қабілетін сыни тұрғыдан дамыту. Өз ойын толық жеткізе отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Төрт түліктің адам баласына әкелер пайдасын ескере отырып, оларды қорғауға және қамқор болуға тәрбиелеу. Қосымша тапсырмалар бере отырып, шығармашылыққа баулу, ұжымшылдыққа, шапшаңдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқытудың нәтижелері:
1.Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптастырады.
2.Бірін-бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді.
3.Сабақта белсенділік танытады.
4.Шығармашылық қабілеттері артады.
Қамтылатын модульдер:
1-модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
2-модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3-модуль: Бағалау ( смайлктер арқылы)
4-модуль: АКТ – ны пайдалану
5-модуль: Көшбасшылық
6-модуль:Талантты және дарынды баламен жұмыс
7-модуль:Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру
Сабақтың
типі:
Жаңа сабақ.
Сабақтың
әдісі:
БФ-әдісі,қоржын сұрақ,радиоға қоңырау
шалғызу,
Mr
crows тапсырмалары.
Көрнекіліктер: Оқулық, слайд, суреттер,смайлк,маркер
Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.
Үш тілде амандасу.
Қызығушылықты ояту:
«Бағдаршам» ойынын
ойнату арқылы үй тапсырмасы бойынша
қандай дайындықпен келгенін анықтау.
Ойынның
шарты:
Егер оқушылар сабаққа жақсы дайындықпен
келсе, бағдаршамның жасыл түсін көтереді;
дайындалған, бірақ өзіне сенімсіздік
танытса, сары түсті көтереді; дайындығы
шала болса қызыл түсті көтереді.
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру:
«Үйрену»
Әбдірахман Асылбеков.
Өлеңді мәнерлеп оқу.Өлең құрастыру.
ІІІ.Жаңа сабақ: Болжау стратегиясы
Видео көрсету.(Түйе жайлы)
-Ендеше, бүгінгі сабағымыз не жайлы болмақ деп ойлайсыңдар?
Миға шабуыл.
– Түйе туралы не білесіңдер?
– Түйенің адамға тигізер пайдасы қандай?
– Түйенің қандай түрлері бар?
- Біз бүгін Мамытбек Қалдыбаевтың «Үлек» әңгімесімен танысамыз
- Үлек туралы естулерің бар ма?
«Тұлғаны танып-біл»
Автор туралы мағлұмат беру.
(Дарынды оқушы автор жайлы мәлімет береді)
Қалдыбаев Мамытбек
Мамытбек Қалдыбаев 1939 жылы 9 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Совет ауылында туған. М.Қалдыбаев ақын,жазушы педагог.Шымкент қаласындағы техникалық училищені, педагогика институтының филология факултетін бітірген. Жамбыл облысы, Қордай ауданында мұғалім болған.
М. Қалдыбаевтың «Қанат қақты», «Ол неге ұялды», «Айна», «Мерей», «Ақжайық әуендері», «Ай туып келеді», «Жолдар шақырады» т.б кітаптары шыққан.
Оқулықпен жұмыс: «Кім диктор болады?»ойыны арқылы мәтінді оқушылар тізбектей оқиды.
Сөздікпен жұмыс:Үлек туралы мағлұмат беру. (үнтаспадан тыңдау)
Үлек — нардың бурасы.Сыңар өркеш түйенің (аруананың) ұрпағы. Шоқтығына дейінгі биіктігі 183 см, тұрқы 155 см, салмағы айыр түйеден жеңілдеу, мойны ұзын әрі жіңішке, қамыттығының жүні бұйра, тамағының асты мен желке жүні қалың әрі шудалы. Үлек өте жүрдек әрі ұшқыр.
БФ-әдісі (Балалар философиясы)арқылы мәтінді талдау.
Дәптермен жұмыс:
«Толықтыру» тесті арқылы мәтінге сүйеніп ,үлекке сипаттама жаз.
Үлек-нардың бурасы.Ол..............................
(Жалғыз өркешті,айбарлы,сескенуді білмейді,малды бір өзі бағады,қамқор,кісіге шабады)
Түйелі ауылына қонаққа бару.
-Балалар, «Түйелі»ауылына барғыларың келе ме?
-Әрине,Түйелі ауылына барып дем алғанға не жетсін !
-Ендеше, ауылдағы Күләш әжеден түйе сүтінен алынатын тағамдар
жайлы ,түйенің пайдасы туралы мағұлмат алып қайтайық.Түйе сүтінен жасалған тамақтардан дәм татайық.
-Ал,балалар,не туралы білгілерің келеді әжемізге сұрақ қоя отырып,әңгімелесейік.
Сергіту сәті: «Нар идірген»күйін тыңдату.
Топтастыру стратегиясы. (Түйенің суреті арқылы)
1 топ-« Нар»
2 топ-«Бура»
Топ басшысын «Сұқ саусақ» әдісі арқылы тағайындау.
- Балалар,өздеріңнің топ аттарың жайлы не білесіңдер?
(Таратпа материалдары арқылы жауап беру)
Нар – сыңар өркешті ұрғашы түйе, оны кейде Аруана деп те атайды. Ол өте сүтті болады
Бура - деп қос өркешті түйенің еркегін, аталық түйені айтады.
«Радиоға қоңырау шалғызу»ойыны
«Ойлан тап»
« Нар»тобына:
- Түйе малына қатысты қандай мақалдар білесіздер?
«Бура»тобына:
-Түйеге байланысты қандай адам аттары , өсімдіктер және жер - су аттары бар.
(Ботакөз, Ақбота, Түйебай, Бурабай, алабота,түйеқұс,түйетабан )
Мүлкібай атаның бейнесін көрсететін тіркестерді атайық.
Қоржиған кіп-кішкентай , ап-арық Мүлікбай ата.
-Ендеше балалар, Мүлкібай атаның несін суреттеген?
-Жүрісін, бет-әлпетін, түрін
-Ендеше біз оны ....................
Ереже шығару.
Есіңе сақта! Көркем шығармада кездесетін адамның сыртқы түрін,кескін келбетін,жүріс-тұрысын суреттеуді портрет дейді.
Mr crows тапсырмалары
-Балалар,есік тоқылдаған секілді кім келді екен? (қонаққа Mr crows тапсырмаларымен келді)
Mr crows:
-Good morning children! (Сәлем балалар!)
Pupils I have a tasks for you (Оқушылар мен сендерге тапсырма әкелдім)
I have a two tasks for two groups (Екі топқа екі тапсырма әкелдім)
«Нар»тобы Түйенің қасиеті |
«Бура»тобы Түйенің пайдасы |
|
|
Қорытындылау: « Қоржын сұрақ»
1. Үлек дегеніміз не?
2. Балалар Мүлкібай атамен бірге қайда ,не үшін барды?
3. Балалар неден ,неге қатты қорықты?
4. Егер Мүлкібай ата бармаған болса ,не болар еді?
5. Түйе жейтін шөптің атауын ата.
6. Мәтінде қандай жер аттары кездесті?
7.Әңгіменің ең соңғы сөйлемінен қандай қорытынды айтуға болады?
«Түйе-төрт түліктің төресі» оны құрметтеп,қорғай білейік!
Үйге тапсырма:
1.Мәтінді мазмұндау.
2.Мәтінге байланысты сурет салу.
Бағалау: Оқушы өзін- өзі бағалайды.
Мұғалім жиынтық баға қояды.
Кері байланыс:
- Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Сабақты қаншалықты түсіндіңдер?
Сабақтан алған әсерлеріңді,қиналған сәттеріңді ,ұсыныстарыңды қоржынға жазып түйеге артайық.Түйеміз тоқ болып қайтсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген