400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ"Word Pad мәтіндік редакторының интерфейсі" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Word Pad мәтіндік редакторының интерфейсітері туралы түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Бекбергенова

Пән мұғалімі

Э. Набиханова

Пәні

Информатика

Сыныбы

5 «ә»

Мерзімі

10.02.2017ж


Сабақ тақырыбы

§19 Word Pad мәтіндік редакторының интерфейсі

Смарт мақсат

Word Pad мәтіндік редакторы туралы мәлімет беру, құжаттың  құрылымы мен редактордың  терезесі туралы түсінік беру. 

Күтілетін нәтиже

Қарапайым мәтіндік редактор бағдарламасымен жұмыс істей алады. Оқушыларды бірлесе оқыту мақсаттарын орындау барысында жаңа әдіс -тәсілдерді пайдалану арқылы өзара әрекеттесу дағдылары дамиды. 

Уақыты

Кезеңдері

Қоданылған модульдер

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы

іс-әрекеті

Оқу дағдысы

Бағалау

ресурстар

3 мин

Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа назарын аудару. Ынтымақтастық атмосферасын құру (шаттық шеңбер құру әдісі арқылы  оқушылар  бір – біріне тілек айтып қол шапалақтау), қарандаш, өшіргіш суреттерін таңдау арқылы топқа бөліну).


Оқушылар амандасады, сабаққа назырын аударады

Бір біріне тілек айтады

Екі топқа бөлінеді

«Карандаш»

«Өшіргіш»

Сабаққа қызығушылығы артады. Жағымды атмосфера қалыптасады.


Түрлі түсті сурет.

Топ атауы

7 мин

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Жеке жұмыс

«Сәйкестендіру» тесті

Сұрақтар

DrawObject1

Жауаптары

1. Paint қандай редактор?


Графикалық

2. Paint графикалық редакторының қанша құралы бар?


16

3. Салынған суретті қалай сақтаймыз?


Файл – Сохранить

4. Сақталынған суретті ашу.


Файл – Открыть

5. Paint редакторын іске қосу үшін қандай амалдарды орындаймыз?


Іске қосу – Программалар – Стандартты - Paint

6. Суретті қалай бірден өшіруге болады?


Рисунок – Очистить

7. Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістікті қалай атаймыз?


Сурет салу алаңы

8. Paint терезесіндегі ең жоғарғысында қандай қатар тұрады?


Тақырып қатары

9. Paint редакторында салынған суреттің кеңейтілімі қандай?


Bmp

10. Файл, түзету, түр, анықтама жазылған қатар қалай атаймыз?


Меню жолы


Оқушылар тестті орындау арқылы өткенді еске түсіреді.

Білімдері толыға түседі, жауапкершілікті сезінеді, бір – бірін тыңдауға үйренеді.

Жұптағы бағалау

Критериалды бағалау.

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай алады.

Максималды 10 ұпай

Слайд

Сәйкестендіру тесті

7 мин

ІІІ. Жаңа сабақ. 
Ой толғау. Нені білгіміз келеді?
Жаңа түсініктер.

Компьютер көмегімен мәтіндер мен құжаттарды және басқа да материалдарды шығарып алу үшін мәтіндік редакторлар пайдаланылады., оның ішінде кең пайдаланып жүрген редактордың бірі- WordPad. 
WordPad редакторы :
• мәтіндік құжаттарды құруға;
• оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, мәтін фрагменттерін жылжытуға, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге;
• мәтінді пішімдеуге- әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқаларды өзгертуге;
• құжаттарды басып шығаруға арналған.
WordPad редакторын іске қосу
WordPad редакторын іске қосу үшін төмендегі амалдарды орындау керек:
Іске қосу Бағдарламалар Стандартты WordPad 
Редактор терезесі мынадай элементтерден тұрады: тақырып жолы, мәзір жолы, құрал- жабдықтар тақтасы, пішімдеу тақтасы, терезенің жұмыс аймағы, қалып- күй қатары. 
WordPad – та құжат құру.
WordPad редакторында құжат жасау үшін төмендегі негізгі сатыларды орындау қажет:
1. Әріп және оның өлшемін таңдау.
2. Мәтінді енгізу, оны түзету.
3. Мәтінді пішімдеу.
4. Құжатты сақтау және ашу.
5. Баспаға беру.

Оқушылар жаңа сабақты тыңдап,қажетті мәліметті дәптерге жазады.

Жаңа сабақты түсінеді, жаңа мәлімет алады, күнделікті өмірде қолдануға дағдыланады.


Слайдтар, оқулық, дәптер

15 мин

Топтық жұмыс Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.


1 топ «Өшіргіш»

  1. Word Pad редакторын іске қосыңдар.

  2. Берілген мәтінді теріңдер

  3. Мәтіннің негізгі бөлігінде әріптің мөлшері -14

  4. Сақтау.

  1. топ «Карандаш»

  1. Word Pad редакторын іске қосыңдар.

  2. Берілген мәтінді теру. 

  3. Мәтіннің негізгі бөлігінде әріптің мөлшері -14

  4. Сақтау.


Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы топ болып орындап шығады

Оқушылардың жауапкершілігі артады. Тапсырманы топпен орындап дағдыланады

Критерий бойынша бағалау

1.Word Pad мәтіндік редакторын іске қосты.

А)мәзір қатарындағы терезе элементтерін ажырата алады – 1

Ә) терезелердің жұмыс істеу параметрлерін біледі -1

2. Тәжірибені орындайды

А) мәтін тере алады-1

Ә) мәтінді сақтайды – 1

Максималды – 4 ұпай

Компьютер

Слайд

Үлестірмелі кеспе қағаздар

1 мин

Сергіту сәті

«Қызыл өрік» би

Мультик кейіпкерлері арқылы қимыл жасайды

Бой сергіту


Бейне ролик

5 мин

ІV. Ой қорыту. Нені білдік?

  1. WordPad қандай редактор?
    2. WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосады?
    3. WordPad мәтіндік редакторының терезе элементтерін ата?
    4. WordPad мәтіндік редакторының қандай мүмкіндіктері бар?

5. WordPad мәтіндік редакторының терезесінде бірінші қандай қатар орналасқан?

Оқушылар сұраққа жауап береді. Жауап берген оқушы гүлді сыйлық ретінде алады.

Оқушылардың ойнау арқылы ойлау дағдысы артады. Сұраққа жауап беріп дағдыланады


Қалыптастырушы

бағалау

Түрлі түсі қағаздан жасалған гүл суреттері

3 мин

V. Сабақты қорытындылау. Венн диаграммасы

Paint графиктік және WordPad мәтіндік редакторын салыстыра отырып ортақ белгілерін табу.

Paint графикалық редакторы мен WordPad мәтіндік редакторының ұқсастықтарын тауып жазады.

Оқушылар өтілген тақырып пен жаңа тақырыптың ұқсастықтарын таба біледі


Қалыптастырушы

бағалау

Плакат

Слайд

маркерлер

1 мин

Үйге тапсырма

19- тақырыпты оқу, түйін жазу. «Менің досым» тақырыбына шағын шығарма жазып келу.

Оқушылар күнделіктеріне жазады.

Ізденушілік



2 мин

Суммативті бағалау


Қорытынды бағасын шығару

Өзін – өзі бағалайды

Өзін – өзі реттеу

Суммативті баға

Бағалау критерийі

1 мин

Кері байланыс

«Жеміс ағашы»

  • Мен нені үйрендім?

  • Маған не қиын болып көрінді?

  • Мен енді нені үйренгім келеді?

Стикерге сабақта алған әсерлерін жазып, жеміс ағашына жапсырады.


Қызығушылық

Өзін-өзі бағалау

Стикер













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
759
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі