400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ:Зат есімнің септелуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ:Зат есімнің септелуі.Бұл жерде Зат есімнің септелуі тақырыбында қолданылатын Сематикалық тапсырма ,тест ,бағалау тапсырмалары,топтық,жұптық жұмыстар бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің аты-жөні

Узбекова Кумисай Токтабаевна

Күні:

25.01.22

Сынып:4





Сабақтың тақырыбы

Сабақ тақырыбы: №70 -сабақ. Зат есімнің септелуі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.4.2.3 – зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Бір-бірімізді тыңдаймыз!

Ұйымшыл боламыз !

Белсенділік танытамыз !

«Мозайка»әдісі бойынша топқа бөлу

1- топ; Доп

2- топ: Гүл

3-топ: Бала

4-топ: Ата

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Жедел жауап» әдісі

(Ұ) «Қар кесегі» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.










Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.


ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.



Психологиялық ахуал.


Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.

Ортасы

«Миға шабуыл» « Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде,Септік деген дәулетті, бай шал болыпты.Шалдың қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай өсірген жеті ұлы болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген ұлы қайтыс болыпты,сонда шал тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен ?» - деп егіледі.

Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен?»- деп жоқтау айтады.


Табыс атты ұлынан айырылғанда « нені айтып, кімді ғана қарғайын?» - деп көзі жасқа толып, ағашқа төртінші ішекті қадайды.Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып , « неде, кімде екен себебі?» -деп жылайды. Зұлым аштықтың бір ұшы Шығыс атты ұлына жеткенде, «неден қайтыс болдың,кімнен сені сұраймын?» - деп ағашқа алтыншы ішекті таққан екен.Жетінші ұлы Көмектесі қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?» -деп жеті ұлын жоқтап ұзақ жоқтау айтқан екен. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген» аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқалы шал мұңын халыққа жеткізген деседі.

Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып тұратын қосымшалар септік жалғауы деп аталады. Зат есімнің септік жалғауы арқылы өзгеруі зат
есімнің септелуі деп аталады. Қазақ тілінде жеті септік бар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.

Зерттеу жұмысы

Жұптық жұмыс

Ана, тау сөздерін септеп жаз.


Дескриптор:

- ережені қайталайды;

- зат есімнің септелуін еске түсіреді;

- сұрақтар қою арқылы орындарын анықтайды;

Ақпараттық ізденіс.

Мәтінмен жұмыс. 27-жаттығу

Сұрақтардың орнына ақбөкен сөзін қойып, мәтінді көшіріп жаз

Дескриптор:

- Ақбөкен туралы мәліметтер жазады;

- сұрақпен жасырылған сөздерді табады;

- сөздерге сұрақ қойып қай септік екенін анықтайды;

Сергіту сәті

1-минутта жұлдызшада берілген сөздерді септелу ретімен көрсет.



Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.






















































































Белсенді оқу тапсырмалары(ұжымда)

Тақырыпты меңгергенін

оқушылардың орындаған жұмыстарынан байқауға болады.

Дескрипторлар: - суреттен табиғат құбылыстарын анықтайды;

- зат есімнің септелу ретімен жазады;

Дескриптор:

- ережені қайталайды;

- зат есімнің септелуін еске түсіреді;

- сұрақтар қою арқылы орындарын анықтайды;







Форматив

ті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.



























































































Мақтау, мадақтау әдісі арқылы бағалау







Оқылым, жазылым тапсырмалары.































































































Соңы

Топтық жұмыс

1-топ

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қою,қай септікте тұрғанын анықтау,өлеңнің бір шумағын айту және авторын атау

2-топ

Мақал - мәтелдерден септелген зат есімдерді теріп жазады.
1. Жігітке өлең де өнер,
Өнер де өнер.
2. Шешендіктің күші – шындықта.
3. Ердің атын еңбек шығарады.
4. Тау таумен кездеспейді,
Адам адаммен кездеседі.
5. Қыз өссе, елдің көркі,
Гүл өссе, жердің көркі.
6. Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.

3-топ «Қыс» тақырыбында, 4-топ «Біздің сынып» тақырыбында мәтін құрастырады.

Мәтінде септік жалғаулары болу керек.

«Септеу эстафетасы» ойыны.
Шарты: Тақтаға төрт топтан төрт оқушы шығып, берілген зат есімді септейді. Қайсысы бұрын аяқтаса, қатесіз орындаса, жеңімпаз болады. Септіктердің орны ауысып кетпеу және жалғаулары дұрыс жалғануы керек.
Отан, баласы, әжесі, ата, ел.

Сематикалық карта




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
454
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі