жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ:Заттың формаларын түрлендіру және сызбасын орындау 10 сынып
Жамбыл облысы,Жуалы ауданы,Ақбастау ауылы.№14 Бейімбет Майлин атындағы орта мектеп
Автор:Шеримбаева Анафия Дуйсебаевна.Көркем еңбек пән мұғалімі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы : Мектеп:№14 Б.Майлин ОМ Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Анафия Шерімбаева Сынып: 10 Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Заттың формаларын түрлендіру және сызбасын орындау
|
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) |
10.5.2.2. Кеңістіктегі нысанның қалпын немесе бөліктерінің орнын ауыстырып, сызбасын орындау. |
Сабақтың мақсаты
|
1. Кеңістіктегі заттың қалпын түрлендіру. 2.Зат бөліктерінің орнын ауыстыру арқылы сызбаны орындау |
Бағалау критерийі
|
- кеңістіктегі зат формасын сызбада түрлендіреді . -заттың түрленген сызбасын орындайды |
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік терминдер: Аксонометрия,проекция,изометрия,диметрия,форма,модель |
Құндылықтарға баулу
|
- Шығармашылық сипаттау міндеттерін шешу икемділігі дамиды,бейнелік ойлауы артады. - Өздерінің,өзгелердің шығармашылық жұмыстарын талдайды,бағалайды және дәлелді шешім қабылдау біліктілігін дамытады. |
Пәнаралық байланыс
|
Геометрия,бейнелеу өнері,математика,қазақ тілі,информатика |
Алдыңғы білім
|
Кескіндер арқылы заттардың формаларын түрлендіру |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы
|
Психологиялық ахуал. Ұйымдастыру кезеңі: «Миға шабуыл» әдісі.Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру.Сұрақтарға жауап беру. -Проекция жазықтығы дегеніміз не? -Көрініс деп нені айтамыз? -Модельдеу дегеніміз не? -Техникалық сурет дегеніміз не?
|
|
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа сабақты жариялау.Сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстыру.Тақырыптың мазмұнын ашу үшін топтық жұмыс жүргізіледі «Ойлан және тап»әдісі.Топқа бөлу
1-тапсырма.Топтық жұмыс. «Ойлан және тап»әдісі. Екі топ кеңістікте берілген көрініс арқылы затты анықтайды.Сызбасын плакатқа орындайды
Дескриптор: -кеңістіктегі берілген затты ажыратып,сипаттап береді
- зат формасының көрінісін сызбада орындайды.
Бағалау «Басбармақ» әдісімен мұғалім бағалайды.
2-тапсырма. «Денотатты граф» әдісі. (тапсырмалар арқылы оқушыларға практикалық жұмыс беру, топпен жұмыс) Оқушыларға затты көрсетеміз. Талдаңыз.Заттың кеңістіктегі бөліктерінің орнын өзгертіңіз. Өзгерістер арқылы әртүрлі көріністерді орындаңыз.
Дескриптор: -қарапайым заттардың формаларын түрлендіреді және талдайды -Заттың кеңістіктегі көрінісін түрлендіру арқылы сызба жұмыстарын орындайды
Бағалау: «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісімен бірін-бірі бағалайды.
3-тапсырма. «Серпілген сауал» әдісі арқылы тақырыптың түсіну деңгейін артыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу мақсатында жылдам әрі нақты жауаптар алу үшін оқушыларға сұрақтар қойылады.
-Заттың формасы қандай денелерден құралады? -Зат бөліктерін ауыстыруға болады ма? -Зат бөліктері ауысқанда кескін өзгере ме? -Зат формасын қалай түрлендіруге болады?
Дескриптор: 1.Затты геометриялық денелерге бөлшектейді 2. Заттың бастапқы қалпын түрлендіреді
Бағалау: Сабақтан алған әсерлерін «Жапырақ» әдісі арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым. Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды. Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.
|
Әр түрлі геометриялық денелер. Маркер,қағаз
Слайд
|
|
Сабақтың соңы
|
«Кері байланыс бутерброды» кері байланысы арқылы қортындылаймыз. Жағдайаттық мәлімдеме-Маған ұнады.....,себебі.... Енді\ келесі жолы.......
|
.
|
|
Саралау – Сіз қандай Тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|
1.Дереккөздер:бірінші тапсырма бойынша кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздер табады,осы оқушыларды қарапайым оқушыларға ресурс ретінде пайдаланамын 2. «Денотатты граф» әдісі. бойынша екінші тапсырмада оқушылардың бойынан ойлау үдерісін дамытамын. 3.Диалог және қолдау көрсету әдісі бойынша үшінші тапсырмада оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін сұрақтар қоямын
|
1.«Басбармақ» әдісімен мұғалім бағалайды.
2.«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісімен бірін-бірі бағалайды
3.«Жапырақ» әдісі арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды
|
Сызу аспаптарын пайдалану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды. АКТ(интерактивті тақта) жұмысын пайдалану ережелерін біледі. Оқушының өз ара қатынасын үнемі бақылайды |
|
Сабақ бойынша рефлекция
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз бе? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен |
|
||
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе(оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
|
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген