400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабық, 8.4.А.Жарық құбылыстары 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабық, 8.4.А.Жарық құбылыстары 8 сынып 8.5.1.2 -эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін анықтау 8.5.1.3 – айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіру және түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспарлау үлгісі



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.4.А.Жарық құбылыстары

Мектеп: Жамбыл атындағы №39 ЖОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мырзатаева М.Р.

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары, жазық айналар





Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.5.1.2 -эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін анықтау

8.5.1.3 – айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіру және түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Жарықтың шағылу құбылысы, шағылу заңын білу;

Эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін жарықтың шағылу заңы негізінде анықтау;

Айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіру және ерекшеліктерін түсіндіру;

Бағалау критерийі

Жарықтың шағылу құбылысы, шағылу заңын біледі;

Эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін жарықтың шағылу заңы негізінде анықтай алады;

Айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіріп, ерекшеліктерін түсіндіреді;

Тілдік мақсаттар


Лексика және жаңа терминдер

Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары, шашыранды (диффузиялық) шағылу, дұрыс(айналық) шағылу.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Жарықтың шағылуы- екі түрлі ортаның ше-карасына түскен кезде жарық сәулесінің таралу бағытының өзгеру

құбылысын айтады.

Жарықтың шағылу заңдары:

1. Түскен сәуле, шағылған сәуле және сәуленің түсу нүктесінде

шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта

жатады.

2. Түсу бұрышы шағылу бұрышына тең.

a= γ

Шашыранды(диффузиялық) шағылу — бұл кедір­бұдыр беттен шағылу.

Дұрыс(айналық) шағылу - тегістелген, жылтыр беттен шағылу

Құндылықтарға баулу




Жалпыға бірдей еңбек қоғамын басшылыққа ала отырып топтасып бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Жарықтың түсу және шағылу бұрыштарын есептеуде математикалық амалдар қолданады.

Графиктерді сызу барысында геометрияны пайдаланады.

Алдыңғы білім


Жарық жайлы жаратылыстану пәнінен біледі.

Жарықтың түсуі жайлы 8 сынып курсынан жарықтың түзусызықты таралуы тақырыбынан біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы



5 минут







Ұйымдастыру

  1. Сәлемдесу

  2. Оқушыларды түгендеу

  3. Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу

  4. Өткен тақырыпқа шолу

Топқа біріктіру

«Көбелектер » әдісі арқылы оқушылар топқа бірігеді. Түрлі-түсті стикер көбелектерді тақтадан алу арқылы оқушылар екі топқа бірігеді.













1-топ «Қызғылт көбелектер»

2-топ «Сары көбелектер»


Сабақтың ортасы



6 минут


Білу, түсіну













13 минут


Қолдану, талдау








































10 минут


Түсіну, қолдану, талдау

Жаңа сабақ:

«Кинометафора» әдісі – бұл әдіс арқылы тақырыпқа байланысты бейнефильм көрсетемін. Жарықтың шағылуы және шағылу заңдары ұғымы жайлы түсінік бере отырып, оқушы бойында тыңдалым, айтылым, сыни ойлау дағдысын қалыптастырамын.

Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты ашып аламын:

  1. Жарықтың шағылу жайлы не түсіндік?

  2. Жарықтың шағылу заңдары жайлы не айта аламыз?

  3. Шағылудың қандай түрлері бар?

Дескриптор:

  • Жарықтың шағылу құбылысы жайлы түсінеді

  • Жарықтың шағылу заңдарын біледі.

  • Шағылудың түрлерін ажыратады.



«Джигсо» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу үшін эксперимент жасатамын. Алынған нәтижені топта талқылап, тұжырымдайды.

Тапсырма: Эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін жарықтың шағылу заңы негізінде анықтаңдар

1-топ:

Арнайы шайбаға (дөңгелекке) бекітілген кішкене айнаға оған тұрғызылған перпендикулярмен 50° бұрыш жасайтын 1­сәулені түсіріңдер.

2-топ:

Арнайы шайбаға (дөңгелекке) бекітілген кішкене айнаға оған тұрғызылған перпендикулярмен 35° бұрыш жасайтын 1­сәулені түсіріңдер.


Сонда қандай құбылысты көресіңдер?

Түсу бұрышын өзгерте отырып қандай жағдайды байқауға болады?

Түскен сәуле мен шағылған сәуле қандай жазықтықта жатады?


Дескриптор:

  • Жарықтың шағылуын байқайды.

  • Түсу бұрышы мен шағылу бұрышы тең екенін түсінеді.

  • Түсу бұрышы мен шағылу бұрышы бір жазықтықта жататынын көреді.



«Суреттер сөйлейді» әдісін пайдаланып жарықтың шағылу түрлерін ажыратады, ерекшеліктерін түсінеді, өмірден мысалдар келтіреді.

1. Айналық және шашыранды шағылу жайлы түсіндір.

2. Айналық және шашыранды шағылулар қай жерлерде кездесетініне мысалдар келтір және ерекшеліктерін түсіндір


1-топ. Шашыранды(диффузиялық) шағылу


2- топ. Дұрыс(айналық) шағылу



Дескриптор:

  • Айналық және шашыранды шағылу жайлы түсіндіреді.

  • Айналық және шашыранды шағылуларға мысалдар келтіреді және ерекшеліктерін түсіндіреді.

Әр топ тақтаға шығып өз жобаларын қорғайды және топтар бір-бірін бағалайды.Мұғалім кемшіліктерін ауызша айтып өтеді.



Видеоролик,
























8-сынып оқулық,









Шайба (дөңгелек), жарық, транспортир,





































Түрлі суреттер, оқулық






















Стикерлер

Сабақтың соңы


4 минут

























2 минут


Жаңа тақырыпты бекіту

«Тест жұмысы»

  1. Екі түрлі ортаның шекарасына түскен кезде жарық сәулесінің таралу бағытының өзгеру құбылысы

А. Сыну В. Шағылу С. Түсу

2. Түсу бұрышы мен шағылу бұрышы ........жатады

А. Бір жазықтықта С. Әр түрлі жазықтықта

В. Перпендикуляр

3. Түсу бұрышы шағылу бұрышы(-на,-нан)

А. Кіші В. Үлкен С.Тең

4. Шағылу түрлері

А. 3 В. 2 С. 4

5. Кедір­бұдыр беттен шағылу ........шағылу деп аталады

А. Диффузиялық В. Айналық С. Дұрыс

6. Тегістелген, жылтыр беттен шағылу ........шағылу деп аталады

А. Диффузиялық В. Айналық С.Шашыранды

Кері байланыс

“Тағы не білгіңіз келеді?”-әдісі арқылы оқушылардың пікірлері тыңдалып, кері байланыс жүргізіледі.

«Блоб» ағашын пайдаланып оқушылар өздерінің қай деңгейде тұрғанын көрсетеді



«Plickers» компьютерлік бағдарламасы





Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Тапсырмалар оқушының деңгейі мен қабілетіне қарай сараланып беріледі. «Кинометафора» әдісін пайдалана отырып оқушылардың бойында өз беттерінше қарқынды жұмыс жасауға мүмкіндік беремін. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беремін. Оқушылардың бойында көрсетілім, тыңдалым, сыни ойлау дағдыларын қалыптастырамын.Сабақ барысында қалыптастырушы бағалауды пайдаланамын. Себебі, қалыптастырушы бағалау оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім деңгейін қадағалап, реттеуге мүмкіндік береді. Эксперимент жасау барысында техника қауіпсіздігінің сақтауын қатаң қадағалаймын.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы



5 минут







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 желтоқсан
478
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі