400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабық Ауа райы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған ортаны зерттеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы

Ауа райы

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

1.1.1.1

қоршаған ортаны зерттеу барысында кейбір ерекшеліктерімен,таныс бейнелері мен формаларын анықтай бастау

1.3.3.1

қажеттілігіне қарай өз жұмысы туралы қарапайым пікірлер айту

Сабақ мақсаттары

  • оқушылар әртүрлі материалдар мен құралдарды пайдаланып, тушьты түрлі тәсілмен қолдануды үйренеді;

  • қоршаған ортаны бақылай отырып және кейбір визуалды элементтерді пайдаланып, сезімдері мен ойларын жеткізуді үйренеді;

  • жұмыстарының ерекшеліктерін сипаттай алады.

Тілдік мақсаттар


Пән лексикасы және терминология

тушь – тушь – Indian ink ауа райы – погода – the weather

пейзаж – пейзаж – landscape

Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар

• Картинада не бейнеленген?

• Картинаға қарағанда қандай сезім пайда болады?

Бастапқы білім


Оқушылар түстер мен реңктерді алу үшін түстерді араластыра отырып тәжірибе жасады

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1. Сабақтың басы, тақырыпты анықтау, сабақтың мақсаттарын қою. Ол үшін: ауа райы құбылыстарының дыбысын қосу, (слайдтан көрсету, 1-ші бет) оқушылардан қандай дыбыстарды естігендігі жайында елестетуін сұрау.

Оқушылардың мүмкін жауаптары: оқушылар қолдарын көтере отырып, жаңбырдын дыбысы, дауылдың дыбысы, боран және тағы басқа дыбыстарды атайды.

Естіген дыбыстардан қандай тақырып екендігін сұрау.

Мүмкін жауаптары: ауа райы

Балалардың дұрыс тапқандығын айту және қолпаштау. Сабақ мақсатымен таныстыру (слайдтан көрсету, 2-ші бет)


































Сабақтың ортасы

30 минут






































































































2. Сабақтың басы. (3 минут)

«Пейзаж» терминін түсіндіру және тушь бояуы жайында айтып беру. Түсіндіру әдісі- ауызша.

«Пейзаж» терминімен таныстыру (слайд, 3-ші бет). Осы кезде сабаққа қатысты терминдерді атап кетуге болады. Оқушылардан сөздерді бірге қайталап отыруын қадағалау қажет.

Пейза́ж— бейнелеу өнерінің жанры немесе осы жанрдағы табиғат бейнеленетін жеке туынды. (слайд, 4-6 беттер)

Тушь –қара бояу. Ертеде тушь Қытайда хат, сурет салу, көркем сурет үшін кең тараған материал болған; олжақтан Кореяға, Жапонияға, ал XV-XVII ғғ. Еуропаға тараған. Тушь күйеден жасалады. Сұйық тушьпен қатар қолданар алдында суға езілетін қатты тақтайшалар (құрғақ тушь) шығарылады. (слайд, 7-ші бет)

3. Оқулықпен жұмыс(2 минут): Оқушылардан оқулықтағы суреттер нені бейнелейтінін сұрау.

Оқушыларды бүгін сабақта олар ауа райын ерекше тәсілдермен бейнелейтіндерін айтып, қызықтырып қою қажет. Оқулықтағы суреттер бойынша сұрақтарға жауап берулерін сұрауға болады. Ауа райын олардың өмірлік тәжірибелерімен байланыстыру крек. Олар әртүрлі ауа райындағы өздерінің сезімдерін айта алады.Мысалы, біреулері жаңбырдың астында жүргенді, шалшықты басқанды жақсы көреді. Біреулері жауып тұрған қарды бақылағанды жақсы көреді.

Осы сабақ қыс мезгіліне келгендіктен, қысқы ауа райының қайталанбас сұлулығын атап өту керек.Содан кейін, ауа райын табиғаттың көңіл-күйімен байланыстыруға болады. Оқулықта бірнеше мысалдар келтірілген (оқулық, 63-ші бет).

4. «Ізден» (3 минут) айдарында зерттеушілік дағдыларын дамыту мақсатында бір пейзаждың әртүрлі ауа райындағы бейнесі және бір теңіз пейзажы берілген (оқулық, 62-ші бет). (Немесе слайдқа косып даярлауға болады)

Жұмыс түрі- жеке жұмыс.

Оқушылардың назарын суретшінің әртүрлі ауа райындағы табиғаттың ерекшелігін беру үшін қолданған визуалды элементтеріне аудару және оқушыларға сұрақ қою:

Суретте қандай ауа райын көріп тұрсызар?, Бұл үшін суретші нені қолданған?

Мүмкін жауаптары:

Бірінші суретте ауа райы бұлыңғыр, қатты жел соғып тұр. Мұны ағаштар мен шөптерден көруге болады. Олар қатты соққан желден иіліп кеткен, суретші желді көрсету үшін көлбеу сызықтарды қолданған, ауада ұшып жүрген заттарды салған.

Екінші суретте – қыс, қар жауып тұр.

Үшінші суретте дауыл бейнеленген. Суретші су тамшыларын, үлкен толқындарды доға тәріздес және толқынды сызықтармен салған.

5. Оқушыларды қызықтыру үшін анимациялар мен фотосуреттер баламасын қолдану. (Сілтеме) (1 минут)

Бұл сабақ мақсаты негізінен,оқушылардың назарын ауа райын салуға, әртүрлі материалдар мен құралдарды пайдалануға аударту болғандықтан, пейзажды жалпылап қана түсіндіруге болады. Оқушыларға «табиғатта жаман ауа райы болмайтынын» айта отырып, жақсы сезімдерге баса көңіл бөлу керек.

6. «Анықтайық» (2 минут) айдарында тушьпен жұмыс істеу тәсілдерін түсіндіру керек. Оқушылардың назарын оқулықтағы суреттерге аудару (немесе слайдқа тушьпен жұмыс істеу тәсілдерін қосуға болады)

Оқушыларды қасыңызға жинап алып, тушьпен жұмыс істеу тәсілдерін көрсету қажет және практикалық жұмысты бастамас бұрын оқушылардың назарын жұмыс орнын ұйымдастыра білуге және тапсырманы ұқыпты орындауға дағдыландыру керек.

Бірінші тәсіл: қаламұшпен және тушьпен сурет салу. Қаламұшты арнайы ұстағышқа бекітеміз.

Екінші тәсіл: тушьты кез келген түтікшеден үрлеу. Қағаздағы тушьтың тамшысын түтікше арқылы үрлеймін.

Үшінші тәсіл: сорғышпен басу. Сорғышты тушьқа ақырын батырып алып, із салу.

Төртінші тәсіл: щеткамен шашырату. Тіс щеткасын тушьқа ақырын малып алып, шашырату.

Бесінші тәсіл: дымқыл қағазға тамшылату. Қағазды сулап, дымқыл бетке тушьты тамшылату.

7. Практикалық жұмыс. (18 минут) Жұмыс түрі- жекеше.

Оқушыларға тушьпен жұмыстың жоғарыда көрсетілген барлық тәсілдерін сынап көру үшін жеке тапсырма беру.

Дифференциация (саралау):

Оқушыларға тұтас пейзаж емес, ауа райының жеке көріністерін салуға болатындығын айту.

Жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы ережелері туралы айту және төмендегі әуендерді қосып қою. Бұл оқушылардың көңіл- күйін көтеріп, шығармашылық қабілеттерін оятуға көмектеседі.

Вивальди «Жыл мезгілдері» - қыс (қатты жел);

С. Прокофьев, «Рыцарьлар биі» - найзағай үшін;

Вивальди «Дауыл» - дауыл үшін.

Практикалық жұмысты орындау кезінде міндетті түрде оқушыларды қадағалап отыру керек. Тапсырманы орындау деңгейін қарап отыру (түсіндіме/ түсінбеді ме, үлгереді ме/ үлгермейді ме, сапалы ма/ сапасыз ба және т.б.)

Жиі кері байланысты беріп және алып отыру керек: қажет болған жағдайда жұмысын жақсарту үшін оқушыларды қолпаштап отыруға болады, мысалы былай деп айтуға болады: «Мына жерде сен жақсы орындадың, бірақ ... істесең жақсы болар еді»

Сабақтың мақсатына оралып, қайталау мен бекітуге бірнеше сұрақтар қою (1 минут):

  1. Пейзаж деген не?

  2. Тушьты қалай қолдануға болады?

Сабақтың соңы

5 минут

Бағалау.

Оқушылардың жұмыстарын олармен бірге бағалау керек. Бір жұмысты талқылауға барлық оқушылар қатысады. Оларға әр жұмыс екі түсті стикермен бағаланатынын айту керек.

Мысалы: Жасыл – оқушы тапсырманы орындай алды.

Сары –бұдан жақсы істеуге болушы еді. (слайд- 9-шы бет)

Осындай жұмыстар арқылы оқушылар бірін-бірі әділ бағалап үйренеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
292
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі