жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сайыс сабақ Қазақ хандығы 6сынып
Авторы:Рахымбекова Бадикен Маратқызы
Нұр-Сұлтан қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы тарих пәні мұғалімі.
Сабақтың
тақырыбы: Қазақ хандары.
Сабақтың
мақсаты:
Қазақ
хандарының шығу тегін, хандардың
мақсатын, ұстанған бағытын түсіндіре
отырып, оқушылардың ақыл-ойын, танымдық
үрдістерін жетілдіру, шығармашылық
деңгейін дамыту. Міндеттері: Қазақ
хандығының гүлденуіне үлес қосқан
тарихи тұлғалар жайлы толығырақ білуге
жағдай жасау. Оқушыларды тарихи
фактілермен жұмыс жасауға, шапшандыққа
баулу, ойлау қабілеттерін дамыту,
салыстыра білуге, алған білімін нақтылай
алуға үйрету. Отансүйгіштікке, адалдыққа,
жауапкершілікке, ержүрек болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: карта, интерактивті тақта,
хандардың суреттері, плакат,карталар.
Сабақтың
түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың
бөлімі:
1.
Өткел (хандардың шығу тегі, саясаты,
қоғамдағы орны)
2.
Белес (сұраққа жауап)
3.
Бекет (тарихи жылдармен жұмыс)
4.
«Ой жалғау» жағасын табу сайысы.
5.
Бұл кім? Саяси партрет
6.
Қорытынды. жеңімпаз анықтау
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру
бөлімі:
Мұғалім:
Сәлеметсіздер ме қадірменді оқушылар
мен қонақтар!
Талай
ұрпақ ғасырлар бойы аңсап келген арман
жүзеге асып, еліміз тәуелсіздікке қол
жеткізді. Бүгінде Қазақстан – өзгелермен
терезесі тең егемен ел. Ал осы еркіндік
пен тәуелсіздікке жетуге ат салысқан
ата-бабаларымыздың ерлігі, батылдығы,
бірлігі, көрегендігі мен саясаткерліктерінің
арқасында ұлан байтақ қазақ жерін аман
сақтап, өскелең ұрпаққа паш етті.
Осыған
орай сіздерге «Қазақ хандары» атты
сайыс ұсынып отырмын.
Бүгінгі сайыс сабағымызда заң
жоралғыларымен, ерекшеленген хандар
туралы мәліметтер айтылады. Сайыс
сабағымызға «Тәуке хан» тобы,«Абылай
хан » тобы, «Қасым хан» тобы қатысады.
Әр бөлім сайын топтардың білім деңгейін
анықтап, ұпай қағаздары таратылып
отырады. Бүгінгі сайыс сабағымызды
бастамас бұрын әділ қазылар мүшелерін
сайлап алайық. Қатысушыларға сәттілік
тілеп сайыс сабағымызды бастаймыз.
Сайысымыздың
бірінші бөлімі : «Өткел» (хандардың шығу
тегі, саясаты, қоғамдағы орны).
Тәуке
хан: XVIII ғасырдың басындағы халық
зердесінде өшпес із қалдырған тарихи
тұлға. 1626-1715 жылдары өмір сұрген көреген
мемлекет қайраткері, дарынды қолбасшы,
шешен, қаһарлы әмірші, өзінің даналығы,
ұлылығы арқасында халқына істеген
жақсылығы үшін «Әз Тәуке» атанған хан,
толық есімі Тәуекел Мұхаммед Батыр хан.
1686-1718жылдары қазақ хандығын басқарған.
Жошы хан ұрпағы, Салқам Жәңгірдің
ұлы.
Тәуке
хан саясаты:
Астанасы
Түркістан қаласы. Елдегі бытыранқылықты
жойып, бір орталыққа бағынған қазақ
хандығын құруға күш салды.
Феодал
шонжарлардың өкілдерімен билерден
құралған хандық кеңестің және билер
кеңесінің рөлі артты.
Мемлекеттік
құрылыстың негізгі ұстанымдарын
айқындайтын «Жеті жарғы» заңын жасады.
Үш
жүздің басын қосып, мемлекеттің күш
қуатын арттыруды мақсат етті.
Абылай
хан :Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының
ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы
аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы
тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ
ордасының негізін салған Әз-Жәнібек,
одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан,
Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір
ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның
Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады.
Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда
Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті
билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына
барады. Уәлибақының баласы Абылай
жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін
батыр болып, қанішер Абылай атаныпты.
Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның
баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан
болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды»
жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің
қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген
өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би
оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін
бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын
да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына
сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса
керек.
1738-1741
ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар
басқыншылырына бірнеше мәрте соққы
берді. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл
жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға
түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына
қарсы күрестің ең белсенді
ұйымдастырушыларының біріне айналған
Абылайдың жау қолына түсуі қазақ
қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды
босатып алу үлкен саяси мәселеге
айналады.
Қасым
хан (1445-1518,20жж). Ұлы хан, қолбасшы, заңгер,
мемлекет қайраткері, кемеңгер, алып
денелі, зор дауысты, парасатты, қазақ
ордасының негізін салушы, екі арыстың
бірі, Жәнібек ханның үшінші ұлы. Жошы
ханның ұрпағынан тараған.Анасы Жаған
Бегім. 1511-1518жж қазақ хандығын
басқарған.
Қасым
хан саясаты: аумағы Жайық өзені мен
Сырдария алабы. Жетісу жерінің бір
бөлігі. Ұлытау өңірі Балқаш көлі. Астанасы
Сығанақ кейін Түркістан қаласы болған.
Ел
бірлігімен қазақ хандығының тәуелсіздігі
үшін күресті.
Монғол
шапқыншылығынан кейін барлық қазақ
рулары мен тайпалары бір мемлекетке
бірікті.
Орта
Азия, Еділ бойы, Батыс Сібір, Ресеймен
сауда саттық және дипломатиялық байланыс
орнатты.
Оңтүстік
қазақстан қалалары үшін Мұхаммед Шайбани
ханмен күрес жүргізді.
Қазақ
хандығы дербес мемлекет ретінде Шығыс
Еуропаға белгілі болды.
Алғаш
рет «Қасым ханның қасқа жолы» заңдар
жинағын шығарды.
Ұпайларын тарату...
ІІ
кезең: «Белес» сайысы. Әр топқа қазақ
хандығының құрылуы жайында сұрақтар
беріледі. Әр дұрыс жауап бір ұпаймен
бағаланады.
Сұрақтар:
«Қасым хан »тобы
1.Қазақ
хандығының құрылуы екі мемлекеттің
ішкі саяси жағдайына байланысты болды.
Ол мемлекеттер:
(Әбілхайыр хандығы
мен Моғолстан)
2.Қазақ
халқының Жәнібек пен Керей бастаған
бөлігінің Шығыс Дешті Қыпшақтан
Моғолстанға көшуі қай ғасырда болды?
(XV
ғасырдың ортасы)
3.Қазақ
халқының Жәнібек пен Керей бастаған
бөлігі қай хандықтан бөлініп
кетті?
(Әбілхайыр
хандығынан)
4.Жәнібек
пен Керей Өзбек хандығынан қайта
көшті?
(Моғолстанның
батыс аймағына)
5.Жәнібек,
Керей хандарымен бірігіп көшкен
ру-тайпалардың алғашқы
атауы.
(«өзбек-қазақтар»)
6.XV
ғ. 50-70жж. Керей мен Жәнібек хандарға
қосылған адам саны.
(200мың)
7.Моғолстан
билеушісі Есенбұға Жәнібек пен Керей
одағына ене отырып, олардың көмегімен
неге үміттенді?
(өз
шекарасы қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге)
8.Керей
мен Жәнібек бастаған қазақтарды қолдаған
Моғолстан ханы.
(Есен
Бұға).)
«Абылай хан» тобы
1.XVғ.
жаңадан құрылған Қазақ хандығының
билеушілерінің алдында тұрған
міндет.
(Қазақ
тайпаларының басын қосып,этникалық
аумағын біріктіру)
2.Қазақ
хандығы қай ғасырда құрылды?
(XV
ғасырдың ортасы)
3.Қазақ
хандығы құрылуы жайында жазған
тарихшы.
(М.Х.Дулати)
4.М.Х.Дулатидің
жазуы бойынша Қазақ хандығы қашан
құрылды?
(1465-1466жж.)
5.Қазақ
хандығының негізін салушылар.
(Жәнібек
пен Керей)
6.Жәнібек
ханның шын есімі.
(Әбусаид,
халық Әз-Жәнібек деп атаған)
7.Қазақ
хандығының алғашқы құрылған кездегі
территориясы.
(Шу
мен Талас өзендері маңы)
8.Қазақ
хандығының ұлттық туы тігілген
жер.
(Қозыбасы)
«Тәуке»хан
тобы
1Хандықтың
нығаюымен байланысты кімдерге қараған
халықтың бәрі қазақтар деп атала
бастады?
2.(Жәнібек
пен Керейге)
XV
ғасырдың соңына қарай Қазақ хандығының
құрамында қалған қалалар.
(Созақ,Сығанақ)
Сұрақтар: Тарихи ойын барысында.
3.Қазақ
хандығы қай жылдары құрылды?
(1465-1466жж.)
4.1470
жылы Керей хан бастаған қол шабуыл
жасаған қала.
(Түркістан)
5.XV
ғасырдың аяғына Қазақ хандығының негізгі
қарсыласы.
(Мұхаммед
Шайбани)
6.XV
ғасырдың соңында Шайбани ұрпағы мен
Қазақ хандығы арасындағы күрестің
себебі.
(Сырдария
қалалары үшін)
7.XV
ғасырдың 70 ж. Қазақ хандарының басып
алған жерлері.
(Сырдария
мен Қаратау өңірі)
8.Жетісу
жерінде XV ғ. II ж қандай хандық
құрылды?
(Қазақ
хандығы)
Қай
жылы Қерей мен Жәнібек Сыр бойындағы
қалаларға щабуыл жасады?
(1470ж)
Керейдің
ұлы кім?
(Бұрындық)
ІІІ
кезең
Бекет
(тарихи жылдармен жұмыс)
«Абылый
хан» тобына:
1.
1465-1466 жылдар
2.
1470 жыл
3.
1458/1465-1473
4.
1473-1780
5.
1511-1518 жылдары
«Қасым
хан» тобына:
6.
1523-1532 жылдар
7.
1538-1580жылдары
8.
1580-1582 жылдары
9.
1582-1598 жылдары
10.
1598-1628 жылдар
«Тәуке
хан» тобы
11.
1628-1652 жылдары
12.
1680-1715 жылдары
13.
1643 жыл
14.
1723 жыл.
15.
1731 жыл
Сұрақтардың жауабы:
1
Қазақ хандығының құрылуы
2
Жәнібек хан Созаққа шабуыл жасады. Созақ
пен Сауран Қазақ хандығына көшті.
3
Қазақ хандығын Керей хан билеген
жылдары
4
Қазақ хандығын Жәнібек хан билеген
жылдары
5
Қазақ хандығын Қасым ханның билік еткен
жылдары
6
Қазақ хандығын Тахир хан билеген
жылдары
7
Қазақ хандығын Хақназар хан билеген
жылдары
8
Хақназар хан қайтыс болғаннан кейін
хан тағына отырған Жәнібек ханның немере
інісі сексенге келген Шығай хан қай
жылдары биледі
9
Қазақ хандығын Тәуекел хан билік еткен
жылдары
10
Қазақ хандығын Есім ханның билік еткен
жылдары
11
Қазақ хандығын Есім ханның ұлы Жәңгір
хан билік жүргізген жылдары
12
Қазақ хандығын Тәуке ханның билік еткен
жылдары
13
Жәңгір хан 600 жауынгерімен жоңғардың
50 мың жауынгеріне қарсы тұрған Орбұлақ
шайқасы
14.
Ақтабан шұбырынды
15
Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын
қол астына алуға қол қойды.
І топ Ойды аяқтау. Қасым хан тобына
1.Қазақ хандығын құрған – Керей мен Жәнібек
2.Жәңгірдің баласы қазақ тарихында « Адамзаттың данасы» атанған хан- Тәуке хан
3.Қазақтың соңғы ханы – Кенесары хан
4. Алғашқы қазақ заңы «Қасқа жолды» шығарған хан-Қасым Хан
5.Қазақ халқының ұраны – Алаш
ІІ топ Абылай
1.Отырардың билеушісі – Қайыр хан
2.Отбасының қамқоршысы- Ұмай ана
3.Кіші жүздің биі – Әйтеке би
4.Ұлы жүздің биі – Төле би
5.Орта жүздің биі – Қазыбек би
ІІІ топ Тәуке
1.Үш жүздің басын қосқан хан – Тәуке хан
2.Абылайдың бас мирасқоры- Уәли
3.Аңырақай түбінде барлық жасақтарға қолбасшылық жасаған- Әбілхайыр
4.Аңырақай шайқасы -1730ж
5.Жетісу жерінде құрылды- Қазақ хандығы
І топ Абылай
1.Ол да дала заңы негізін жасаған ұлы хан, өзінің билік еткен заманында қазақ қоғамы жоғары сатыға көтерілді. Әз Жінібек ханның ұлы.Халықтың этникалық құрылымы және территориясы толық біріктірілді. Хандық биліктің рөлі артты. Мемлекеттің жер көлемі де, халық саны бірнеше есе өсе түсті.
Жауабы: Қасым ханның сөзі
ІІ топ Қасым
2.Ол жасында әскер басы ретінде танылған жауынгер болатын. Қасым ханның баласы.Өз әкесінің ізімен жүріп, оның ұлы ісін мұрат тұтқан хан. Қазақ ордасының іргесін одан әрі бекітіп, кемелді мемлекетке айналдырды. Орда иелігін Еділге дейін кеңейтті. Шығыстан әлсін – әлсін шабуыл жасаған қалмақтардың бетін қайтарды. Жауабы: Хақназар ханның сөзі
ІІІ топ Тәуке
1.Ол Шығай ханның ұлы. Отан қорғау және оның бірлігі мен бүтіндігін сақтау жолында жасалған ұлы істерімен бірге қазақ еліне ұлттық заң жүйесін жасау арқылы халық арасында әдет, әдеп, тәртіптік салт – дәстүрлер негізін одан әрі бекіте түсті. Жауабы: Салқам Жәңгір хан
Сергіту
сәті.
Сұрақтар: Тарихи ойын барысында.
2
сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап 1
ұпайдан.
Қорытынды бөлім.
Қорытындылау: Оқушылар үшін өте тартымды сайыс сабақ болды. Қазақ хандары туралы көптеген міліметтер алды.Әр топқа таратылған ұпай саны бойынша білім деңгейі төмендегідей бағаланды.Тәуке хан тобы 23 ұпаймен 1 орын,Абылай хан тобы 21 ұпаймен 2 орынға,Қасым хан тобы 19 ұпаймен 3 орынды иеленді. Тарих апталығы соңында мадақталды.
|
Қасым хан тобы |
Абылай хан тобы |
Тәуке хан тобы |
Өткел 3-ұпай |
2 |
3 |
4 |
Белес 1-ұпай,8-сұрақ |
6 |
6 |
6 |
Бекет1-ұпай, 5сұрақ |
5 |
5 |
5 |
Тест1-ұпай,6-сұрақ |
5 |
6 |
6 |
Сергіту 1-ұпай,2-сұрақ ойын ойнатып балл бердім |
1 |
1 |
2 |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген