400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық шара

Материал туралы қысқаша түсінік
тарау бойынша қайталатып есептер шығарту
Материалдың қысқаша нұсқасы


ШҚО Өскемен қаласының №3 Көпбейінді мектеп-гимназиясы




Сабақтың тақырыбы:

«Қызықты калейдоскоп » ойыны




























Сыныбы: 8В

Мерзімі:

Орындаған: ЗейнелханГ

Физика пәнінің мұғалімі





Сыныбы: 8 «Б» уақыты:

Сабақтың тақырыбы: «Жылу құбылыстары» тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Сынып оқушыларының «жылу құбылыстары» тарауы бойынша алған білімдерін тексеру, бағалау, алған теориялық білімдерін есептер шығаруда қолдана білу дағдысы мен қабылеттерін қалыптастыру.

Дамытушылық:

Оқушылардың танымы мен талғамын өсіру, дүниетанымын кеңейту, ойлау қабылетін, сөйлеу тілін дамыту, физика пәніне қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік:

Ұжымшылдыққа, шапшаңдыққа, саналы сезімге, өз бетімен жұмыс істеудің жауапкершілігін сезіндіру.

Көрнекілігі: ойынның слайдтары, диапроектор, қобдиша, физикалық приборлар, калейдоскоп, оқушылардың шығармашылық көрмесі, физикалық тәжірибе жасауға арналған құралдар,

Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, тәжірибе жасау,

Формасы: ойын сабақ

БАРЫСЫ: 1. Ұйымдастыру

2. мұғалімнің бастама сөзі

Ойынның шарттары:

  1. ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту);

  2. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);

  3. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (ертегі);

  4. «ОЙЛАН ТАП!» (бейне клипті физикалық тілмен жеткізу не себебін түсіндіру);

  5. «ДОМИНО» (физикалық формулаларды орынына сәйкестіру);

6. «Қане кім зерттеуші !» (әр топ үйге берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды);

  1. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)

7. «Қане кім шешен» (мақал – мәтелдердің мағынасын физикалық тілмен түсіндіру)

ІІ жүргізуші - Құрметті ұстаздар мен оқушылар!14-24 қараша аралығында гимназиямызда физика – химия және жаратылыстану пәндерінің «ГХБФ кемесі – білім теңізінде» атты пән апталығы өткізіліп жатыр. ГХБФ кемесі бүгін физика аралына келіп тоқтады.

- Олай болса, «Қызықты колейдоскоп» атты физикалық ойынына қош келдіңіздер!

І-жүргізуші

Уа жарандар, жарандар!

Бәрің бері қараңдар.

Бәріңе жар салайық,

Бүгінгі ойын төрінде.

ГХБФ теңізі елінде,

Г ХБФ теңізі тілінде

Жылдам шешіп жарысып,

Сұрақ пенен есепті.

құралдарды сөйлетіп,

Жасайық тәжірибені.

Көңілді ойын жасайық,

Асықпайық, саспайық.

Физиканың еліне

Батыл қадам жасайық,

Осылайша шабытпен,

Ойынымызды бастайық!

                 ІІ-жүргізуші Мінеки сыныпта тыныштық,

                                                Естілмейді дыбыс түк.

                                                Мұны біз де қостайық,

                                                Кешіккендерді тоспайық

                                                Ғылымдардың ғылымы,

                                                Физикамыз жайында

                                                 Кешімізді бастайық.

                                          Қайырлы күн құрметті көрермен!

                                          Сөз бастайын термелейтін өлеңмен.

                                          Тәрбиелі,білімді боп әрқашан

                                           Өс, өркенде, қанат жайып кемелден.

І-жүргізуші:

Кезек келіп, өжеттеніп, сөз аппын.

Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн!

Тегіміз бір-батырақ та,бай да емес,

Емеспіз бе, азаматы қазақтың!-демекші

 Мұнда әрбір топ өздерін таныстырып, көрермендерге және қарсыластарына сәлем береді. Ал енді сөз кезегін ойыншыларымызға берейік.

ІІ-жүргізуші - Ойынға қатысушы ойыншыларға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Ойынға төрт топ қатысады.

  1. « Энергия» тобы

  2. «Термодинамика зерттеушілері» тобы

  3. «термодинамиканың қағидалары» тобы

  4. «Жылу мөлшері» тобы

  1. ТАНЫСТЫРУ кезеңінде әр топ өздерін таныстырады.

(Ойынға қатысушы төрт топ өздерін таныстырады.) ( 5ұпайдан)

1-топ: «Энергия» тобы

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.

Сәлемдесуі:

Достарым ерігіп жүрме бос,

Қол ұстас, бірігіп тізе қос.

Жеңіспен мәреге барайық,

Жеңістің ұранын салайық.


2-топ: «Термодинамика зерттеушілері» тобы


Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі:

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

үш-топ: «Термодинамиканың қағидалары» тобы

Ұраны:

Сәлемдесуі:

IV топ «Жылу мөлшері» тобы

  1. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар)


Төрт топқа викториналық сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай

І топ

1. Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі қалай аталады? (Балқу)

2. Термодинамика қай тілден қандай мағына береді? ( грек сөзінен therme- жылу және dynamis – күш дегенді білдіреді)

3. Табиғаттағы ең төменгі шектік температура қанша? ( )

3. Конвекция заттың қай күйдерінде болмайды? (Қатты және вакумде)

4. Жұлдыздар жүйесін қалай атайды? (Галактика)

5. Өз сұығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу? (қаныққан бу)

6. Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? /алма/

7. Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі /Термодинамика/

8. Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі /Рекс/

ІІ топ

1. Сұйықтың буға айналу құбылысы? (булану)

2. Корпускулалық қай тілден қандай мағынада? ( латын сөзінен –corpusculum-кішкене дегенді білдіреді)

3. Тұңғыш ғарышкер? (Ю.Гагарин)

4. Оқ ататын қарулар жылу қозғалытқыштарына жатама? (жатады)

5. Ауаның ылғалдығын анықтайтын құрал? (психрометр)

6. Термодинамикалық параметрлер? (қысым, көлем, температура)

7 . 1г суды -қа қыздыру үшін берілетін жылу мөлшерін? (Калория)

8. Радионың атасы /Александр Сергеевич Попов/


ІІІ топ

  1. Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдері? (жылу берілу және механикалық жұмыс)

  2. Заттың сұық күйден қатты күйге айналу процесін қалай атайды? (қатаю)

  3. Калория қай тілден қандай мағынада? (латын сөзінен – «жылу», «қызу»)

4. Будың сұйыққа айналу құбылысы? (конденсация)

5. Қазақстандағы ғарыш кешені? (Байқоңыр)

3. дененің температурасын қандай құралмен өлшейді? ( термометр)

4. Талғат Мусабаев ғарыш кеңістігіне қанша рет көтерілді? (үш рет )

5. Цельсий шкаласы бойынша температура бірлігіне яғни 1 градусқа тең шама? ( Бір кельвин)

6. Ауаның қысымын анықтайтын құрал /Барометр/

7. Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? /Жетіқарақшы/

8. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? /адам ғарышқа ұшты/

IV топ

  1. жылу берілудің түрлері? (жылуөткізгіштік, Конвекция, сәулелену )

  2. Меншікті жылу сыйымдылығының өлщем бірлігі? ( )

  3. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын, яғни қанығуға жетпеген бу? (қанықпаған бу)

  4. Молеклалардың ретсіз қозғалысы қалай аталады? (жылулық қозғалыс)

  5. Сұйықтың бетінде жүретін булану құбылысы? (кебу)

  6. Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. /Әл-Фараби/

  7. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? /адам ғарышқа ұшты/

  8. Заттың ең кішкентай бөлігі? /атом/

ІІІ «ОЙЛАН ТАП!» (тарау бойынша үнсіз бейне клиптер беріліп оның физикалық мәнін ашады) . №1№2 №3№4



IV «ДОМИНО» (физикалық формулаларды орынына сәйкестіру);

«Қане кім зерттеуші !» (әр топ үйге берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды);

V «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (ертегі оқылады да әр топқа жекелей сұрақтар қойылып жауап алынады);

1 Бір күні аты әлемге әйгілі Алдар көсе Шықбермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Олар келгенде бәйбіше бауырсақ пісіріп жатады. Алдар көсе әңгіме айтып көп отырып қалады, бай оны шайға шақырады. Байдың қызы бикеш темірден өріліп жасалған ыдысқа бауырсақты салып әкеліп дастарханға қойып жатып былай дейді:

  • Бауырсақты ыстық езінде жеген дәмді, сондықтан бауырсақ тез суымас үшін мына темірден өрілген ыдысқа салып әкелдім дейді, сонда Алдар:

  • Жоқ сіз қателесесіз, одан да бауырсақта ағаштан жасалған ыдысқа салған дұрыс – дейді. Сұрақ Алдардың берген кеңесі дұрыспа не үшін?

(дұрыс, ағаштан жасалған ыдыста бауырсақ баяу суиды, өйткені ағашытың жылу өткізгіштігі темірден төмен).


2 Алдар шайға қанып алып, орыннан тұрып кетуге ыңғайланады. Үй иесі есікті ашқаны сол еді, үйге бір мысық кіреді. Алдардың көзі үйге кірген мысыққа түсті, мысыққа қарап тұрып, Құлаұшыңымды кие шығайын, далада күн суық екен деді, Сұрақ далада күннің суық екенін Алдар қайдан білді?

( үйге кірген мысықтың жүніне қарап білді. Күн суықта мысықтың жүні үрпип торсия түседі, өйткені ол өздерінің жүндерінің арасында көбірек ауа болатындай етіп жүнін үрпитеді, ал ауа жылуды нашар өткізгендіктен, мысық осы күйінде далада ұзақ уақыт бола алады).


3 Алдардың көзі тағыда әдемі тігілген гиз үйге түсті. Сұрақ: гиз үйдің басқа үйлерге қарағанда ең басты артықшылығы не? (оның тігілу орынымен сыртындағы жабылған гиізінде, себебі гиздің жылуөткізгіштігі өте нашар ол қыста суық ауаны ішке, ыстық ауаны сыртқа шығармайды.)


4 Алдарды аттандыру үшін байдың шопаны шығарып салды. Атына мінер кезінде Алдар шопанға қалжыңдап қыс қанша қатты болсада сені ала алмас деді, Алдардың осылай қалжыңдауының себебі неде? ( себебі Алдардың көзі шопанның үстіндегі тонға түсті, тон жүннен тігілгендіктен ол да жылуды жақсы сақтайды).

VI. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)


Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?


Жауабы: МЫСЫҚ

VII «Қане кім шешен» (мақал – мәтелдердің мағынасын физикалық тілмен түсіндіру) ( бір сұрақ 1 ұпай)

(сынып оқушылары мақал мәтелдердің физикалық мағынасы ашып береді)

  1. Шешен сөзінен сынады,

Ине көзінен сынады. (бұл физикалық заттың беріктілік шегі арқылы түсіне отырып, сөздің мән – мағынасын түсініп, ойлап байқап сөйлеу, ауыздан шыққан сөздің мағынасына мән беру).

  1. Темірді қызуында соқ. ( қыздыру балқыту құбылыстар, не істі дер кезінде істеу).

  2. Бір шірік құмалақ, бір қарын майды шірітеді. (диффузия құбылысы арқылы бір жаман ісіңмен барлық істеген (1). Жақсы ісіңді жоясың. (2). Бүкіл ұжымға кір келтіретін бір мүшесінің бір жаман қылығы суреттеледі деп түсіну керек).

  3. Күн шыққан соң суарған суды күн жұтар,

Күн батқан соң суарған суды жер жұтар. (Булану процесі)

  1. Көсеу ұзын болса, қол күймес. (арқа сүйер адам, жақын тұтар кісің болса, қиындық көрмейсің. Ал физикалық тұрғыдан жылу берілу соның ішінде жылуөткізгіштік)

6. Терек қисайған жағына жығылады,

Қазан отпен, адам әрекетпен қызады. ( жылулық қозғалыс, ішкі энергияның өзгерту тәсілдері)

7.қол жұмылмай жылынбайды.

Ескі мұз ерігіш, жаңа дос жерігіш. ( жылу берілу)

8. Нан піскенше, күлше күйеді. (меншікті жылу сыйымдылығы)

9. Отты үрлеген жағады,

Шындықты іздеген табады.

Азықсыз адам алысқа бармас. (отын энергиясы, энергияның сақт

10. Тонның жылуы тігісінен емес жүнінен. (жылуөткізгіштік)

11. ауызы күйген үрлеп ұрыттайды. (жылулық қозғалыс, ыстық судың молекулаларының қозғалысы өте шапшаң болады да энергиясы көп)


Олар жайлы төреші,

Көрермендер өздерің.

Ақ – қарасын айырып,

Куә болды көздерің.

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендеріңе көп рахмет!

Шын сезінген көрерменге

Айтамыз біз мың рахмет! – дей келе «ГХБФ» кемесін келесі аралға аттандырамыз. Сіздердің кемелеріңіздің капитаны болған біз Диас пен Гүлназ

Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.05.2019
713
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі