400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық шара : Тәуелсіз ел - Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс- шара мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жету жолындағы айшықты ісіне шолу жасап түсінік беру; оқушылардың ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін арттыру, елін сүйетін ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс іс- шара тақырыбы: Тәуелсіз ел – Қазақстан. Тәуелсіз Қазақстанның білімді де өнерлі ұрпақтары

Сыныптан тыс іс- шара мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жету жолындағы айшықты ісіне шолу жасап түсінік беру; оқушылардың ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін арттыру, елін сүйетін ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу;

Сыныптан тыс іс- шара міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру. 

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру. 

Тәрбиелік: Елін, жерін қорғап, Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанның өркендеуіне өз үлесітерін қосатын азаматтарды тәрбиелеу.

Сыныптан тыс іс- шара түрі: сайыс сипаттағы

Сыныптан тыс іс- шара формасы: викторина

Көрнекілігі: плакат, бейнематериалдар

Техникалық құралдар: мультимедиялық пректор

Барысы:


І. Кіріспе


Әнұран орындау

Тәуелсіздік сөзінің мағынасын  түсіндіріңіздер (слайд).

Мұғалімнің  кіріспе сөзі:

«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,ол- Тәуелсіз Қазақстан!»

Н.Ә. Назарбаев.

Біздің халқымыздың тарихында кейінгі ұрпақ мәнгі қастерлеп,ардақтап өтетін күн- 1991 жыл 16 желтоқсан. Бұл күн – біздің Тәуелсіздігімізді дүние жүзі мойындаған күн! Тәуелсіздіктің қайта оралғаны – біздің ата – бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария етті. Басты мақсат- Қазақстанның ең дамыған 30 мемелекеттің қатарына қосылуы. Ол – « Мәнгілік Казакстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Қазақ елі өткен  жылдар қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегіне өз еліне деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Еліміз бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиетті дарыған, Егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой – өрісі кең, алғыр да жүректі,салауатты азаматтар қажет – дейді Н.Ә.Назарбаев.


Егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 30 жыл толған мерейлі тойына арналған Дарындылар мен Ақылдылар сайысымызды бастайық.

1 топ:

Сұрақтарға толық жауап берулеріңіз  керек.

1.Сұрақ – Ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін 16 желтоқсан қандай күн  деп ойлайсыздар?  (  16-желтоқсан Тәуелсіздік күні )

2.Сұрақ - Менің Отаным - (Қазақстан), Қазақстан көп ұлтты – (мемлекет)

3.Сұрақ – Еліміздің түңғыш президенті қай жерде туған? (Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты  Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді.

4. Сұрақ – Еліміздің мемлекеттік рәміздерін атап шығыңыздар. (Елтаңба, Әнұран, Ту.)

5.Сұрақ- Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының сөзі  мен әнін жазған кімдер? (Н.Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов, Шәмші Қолдаяков)

6.Сұрақ - Мемлекеттік тіл – (қазақ тілі)

7. Шілденің алтысы Қазақстанның Елордасы – (Астана күні)

8.1 желтоқсан қандай мереке болып аталып өтті. Және де тұңғыш президент кім? (Тұңғыш президент күні, Н.Ә.Назарбаев)

9. Астана қаласының символы? (Бәйтерек)

2 топ:

Астана қаласының ғимараттарын атап шығыңыздар. Қима қағаздарды құрастыру арқылы.





3 топ:

Берілген сөздерге орысша және ағылшынша аудармаларын табыңыздар.

Отан, туған жер, отбасы, тарих , халық, дәстүр, тіл, ел сөздерін орыс, ағылшын тілдеріне аударыңыздар.


Отан – Родина – homeland

Туған жер – родная земля – native land

Отбасы – семья – family

Тарих – история – history

Халық – народ – people

Дәстүр – традиция – tradition

Тіл – язык – language

Ұлт – нация - nation


4 топ:


Сөзжұмбақты шешейік.




«Тәуелсіз ел – Қазақсан. Тәуелсіз Қазақстанның білімді де өнерлі ұрпақтары» атты сыныптан тыс шараны бейнематериалмен бастадық солайша «Желтоқсан желі» видеоматериал көрсету

арқылы аяқтағамыз келеді: экранға назар аударыңыздар.


Бүгінгі ұранымыз сіздерге өмірлік ұранға айналуына шын жүректен тілектеспіз.



















№32 жалпы білім беретін мектеп КММ









Іс – шара тақырыбы: Тәуелсіз ел – Қазақстан


4 – сыныптарға арналған қазақ тілі сабағы

(орыс тілді оқыту сыныбы)



Қазақ тілі мен қаза әдебиет мұғалімі: Кумисбаева Ж.К

















Қарағанды қаласы, 2021 -2022 оқу жылы












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 желтоқсан
611
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі