400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық шара Математика -ғылымдар патшасы 7-8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 7-8 сыныпқа арналған. Математика апталығында қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Математика-ғылымдар патшасы» интеллектуалдық ойыны

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта



Сабақ барысы

1-жүргізуші:

Уа, жарандар, жарандар!
Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында
Сайысымызды бастаймыз.

2- жүргізуші:
Математика ермек емес балалық,
Математика – көрегендік даналық.
Математика құрметтеуге лайық
Кел достарым, мұны жақсы ұғайық!

1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар және білім алушылар! Сіздермен бірлесе отырып, 7-8 сыныптар арасында «Математика-ғылымдар патшасы» атты интеллектуалдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші:

Бүгінгі күн сайыста

Ешкімнен сен қалыспа,

Білімі кімнің көп болса,

Сол озады сайыста- деп бүгінгі сайысымызға қатысушы топтарды таныстырып өтейік.





1-жүргізуші:Бірінші топ «Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы» екенін дәлелдеген Карл Фридрих Гаусс тобын ортаға шақырайық.

2-жүргізуші:Екінші топ «Геометрияның Атасы» атанған Евклид тобын ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші:Үшінші топ «Талай жыл талмай ойлап, елден бұрын,Ашқан күні әйгілі сурет сырын.Пифагор қуанғаннан жүз өгізді,Құдайға құрбан шалып, жасапты ырым.» Үш өгіз теоремасын ашқан Пифагор тобын ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші:Сайысымызды бастамас бұрын оқушылардың білімдерін әділ бағалайтын әділ қазылар алқасымен танысып алайық!
1.Мектеп директоры: Ш.Т.Саткужаева

МДОІСЖО: Әсімқұл С

МДОІСЖО:Қағазбекова Ұ

МДТІЖО: Тортбаева А

1-жүргізуші:Шын жүйрік шабысынан танылады.

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпен қол соғылады.

2-жүргізуші:

Ойын кезеңдері:

  1. Бірінші кезең: «Өзін - өзі таныстыру».

II. Екінші кезең.«Кім білгір?» (сұрақ – жауап).

ІІІ. Үшінші кезең. «Кім жылдам?»

IV. Төртінші кезең. Музыкалық сайыс.

V. Бесінші кезең. «Бейнесұрақ»

VІ. Алтыншы кезең. Капитандар жекпе-жегі

1-жүргізуші:

Бірінші кезең: «Өзін - өзі таныстыру».

Бұл кезеңде әр топ өзінің атын, ұранын айтып, бір - бірімен танысады.

2-жүргізуші:Білімнің ұшқырлығын танытып сен,

Асып- тасып, асықпа,қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап , зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

1-жүргізуші:II. Екінші кезең.«Кім білгір?» (сұрақ – жауап).

Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақ беріледі,. Ұпай саны әр дұрыс жауапқа

2 балдан қойылады.

1)    Қиылыспайтын түзулер, ол не? (параллель түзулер).
2)    Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (1).
3)    Сандарға байланысты 3 мақал-мәтел жаз

4)     Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Алмұрт пен шабдалының қайсысы ауыр?(алмұрт)
5)     Қысқаша көбейту формулалары саны нешеу? =? +2ав+ )
6)     Тікбұрыш жасап қиылысатын түзулер? (перпендикуляр түзулер).
7)     Теңдеуді шеш -8х+15=0 Жауабы: 5 және 3
8)     Геометрия пәні нені зерттейді? (Фигуралардың қасиеттерін)
9)    Квадрат теңдеудің формуласын жаз 0)
10)  100 санының ішінде неше 1саны бар? (21)
2-жүргізуші: Оқушылар сұрақтарға жауап жазып болғанша келесі кезекті «Математика өмірде» атты монтажға береміз.

Айдан хабар алғызған

Теңіз суын каналмен

Шөл далаға бұрғызған

Биік үйлер салғызған

Математика демек бұл

Таби ғат сырын аштырған

Тоқ пен қазан астырған

Миллион гектар жерлерді

Механизммен аштырған

Математика демек бұл

Шындықты алғаш таратқан

Жыл күніңді санатқан

Тауып үлкен жаңалық

Жоқтан барды жаратқан

Математика демек бұл

Құтқарып ауыр еңбектен

Техниканы үйреткен

Роботтай адамды

Тіл бергізіп сөйлеткен

Математика демек бұл

Білмегенді білдірген

Өлшеп киім кидірген

Барлық істі атқарып

Пайдасын елге тигізген

Математика демек бұл

Жас достар бұны бәріміз ұғайық

Математика құрметтеуге ылайық



1-жүргізуші:

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер жеңістің шыңына 

IІІ-кезең. «Кім жылдам?» Ойын шарты:

1. Ұяшықты таңдаймыз.Сұрақ оқылады.3.Ойлануға 5 секунд уақыт беріледі. Сары ұяшық – 3 ұпай. Көк ұяшық – 4 ұпай.Жасыл ұяшық – 5 ұпай. Қызыл ұяшық – 10 ұпай.

2-жүргізуші: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер 

ІV-кезең. Музыкалық сайыс.

Сандармен мәтінді музыка әуеніне келтіріп ән айту.

І топ тапсырмасы. «Чунга чанга» әні

ІІ топ тапсырмасы. «Антошка» әні

ІІІ топ тапсырмасы. «Гена қолтырауынның әні»

1-жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер – дей келе кезекті кеелесі кезеңге береміз.

2-жүргізуші:

V-кезең. «Бейнесұрақ». Әр топқа 2 бейне сұрақ беріледі. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

1-жүргізуші:

VІ-кезең. «Капитандар жекпе-жегі»    «Есте  сақтайық» деп аталады.                         

Капитандарға слайдтан   14  түрлі  зат  көрсетіледі.  Оқушылар  ол  заттарға  30 секунд  қарайды.  Оқушылар  қандай  зат  көргенін  параққа  жаза 

бастайды.

2-жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті оқушылар дайындаған математикалық әнге береміз.

1-жүргізуші:

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады-деп сөз кезегін әділқазы алқаларына береміз.

2-жүргізуші:

Ең бастысы орын емес жарыста

Терең білім, жеңу шарты сайыста

Тапқырлықпен ізденісте болсаңыз.

Өмірде де жетері хақ, табысқа-дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. Сайысымызға қатысқандарыңызға үлкен рахмет.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
748
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі