400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық шара Наурыз-жыл басы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлей отырып, дамыта оқытып тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Наурыз – жыл басы .» 

Сабақтың мақсаты: 
1. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлей отырып, дамыта оқытып тәрбиелеу.
2. Халықтың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
3. Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып, балаларға ұғындыру.
Көрнекілігі: Акт. Ұлттық киім үлгілері, ұлттық тағам түрлері, құрақ көрпе, мақалдар, наурыз белгілері.
І. Ұйымдастыру кезеңі 


— Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –жыл басы » атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! 


— Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам. 
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, 
Нұрға бөлеп міне жатыр манайды! 
Мал біткеннің бал татыған уызды, 
Қуат болып қанымызға тарайды. 
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, 
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. 
«Аманба» деп мал жаның? 
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді. 
— Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! 
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! 
Ақ мол болсын! 
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің! 
ІІ. Әңгімелесу 
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген 
ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. 
— Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! (бір ата-ана шашу шашады, музыка қосу) 
— Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. 
— Ал, енді біздің наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарымызды ұсынамыз. 
ІІІ. Тақпақтар 
Оқушы

Наурыз келіп, жас кірді,
Жас хабаршы әз кірді.

Күнге тосып арқасын,
Жан біткенге наз кірді.

Оқушы

Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы – салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз.





Көрініс. Күн мен Түн шығады ортаға.


Күн: Сәулесі мол Күнмін,
Түн: Жұлдызы көп Түнмін.
Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.
Түн: Ал ертең, күн ұзақ,
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмендер тек бірақ

Оқушы:
Сәнді көктем – Наурыз,
Наурыз тойы – жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Құлпырсын күн мен ай,
Құтты болсын Наурыз той!.

Мұғалім: Балалар, ұлы күнде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар екен, кәне, соны көрейік.

Оқушы:
Амансыз ба, Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда болса, жол болсын.
Оқушы:
Ұлыс береке болсын,
Бәле – жала жерге енсін.
Оқушы:
Ұлыс бақытты болсын,
Төрт түлігің ақты болсын.
Оқушы:
Ұлыс бақты болсын,
Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын,
Білім - өнер серік болсын!
Оқушы:
Ау, жараңдар, келіңдер!
Той қызығын көріңдер!
Наурыз айға бас иіп,
Күнге сәлем беріңдер
ІV. Жұмбақ 
— Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар: 
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, 
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. 
(дастархан) 
Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады? 
Қазақтың ұлттық тағамдары, 
Жасымнан жақын маған бәрі. 
Теңермес ем оларға мен, 
Ешбір асты ғаламдағы.

 

Ән: Дастархан. Орындаған: Кәусар.

— Дастархан басында адамдар қалай отырады, асқа қатысты тыйымдармен ырымдарымен бізді Раушан апайымыз таныстырып өтеді. 
V. Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру 
Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бесікке салу тойларын ырымын көрсетіп, түсіндіріп беретін Гүлбаршын апаймызға сөз береміз. 
Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында «Тұсау кесер» тойы өткізіледі. Сөз беріледі. 




VI. Ұлттық ойын «Арқан тартыс» 

Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т.б ойындар. (интерактивті тақтамен жұмыс) 
— Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады) 

Рахмет! Отырамыз!



НАУРЫЗ БЕЛГІЛЕРІ.


Наурыз айында мал төлдей бастайды. Оны ешкімге сыйға бермейді, сатпайды. «Наурыз төл» деп атайды.

Наурыз күні ұшып келетін көктем құсы – «Наурызкөк».

«Наурыз шешек» - өте бағалы өсімдік. «Қызыл кітапқа» енген.

Наурыз күні қар жауса, нұр жауды, жаңа жыл жақсы болады, деп қуанған. «Наурызша» - деп атаған.

Бұл күні 7 түрлі дәмнен «Наурыз көже» пісіріледі

«Наурыз тілек.»  Әр адам өзіне, от басына немесе жақын туыстары мен дос жарандарын Ұлыстың

ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір бірінің үйіне кіріп дәм татады.

«Наурызнама»- шат шадыман ойын –сауық той. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға

келіп, көңілді ойын сауықтар жасалады. Тойға ат жарыс, палуан күрес, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады.

«Наурыз бата.» - Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі- осы Наурыз бата. Мұнда наурызнама

өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші

палуандарға бата беріледі.


Қазақ биі: Қыздар тобы.



Ән: Наурыз көктем.


Би: Қара жорға: жігіттер тобы.


Ән: Наурыз.




«Бипыл» биі





VII. Қорытындылау. 
Мұғалім: Балалар, Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже.

Қорытынды сөз: Осымен тәрбие сағатымызды батамен аяқтай отырып, наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз.







№ «17 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мекемесі.







Shape1

Ашық шара.












Тақырыбы:«Наурыз – жыл басы » 



Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі: Оралбаева Гульмира.





3-сынып









2018 оқу жылы.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
504
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі