Ашық шара Қош келдің Жаңа жыл

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық шара Қош келдің Жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала бақша тәрбиешілеріне Жаңа жылдық шараларға деген ізденістеріне ойлау қабілеттеріне қызығушылықтарын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Біз сіздерді Жаңа 2018жыл ит жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз.

Құттықтау сөзін балабақша меңгерушісі: Н.Е.Бақтыбайқызына беріледі

Жүргізуші:Келді, міне, сағындырып далама
Келді, міне, Жаңа жыл қалама
Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып.
Кәне, кәне келіңіздер
Би билеп ән салып беріңіздер!
Мерекені Жаңа жылды қарсы алып. Ақтарайық әнменен көңіл сырын - дей келе құрметті қонақтар, ата - аналар бүгінгі жаңа жыл ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер
Жүргізуші: Балалар, біз барлығымыз жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Бүгін біздің мерекемізге кім келеді? 
Балалар : Аяз ата! 
Жүргізуші: Дұрыс балалар, ал Аяз ата не әкеледі?
Балалар: Сыйлықтар

Жүргізуші: Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен жыл толы болған. Тауық жылы келіпті . Тауық балапандарымен билеп кіреді.
Тауық- Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2018 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.! Осы сәтте қоян секіріп келіп

Қоян-Ой балалар мені құтарыңдаршы.Ол мені жеп қоямын дейді. Осы сәтте ғаламшарлық томпақ келеді.

Жүргізуші: Мынау кім екен?
Балалар: Томпақ

Томпақ – Сәлеметсіздерме?! Балалар менің атым Томпақ .Мен жаңа жыл тойлап жатыр дегенді естіп сіздермен тойлауға Аяз ата мен Ақшақарды көруге келдім
Жүргізуші: Қоян сені кім ренжітті, сен кімнен қорқып отырсың?
Қоян: Кім болушы еді – қасқыр! Мен естігенмін, ол жаңа жыл мерекесінде мені қуырып жеймін дейді.
Жүргізуші: Томпақ Қоян бізбен бірге жүр, ешкімнен қорықпа, біз барлығымыз қосылып қасқырдан сені құтқарамыз. ән ырғағымен соң қасқыр келеді. Барлық жерді иіскеп, тістеп. 

Жүргізуші: Мынау кім екен?
Балаларасқыр: Қасқыр:Кім дегенің қалай? ең батыр, ең мықты, ең шапшаң, ол  мен –қасқыр.
Жүргізуші: А.....солай ма? Осында қалай келіп қалдың?
Қасқыр: Мен жай жүрмін, сендердің мерекелеріне әдейлеп келдім. Ал сендер қоянды көрген жоқсыңдар ма?
Жүргізуші: Ал сен оны қайтейін деп едің?
Қасқыр: Жай, менің қарным ашты (қарнын сипайды), ой айтып қойдым ғой.
Жүргізуші: Қасқыр, саған ұят емес пе? Сен неге оны қуалайсың?
Қасқыр: Мен бәрібір оны жеймін.
Қоян: Қасеке, сен мені жеме, саған деген мерекеге арналған балалардың сыйы бар. Балалармен бірге саған билеп берейін дейді

Жүргізуші: «Сағат» биі қыздардың орындауында
Әндетіп Мики Маус шығады да Шырша артынан ірімшікке толы қорапшаны көреді бірден қорапшаны тарта бастайды қорапша ашылып кетіп ішінен гав-гав етіп күшіктер шығады

«Күшіктер»биі қыздардың орындауында

Тауық : Ой сендер қайдан шыға келдіңдер? Келесі жыл бастауын өздеріңе беремін.(Сахнаға Ит шығады.)

Жүргізуші: Ар бол, Жаңа жыл!
Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт - береке жылы бол, Жаңа жыл.
Ит: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым. Менің ең жақсы қасиетім – шапшаңдығым, және адамдармен достығым менде өзімен бірге Спанч боп досымды ерте келдім
Тауық: Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақ ниет.
Сіздерге мың рахмет.Барлығы: Қош бол, Тауық жылы, Қош бол!

Жүргізуші: Қош келдіңіз Ит жылы төрлетіңіз

Жүргізуші: Балалар біздің шыршамызға қараныздаршы олардың шамы жанбай тұр енді не істейміз? Бізге кім көмектесе алады?

Балалар : Сиқыршы

Жүргізуші: Олай болса сиқыршыны ортаға шақырайық

Сиқыршы: Сәлеметсіздерме?! Қане шырша шамын жағу үшін

Барлығымыз бірге 1 2 3 шырша шамы жарқыра деп айтайық

Барлығы бірге: 1 2 3 шырша шамы жарқыра деп шырша шамын жағады

Жүргізуші: Міне керемет шыршамыз қандай әдемі болды қол ұстасып әнімізді шырқайық

Жеке ән: «Шыршаға барамыз» Орындайтын: Айсезім-Айкөркем



Жүргізуші: Жарайсыңдар қыздар! Келесі кезектішыршамызға арналған тақпақтарға береміз

Нұрсұлтан- Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Дельназ- Әдемілеп ілінген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Әлмәди-Жаңа жылға сән болып

Шырша келді ортаға

Жансель-Тамаша тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Әлім-Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны

Фариза- Шыршамызда керемет

Ойыншықтар тағылған

Алыс жақтан келіпті

Аяз ата сағынған

Жүргізуші Хор: «Аппақ-аппақ» әні

Породия: Айжан Нұрмағанбетова «Бақыт деген»әніне орындайтын :Серікқали Әлішер

Жүргізуші:
Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip - ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді (Аяз Ата)
Жүргізуші: Олай болса «Аяз ата» биін билейік.Жарайсыңдар
Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық

Сылдыр-сылдыр қоңырау,
Сыңғырла да, сыңғырла!
Ертегі енді басталсын,
Ақшақар келсін ортаға!


Барығы бірге: Аяз Ата! Аяз Ата! - а-у а-у а-у деп айғайлап шақырады.
Аяз ата мен Ақшақар  кіреді.
  Өмір гүлім шалғынын
  Тілегенім жыл бойы - 
Сендердің  денсаулықтарың!
Аяз ата: Амансыңдар ма, балақайлар? Мен сендерге асыға келдім, ау! Қарасам бойдарың да өсіп қалыпты ғой.
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар қош келдіңіздер біздің сізге дайындаған өнеріміз ,тақпақтарымыз биіміз бар Аяз ата! Сіз алыс жолдан шаршаған боларсыз, сәл тынығып, жайғасып отырыңыз.


Аяз ата: Ау, қызым Ақшақар, тыңдап көрейік пе?

Жүргізуші: Ендеше келесі кезекті Аяз атаға арналған тақпақтарға берейік

Айым- Жаңа жылға сәніміз

Біздің айтар әніміз

Келдіңбе аман алыстан

Сәлем Аяз атамыз

Бекнұр – Аяз ата аппақ

Конфеттері тәтті ақ

Әлішер-Жылдың әнін бастайын

Аяз ата кеп қалды

Майысады жас қайың

Көтере алмай көп карды

Рамазан-Бақша іші мереке

Ойын күлкі асқақ ән

Жақсы әпкелер жаңа кеп

Мерекені бастаған

Б.Айару- Аяз ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр

Бекарыс-Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар олай болса бір оын ойнап жіберейік
Ойын балаларға : Фальга арқылы қар мүсінін мүсіндеу

Жүргізуші :Жарайсыңдар балалар орындарыңа отыра қойыныздар. Ақшақар біздің балалардың саған арналған тақпақтырын тыңдасақ

Марлен:Аралайды бақшаны

Үзілмейді жақсы әні

Гүлдененді бақшалар

Жауса-жаусын ақшақар
Диас-Аппақ тонға оралып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата Ақшақар

Е.Айару:Жапалақтап ақшақар

Жауды күнде қар

Жаңа жылды тойлауға

Шықты балалар

Рамиз-Той маскарад басталды

Аяз оны басқарды

Айсұлтан-Жаңа жылды қарсы алдым

Менде бүгін ән салдым

Араластым бигеде

Жүргізуші: Келесі кезекті «Гном»биі

Осы сәтте балдармен билеп түлкі келеді

Түлкі: О О О мынаны қара Аяз атадан сыйлық алмақшы.Сендерден бұрын мен аламын «Аяз атаға келіп» Хи-Хи –Хи Аяз ата мен сізге өлең айтып берейін

Аяз ата- Айта ғой Түлкі

Түлкі: Ананы,ла алдадым

Мынаныда алдадым

Мен түлкімін айлакер

Аяз ата сыйлық бер

Қасқыр : Ах Түлкі сен жұртың бәрін алдап енді атаны да алдайсыңба? Кет әрі Аяз атаға әнді мен айтып беремін қолында гитара

Қасқыр : Мен қасқырмын қасқырмын

Қозы ұрлаймын өрістен

Ұйқым келмейді егерде қозы етін жемесем

Ох Ох Ох осы кезде ит

Ит- Ей қасеке қсаеке

Сенде адал емессің

Мен тұрғанда қозы лақ

Оңайлықпен жемессің аф-аф-аф

Жеті қазына бірімін

Қасқыр келсе үремін

Аяз ата-Адамзаттың серігі өзің екенсің ит келе ғой сыйлығыңды ал

Жүргізуші: Ата берсек таусылмас

Жаңа –жылда жаңа жыр

Кел оданда халайық

Ойын ойнайық жаңа бір

Құрметті ат-аналар жаңа жыл мерекесіне орай мен сіздермен бір ойын ойнағым келеді:

Ойын ата-анаға: «Қағаз бетіне жаңа жылдық бине салу»

Мақсаты: Ақ қағаз беріледі пластилин акварель карандаш түрлі түсті қағаз осылардан меркелік бине жасау

Жүргізуші: Рахмет Ата-аналар ойынға белсен қатыстыныздар. Аяз ата Ақшақар біздің қыздардың орыс тілінде тақпақтарын тыңдап көріңіз.

Айсезім-Здраствуй елочка как друг

Собирались мы все вокруг

Песни петь и танцевать

Дружно новый год встречать

Айзере- Всем нам очень хоршо

Весело Сегодня

Потому что к нам пришел

Празник новый год

Айкөркем-Дедушка мароз привет

У меня подарка нет

Поскарей ко мне приди

И конфеток принеси

Аяз ата: - Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін!

Мынау менің ұлдарым мен қыздарым,

мынау халайық бір өзіңе аманат.

Он екі ай бойы бағып - қақ.

Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!
- Ал енді Ақшақар біз кетпестен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.


Хормен шыршаны айнала « Шырша жыры» әні орындалады
Аяз ата- Жаңа жылдарыңмен достар! Шанамызға мінейік Ақшақар. Алда барар ауыл бар, Жыл қуантсын баршаны.
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәріне де жеңеді.

Аспанымыз бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!..

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2017
351
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі