Материалдар / Ашық шара "Үлкенге-құрмет, кішіге - ізет"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық шара "Үлкенге-құрмет, кішіге - ізет"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық шара "Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2024
122
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет»


Мақсаты: Үлкенге құрмет , кішіге ізет ұранымен оқушыларды қарттарды сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге, кішіге қамқор болуға үйрету, тәрбиелеу.


Міндеттері:
- Өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;

- Жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

- Жақсылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, шыншылдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.


Көрнекі құралдар: Өнегелі сөздер, мақал - мәтел, суреттер, слайд, бейнеролик


Шаттық шеңбері

Мұғалім:

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

- Кәне, бәріміз бір - бірімізге жақсы тілек тілейік!

- Әдепті бол!

- Мейірімді бол!

- Кішіпейіл бол!

- Қамқоршы бол! т. с. с.


Қымбатты ата-аналар, ұстаздар 5-сынып оқушыларының қатысуымен  1  қазан - қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата-әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Адамның өмірінің мәні мен  сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.

Халқымыздың тәлім–тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше әдеби монтаж бөліміне кезек берелік.


1-оқушы:
Адамдарға кешіріммен қарайтын,
Жан жылуы жылылық боп тарайтын.
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге бөлейтін.

2-оқушы

Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.

3-оқушы

Қариялар көк бойлаған емендер,

Тамырларын ізде ағайын тереңнен.

Желкілдеген жапырағы жас орман,

Келесің сен-келешегім деуменен.

Алатаудай кейпі биік қашанда,

Таң сызылып, күлер күн нұр шашарда.

Бата бер деп бар адамдар жария қол,

Бір биіктен бір биікке асарда


4-оқушы

Қайран қазақ қарттары қадірменді,

Сіздерге Алла биіктік бәрін берді.

Мына әлемде таба алмас адамзат,

Өздеріңдей білікті тәлімгерді.

Сіздерсіздер бүгінгі ұлықпандар,

Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар.

Қарттар тарих, қазына, ел қазығы,

Ей, адамзат, осыны ұмытпаңдар.



Жүргізуші: Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды тілейді. Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды, іскер болуын тілеп, сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады. Әже-ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәуреннің басы-қасында болып, асыраушы, аялаушы, тәрбиелеуші басты кісі.

Жеткіншекова Назымды «Асыл әжем» әнімен ортаға шақырамыз.


Жүргізуші: Қазақтар – «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.


Көрініс. Бүгін біздің сүйікті атамыз Мақалбай ата бізде қонақта. Ол бізге бар мейірін, бар ақылын төгіп келіп отыр. Мақалбай ата, ендігі сөз өзіңізде.


Мақалбай ата: Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға тәрбиелеген. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді. Мәселен: жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау - біздер үшін бұлжымас заң болатын.

Ата-анаңның тілегі – адам болып өскенің;

Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.

Үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал – мәтел білесіңдер?

1-оқушы

*Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер

*Ата – анаңды құрметтесең,

Сенде жақсылық игілік көресің

*Әдепті бала ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.

*Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені


2-оқушы

*Кішіпейіл болғаннан
Кішірейіп кетпейсің.

* Ақылды қария – ағып жатқан дария.

* Кең болсаң, кем болмайсың.

* «Сіз» деген әдеп,

«Біз» деген көмек.

3-оқушы

*Кішіпейілділік - кісінің көркі.

*Ұлық болсаң, кішік бол.

* Ана алдында - құрмет,

Ата алдында қызмет.


4-оқушы

*Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без,

Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без.

* Әдептілік – тәрбие бастауы

* Аға әдепті болса,- іні әдепті
Апа әдепті болса, — сіңлі әдепті.

Мақалбай ата: Әй бәрекелді, Мен сендердің әдепті де, ақылды, адамгершілігі мол, үлкенді сыйлай білетін, кішілерге қамқоршы аға, ата-анаға көмекші, адамдарға мейірімді бола білетін оқушы болады деп сенім білдіремін.


Жүргізуші: Адамды әдептілік басқармаған жағдайда әдептілікке жат нәрселер оны жаулап алады. Әдептілікке адамның ізеттілігі, сыпайылығы сияқты көркем  мінездері мен, тәрбиелілігі, инабаттылығы жатады.  Әдепті болу - адамды басқалармен жақсы қарым-қатынас жасауға, олардың сөзін тыңдай білуге, өзара сыйластыққа қол жеткізуге және үлкендерге құрмет, кішілерге ілтипат көрсетуге негіз болады.


5-оқушы

Аталы сөз іздесең,
Көп көргеннен ақыл ал!
Асыл ойдан із көрсең 
Көңіліңе тоқып ал!
Әрбір сөзін ардақтап ,
Сабақ ет өмір ісіңе!
Жүрме артынан жалтақтап,
Сенбей өмір күшіңе! 

6-оқушы

Бақытымсың, жаным анам, жан анам,
Мен өзiңдi періштеге балағам.
Ауырмашы,  қартаймашы ешқашан.
Мақсатыңа жетші әр кез қалаған.
Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі.
Аман жүрсең - маған сол гой керегі.
Бақытты бол, ауырма деп тілейді
Сәбиiңнiң жұдырықтай жүрегі!

Жүргізуші: Адамға қойылатын басты талап-асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам-өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік – адамның рухани арқауы.

Қыздарымдызың орындауындағы қазақ биін тамашалайық!


Жүргізуші: Ұлы істердің қандайы болмасын кішіпейілділіктен басталады. Сондықтан әркім өзінен кішілердің мінезі кішкентайынан дұрыс қалыптасуына қамқорлық жасап, оларға жол көрсете білуі керек.

Жәңгірхан Мерейдің орындауында «Әке-ана» әнін қабыл алыңыздар.


Жүргізуші: Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл игеруге көмектеседі. В. А Сухамлинский: «Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да қақысы бар. Бұл моральдық қақыны құрметтей біл »,- деп айтқан.

Сыныбымыздың жас ақыны Айтжанқызы Ақботаны мерекеге арнап шығарған өлеңімен қарсы алыңыздар.


Жүргізуші: Ата-ананың сөзін сыйлап, құлақ асу, пікірлес болу отбасы тіршілігінің бір ғанибеті ғой. Сол арқылы-ақ бала ата-анасының мейірін өсіріп, өз ортасында төрден орын алуына көмектеседі. Керісінше, ата-ананың сөзін құлаққа ілмейтін, өзі тағы жөн білмейтін жетесіз бала олардың сағын сындырып, төрдегі басын есікке сүйрейді.

Бурабекова Альбинаның орындауында «Ана» әні.


Жүргізуші: Махмуд Қашғари: «Жасы үлкенді қадірлесе – құт болар.», «Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі», Шал ақын «Өткен менен кеткенді, Көп жасаған қарт білер» деп бекер айтпаған.

Мырзабаев Аманжанды М. Мақатаевтың «Қариялар азайып бара жатыр» өлеңімен ортаға шақырамыз.


Бүгінгі тақырбымызға сәйкес дайындалған «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» атты бейнероликке назар аударамыз.


Жүргізуші: «Бабаларым, рахмет сендерге! Балаларым болмасын деп бос кеуде, Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің, Өмірге мен мылқау болып енгенде Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Қарттарымызды ардақтап өтейік! Ата-аналарымызды сыйлап, қадірлейік! Құрметті қонақтар, сіздердің уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет, сау болыңыздар.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!