Тақырыбы:
Бәрін
білгім келеді
Мақсаты:
Логикалық
тапсырмалар орындай отырып,оқушылардың
білімдерін жетілдіру,танымдық
қабілеттерін,пәндерге деген
қызығушылығын арттыру,адамгершілікке
тәрбиелеу
Көрнекіліктер: электронды оқулықтар,
суреттер,
флипчарт,аудио,видеожазбалар
Барысы:
I
Кіріспе бөлімі
1. Оқушыларды ұйымдастыру
Сынып оқушылары 2 топқа бөлінген
2. Ашық шараның тақырыбын,мақсатын
хабарлау
II Негізгі бөлім
1.«Кім зерек?»
сайысы
Оқушылардың
шапшаңдығын,зеректігін дамыту мақсатында суреттер беріледі.Оқушылар
1минутта айырмашылықтарын табу керек

2.
«Санау
білесің бе?»
Әр топтың мүшесі бірден
бастап кезек-кезек бірі орысша,бірі қазақша,бірі ағылшынша онға
дейін санайды.Ұтылған ойыншы шығады

3. Жас
суретші
Топқа геометриялық
фигура,пішіндер беріледі.Соларды затқа айналдырып, сурет
салады.


Сергіту сәті
Мультфильмдерден ән беріледі,оқушылар қай
мультфильмнан екенін анықтайды
4. «Кім
жылдам?»
Жұмбақтар шешу
-
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
(жұмбақтар шешу)
1. Аппақ дала, қойлары қара. (қағаз бен әріптер)
2. Мұрнында байлауы бар,
Адамның айдауы бар. (ине)
3. Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде. (қаламсап)
4. Орақ болып туады,
Табақ болып тұрады. (ай)
5. Суықтасолмайды,
Аяздатоңбайды. (жасандыгүл)
6. Кетерұшыпкүзде -
Күдеріңдіүзбе
КөктемшығаҚайта,
Қауышадыбізде. (құстар)
7. Бетіңдітырыстырады,
Арқаңдықұрыстырады.
Ыңғайынакөнеберсең,
Досыңмен де ұрыстырады. (ашу)
-
Мықынын
таянып,
Тұрмайды
аянып,
Ертемен
тұрады,
Қоқысты қуады.
(сыпырғыш)
-
Кіп-кішкентай
бойы бар,
Айналдыра киген
тоны бар. (қой)
-
Тысы жасыл,
астары асыл,
Құйқасы қатты,
еті тәтті (қарбыз)
-
Қанаты бар
ұша алмас,
Құрлықта қаша
алмас, (балық)
-
Қалың киім
ұнатады,
Шешіндірсең
жылатады. (пияз)
-
Сырт-сырт
соғады,
Уақыт озады.
(сағат)
-
Сүйрең, сүйрең
етеді,
Із қалдырып
кетеді. (қаламсап)
-
Сөзі дана,
үні жоқ,
Сөйлемейді, тілі
жоқ.
Қолыңа алсаң
шешен,
Ақылы асқан
көсем (кітап)
5.Капитандар сайысы
Әр топтың капитандарына сөз
беріледі.Олар сол сөзді атамай,сипаттайды.
Тобы капитаны не жасырғанын табуға
тырысады
6. Ойлан
да,тап
Қызықты әзіл есептерді
шығару
1.Ненің балапаны бірінші
болып өзенді жүзіп өтеді?
Тауықтың балапаны ма әлде
үйректің балапаны ма?
2.Бауырсақтың шашы қандай
түс?
3. Қайыңның 5 бұтағы бар.Әр
бұтақта 2 алма.Қайыңда неше алма өсіп тұр?
4.
Түйеқұс қандай ағаштың басына ұя салады?
5. Үстелдің үстінде 2 алма
және 4 алмұрт жатыр.Үстелдің үстінде неше көкөніс жатыр?
6. 2 қыз орманға
саңырауқұлақ теруге бара жатқанда орманнан 2 ұл шықты.Орманағ неше
бала барды?
7. Бөрене 4 бөлікке
бөлінген.Бөренені неше жерден кескен?
8. Алты жасар қыздың құйрығы
жоқ мысығы болыпты.Мысығы құйрығы ұзын тышқанды жеп қойыпты.Тышқан
2 бидай және 2 тілім ірімшік жеген.Айтыңдаршы,мысығы бар қыз неше
жаста еді?
9. Көлдің бір жағасында
әтеш,екінші жағасында күркетауық тұр.Айтыңдаршы,қайсысы ең бірінші
көлдің ортасындағы аралға ұшып жетеді?
10.Бос ыдыста неше құлпынай
бар?
7. «Төрт фото,бір
сөз»
Оқушыларға 4 сурет беріледі,осы төрт суреттің
ортақ сөзін айтады
III Қорытынды
бөлім
Әділқазылар алқасы қорытынды жасап,жеңімпаз топты
марапаттайды.