400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалдың жас маман сынып жетекшілерге берері мол.
Материалдың қысқаша нұсқасы

М. Бегенов атындағы орта мектеп












Сынып сағаты;


«Бала құқығы – асыл қазына»


11 – сынып оқушылары мен ата-аналары

арасында өткен іс-шара















Күні; 13.11.19.

Тақырыбы: «Бала құқығы – асыл қазына»

Мақсаты: Оқушылардың адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру;Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту. Оқушылардың ата-аналардың құқықтық тәрбиесін арттыру.

Көрнекілігі: слайд, заңдар сөздікшесі, кітаптар көрмесі, мақал мәтелдер.

Жиналыс барысы:

Құрметті ата- аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында өтетін жиынға қош келдіңіздер!

Бүгінгі жиынға келген адамдарды – бала өнегесіне жанашыр адамдар келді деп ойлаймын. Өйткені бүгінгі бала өсірудегі өзекті мәселелердің бірі талқыланатын болады. Бүгінгі жалпы ата- аналар мен оқушылар арасында өтетін жиынды тектен -тек «Бала құқығы – асыл қазына»

тақырыбында өткізгелі тұрған жоқпыз. Өйткені биыл яғни, 2019 жылы ҚР Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдаудың 30 жылдығы мен ратификациялауының 25 жылдығын мерекелеу жылы. Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымызға дұрыс құқықтық өнеге мен құқықтық білім беруіміз керек.

Олай болса, құқық дегеніміз не? Міне ,ата-аналар және балалар, өздерің байқап отырғандай құқық дегеніміз заң рұқсат ететін адам табиғатына, жаратылысына сай әрекеттер жасау мүмкіндігі екен, яғни азаматтарға кең көлемді құқықтар мен бостандықтар берілген.Бүгін біз адам дүниеге келгеннен бастап, тұлға болып қалыптасқанға дейін қандай құқықтарға ие болатынын білеміз және адам құқығы соның ішінде бала құқығы жайында сөз қозғайтын боламыз. Сондықтан да бүгінгі отырысымыздың мақсаты осы болмақ.

Сонымен отырысымыздың негізгі мақсаты, Оқушылардың адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру;Оқушылар мен ата-аналдарға адам құқығы, бала құқығы, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту.болып табылады.

Отырысымызды бастамас бұрын ата-аналармен бірге жаттығу өткізіп жіберейік;

Жаттығу «Ыстық алақан» Алақандарымызды бір – біріне түйістіреміз. Нені сезінетінімізді, еркелету фразаларын жағымды сөздер арқылы жеткіземіз ын білеміз.

Жүргізуші; Адамдар алғаш пайда болған кезде олардың арасында дау жанжалдар, келіспеушіліктер болды. Бірақ оны шешетін заң болмады. Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер.
Біздің елімізде ең алғашқы Конституция негізін қалаушы Қорқыт бабамыз. Ол кісінің конституциясы «Адат» деп аталды
Бұдан кейін Шыңғыс ханның «Үш жосысы»13-ғасырда,

Қасым ханның «Қасқа жолы» 14-ғасырда,

Есім ханның «Ескі жолы»15-ғасырда

Тәуке ханның «Жеті жарғысы»16-ғасырда болды.

. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» дегендей әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. 
Конституция- елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олай болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне, сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. Осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады. 
Сүйтіп адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған

Бала құқықтары туралы Конвенцияны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1989 жылы қабылдап, ол 1990 жылы күшіне енді. Конвенцияда балалардың құқықтарын анықтайтын және осы құқықтарды мемлекеттер қалай қамтамасыз етіп, қолдауы тиіс екендігі туралы 54 бап бар. Осы Конвенция дүниежүзінің барлық елдерінде дерлік ратификацияланды, олар осы Конвенцияның барлық құқықтары мен еркіндіктерін сақтауға сөз берді. Қазақстанда Бала құқықтары туралы Конвенция 1994 жылы ратификацияланды. 

Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі келесім шарт. 
Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 54 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген. 

2. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы 10 тарау, 54 баптан тұрады. 
1 тарау. Жалпы ережелер 
2 тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат 
3 тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері 
4 тарау. Бала және отбасы 
5 тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары 
6 тарау. Мүгедек баланың құқықтары 
7 тарау. Бала және қоғам 
8тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау 
9 тарау. Бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері 
10 тарау. Қорытынды ережелер 


Әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі керек. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.
Ендеше оқушылар заң сөздікшесімен таныстырады..

Заң сөздікшесі




Құқық- мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен әрбір адамға берілген ерік, бостандық

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) -жер бетіндегі халықтардың мүддесін қорғайтын халықаралық ұйым.





Туу туралы куәлік- баланың қашан туылғандығын анықтайтын негізгі құжат. Бұл баланың ең бірінші құжаты.

Конвенция- арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі







Конституция- бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері берілген құжат

Азамат- жеке тұлға, ол мемлекеттің тұрақты тұрғыны және құқығы мен міндетінің иесі










І. Біліп жүрейік: (слайд көрсетіледі ).

Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды,

Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады. «Конвенция» сөзі бізге латын тіліннен келген, ол «шарт, келісім» дегенді білдіреді. Конвенцияны бекіткен елдер оның кепілі болып табылады. Бала құықтары туралы Конвенция – бұл барлық дүниежүзіндегі мемлекеттер кепіл болатын, жалғыз ғана халықаралық келісім. Конвенцияға кепіл болмаған елдер тек қана  АҚШ және Сомали.
Жүргізуші; Енді , қысқаша Қазақстан Республикасының Конституциясында берілген бірнеше баппен сендерді таныстырып кетейін. Бала мен ата-ананың құқықтары  мен  міндеттері белгіленген заңдар – бұл;

  1. Бала құқығының   Декларациясы

  2. ҚР бала құқықтары туралы Заңы

  3. ҚР Конституциясы

  4. Білім туралы Заң

  5. Неке және отбасы туралы Заң

  6. Балалар  құқығының  Конвенциясы

  7. Әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы Кодекс

Сонымен қатар бұл құжаттарда баланың құқығымен бірге ата-- ананың міндеттері де көрсетілген.

Ата-ана құқығы мен міндеттері;

62-бап. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері:

Ата-аналар

-өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.

-өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті.

Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар.

Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады.

Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.

Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар.

Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін ќорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

49-бап. «Ата-аналардың және өзгеде заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері».

1) Баланың тілегін, жеке биімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымдарын таңдауға;

2) Ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;

3) Білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;

4) Өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары бойынша психологиялық-медициналық-педогогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға;

5) Балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.. І.Ата – аналардың құқықтары мен міндеттері (заңды өкілдерінің).

Ата – аналар (заңлы өкілдері) міндетті:

Өз балаларын тәрбиелеуге, олардың жалпы білім алуына және олардың орта (толық) жалпы білім алуына қажетті жағдай жасауға, оқушылардың сабақ қатынастарын уақытылы бақылап отыру үшін жауапкершілік алып баруға;

Мектепке оқушы туралы уақытылы қажетті құралдармен, соның ішінде спорттық киімдермен, ауыстыратын аяқ киіммен, еңбекке оқытуға арналған формамен қамтамасыз ету жауапкершілігін алып баруға;

Мектеп пен ата-ана арасында келісім жасау аясында ата-ананың және басқа да заңды өкілдерінің мектептің ата-аналар жиналысына қатысуын міндеттеу жағдайын қарастыру мақсатында шақырған уақытына қарай сынып және жалпы мектептік ата – аналар жиналыстарына қатысуға, мектепке педагогтардың, әкімшіліктің шақыруымен келуге;

Қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды білім алушылардың мектеп мүлкіне келтірген зиянын өтеуге;

Мектеп қызметкерлерінің еңбегі мен құқығын құрметтеуге, олардың беделін қолдауға;

Қолданыстағы заңнамадағы нормаларды, Жарғы мен осы Ереженің талаптарын орындауға міндетті;.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата - аналарға арналған жаднама таратылады.
















Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата - аналарға арналған жаднама
111 - бап. Ата - аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы
1. Ата - аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөнiндегi мiндеттердi дәлелдi себептерсiз орындамауы,
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған, кәмелетке толмағандардың алкогольдік iшiмдiктердi, есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды ұдайы қолдануына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына әкеп соққан iс-әрекеттер, сол сияқты олардың қылмыс немесе қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар әрекеттер жасауы, - ата - аналарға немесе басқа да заңды өкілдеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
112 - бап. Кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткiзу
Ата - аналардың немесе өзге де адамдардың кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткiзуi, - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
112 - 1 - бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын - сауық мекемелерінде болуына жол беру
1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22 - ден таңғы 6 - ға дейін) ойын - сауық мекемелерінде болуына жол беру, - ойын - сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына - бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
330 - бап. Ұсақ бұзақылық
1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиiсу, тұрғын жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгілен беген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару және қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңiрегiндегiлерді сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс - әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
331 - бап. Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық
Он төртжастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 257 - бабының бiрiншi бөлiгiнде көз делген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, ата - аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екіден беске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
336 - 3 - бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын - сауық мекемелерінде болуы
1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытт а (сағат 22 - ден таңғы 6 - ға дейін) ойын - сауық мекемелерінде болуы, -
заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін біржыл ішінде қайталап жасалған іс - әрекет, -
заңды өкілдеріне айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
336 - 4 - бап. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы1. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде сағат 23 - тен таңғы 6 - ға дейiн болуы – заңды өкiлдерiне ескертуге әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс - әрекет - заңды өкiлдерiне бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жүргізуші; Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап,оның өмірін,денсаулығын,тыныштығын қорғап отырған заң бар.

Конвенцияда балалардың қандай құқықтары анықталған? Сұраққа жауап беру үшін

Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан үзінді келтіре кетсек;

1-бап.Бұл Конвенцияның шарты бойынша 18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып есептеледі…

2-бап. Әрбір бала зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорғалуға құқылы.

4-бап. Жынысына, ұлтына, тiліне, шығу тегiне, тұрмыс  жағдайына, денсаулығына, тұрғылықты жерiне, дiнге көзқарасына қарамастан  барлық бала тең құқыққа ие.

8-бап. Әрбір бала  өз денсаулық сақтауға құқылы.

9-бап. Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.

 11-бап. Әрбір баланың ой – пікір, ар —  ождан және дінге көзқарас еркіндігіне құқығы бар. Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

 15-бап. Әрбiр баланың тегін бiлiм алуға құқығы бар .

16-бап. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар.

19-бап. Әрбiр бала өзiнiң жасына, денсаулығына және қажеттерiне қарай демалуға және бос уақытын пайдалануға құқылы.

 21-бап. Әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-анасын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығы мен тәрбиесiн алуға құқығы бар..

  • Міне, бала құқығын қорғау Конвенциясында осындай баптар біздердің бақытты және тең құқылы өмір сүруіміздің кепілі болады екен.

Ендеше оқушылар сіздер  бала құқығының қандай түрлерін және міндеттеріңді білесіңдер? (Өздері жазып айтып береді.) соны тыңдап көрелік


1. -Мен мектепке баруға,оқуға,хайуанаттар бағына баруға еркіндігім бар.

2.-Мен қыста сырғанауға,ойнауға, сурет салуға,бестік баға алуға құқықтымын.

3. -Мен демалуға құқықтымын.

  1. -Мен ауырып қалсам,дәрігер шақыруға,емханада жатып емделуге құқығым бар.

  2. -Мен өз елімнің еркін азаматы болуға,мектепке баруға,өз ойымды ашық өз тілімде айтуға құқығым бар.

  3. -Өзіме ұнайтын спорт түрімен шұғылдануға,серуендеуге құқығым бар.

  4. -Мен дүкенге баруға,ұнайтын киімдер сатып алуға құқықтымын.

  5. -Ойнауға,туыстарыма қыдыруға құқығым бар.

Оқушының жалпы міндеттері;

  • Ата заңды сақтауға

  • Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті

  • Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге

  • Мемлекеттік рәміздерді сақтауға

  • Тарихи мәдени мұраларды сақтауға

  • Тарихи ескерткіштерді қорғауға

  • Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға

  • Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға

  • Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға

  • Ата-анаға қамқорлық көрсетуге



слайдпен көрсету

Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген.

Атаулы күндер: слайдпен көрсету

1-маусым

Балаларды қорғаудың халықаралық күні

20-қараша

Балалардың дүниежүзілік күні

10-желтоқсан

Адам құқығы күні

1959жылы

Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу. Декларацияны жариялаудан басталды.

1979жылы

Балалардың халықаралық жылы өтті

20-қараша 1989ж

БҰҰ-да Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды

8-маусым 1995жыл

Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті.

Енді келесі бір жағдаяттарды талқылап көрелік;

Жағдаят №1

Нұрлан 5-сыныпта оқиды. Нұрланның білімалуға талабы жақсы. Оқыса, жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата-анасының тәрбиесі баланы дұрыс жолдан тайындырды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, тіпті кейде апталап қалдыратын кездері де болды. Мектепте, сыныпта ата-аналарға байланысты өтетін жиындарға мүлдем келмейді.

Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата-анамен бірнеше реет әңгіме жүргізгенімен ешнәтиже шықпайды. Ата-анасы құр уәде беріп, шығарып салады. Біржетіден соң жағдай қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра, сонны орындамауда ата-анасы салғырттық танытты.

Сұрақтары:

  1. Нұрланның ата-анасының қылығын қалай бағалайсыздар?

  2. Сынып жетекшісінің орнында не істередіңіз?

  3. Ата-ананың бала алдындағы міндеті қандай?

  4. Осы жағдайға байланысты қандай шара қолдану керек деп ойлайсыз?

Жағдаят №2

Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасты. Ерланның есіне асханадағы ақша майдалатқан Қайрат есіне түсті. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтты. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырды. Ойында ештене жоқ Қайратты Ерлан артынан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етті. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол, ақшасының жоқ екенін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екенін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере  салды. Аман-есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертті. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтса, онда жақсылық болмайтынын Қайратқа жақсылап ұғындырды.

Сұрақтары:

  1. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?

  2. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?

  3. Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелді?

  4. Сіз ата-ана ретінде қандай пікірлер ұсынасыз?

Күнделікті өмірде кездесетін мұндай жағдаяттар толып жатыр. Сол жағдаяттардан шығу жолында құнды пікірлеріңе көп рахмет.

Қазақ халықы мақал-мәтелдер, тыйым сөздер арқылы баланы жастайынан ұрлық қылмауға, өтірік сөйлемеуге, «біреудің ала жібін аттамауға» тәрбиелеген. Ала жіпті қазақ тыйым белгісі ретінде қолданған, пір тұтқан. Ендеше келесі кезекте «Ой жалғау». Ол үшін мақалдың басқы бөлігінің жалғасына сәйкестендіріп табу керек.

.

Заңның құрығы...

анық бас

Ақырын жүріп...

қорлық

Асыл тастан...

жамандық болмайды

Ұрлық түбі...

арлы бала

Жазасын тарпайтын...

кешірген жөн

Әдепті бала...

арты игі

Өш алғаннан гөрі...

бәрінен ұзын

Әділ істің...

өнер жастан



Рефлексия. Соңғы сөзді мен айтайын… ( басында таңдаған мақал-- мәтелдердің біреуін пайдалана отырып, бүгінгі жиынымызды шағын бір екі ауыз сөзбен туйіндесек;
«Ісін өндіре алмаған қырсыз бала, қырсығын әкесінен іздейді.»
«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.»
«Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла.»
«Жақсы бала сүйініш, жаман бала күйініш.»
«Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер»“

Жүргізуші;Атқан тарайым арайлы,

Бақыт күн боп қарайды.

Барлық заңы елімнің ,

Ата заңнан тарайды.

Құқығыңды білгейсің

Тәртіпті боп жүргейсің

Заңды білсең қашанда

Жаман өмір сүргейсің

Өмір бойы күнбе күн

Заңды орындау міндетің

Жаза басып, опық жер,

Білмесе оны кімде-кім?

Қорытынды. Отбасы — адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Ата -ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан

мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Сондықтан да бүгінгі жиынымызды А. Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Тек қана ата- аналармен біріге, жалпы күш- жігерді біріктіру арқасында, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»

-Сонымен,қорытындылай келе,біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай,ешкімнің ала жібін аттамай,өз құқығымыздыда, өзгенің құқығын да бұзбай,тәуелсіз еліміздің арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қызы болып өсейік! 

Келгендеріңізге көп рахмет. Сау болыңыздар.




























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі