Материалдар / Ашық сынып сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы ""Отбасы бақыт мекені"
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: « Отбасы бақыт мекені»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.Оқушылардың  естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы  құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сыныптан тыс шара.         

Әдісі:әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақылсөздер, суреттер.


Нейро жаттығуы «табан іздері» арқылы оқушыларды класқа кіргіземін. Оқушылар себеттен түрлі-түсті қағаздар алып түстер арқылы төрт топқа бөлініп отырады.


  1. І топ «Бақыт» тобы

  2. ІІ топ «Береке » тобы 

  3. ІІІ топ «Шаттық» тобы

  4. ІV топ «Сыйластық» тобы

Психологиялық жаттығу арқылы сабақты бастаймын. Оқушылар хормен айтады.

Анаң – күнің, жүрегің,

Әкең – өмір тірегің.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Әжең – асыл ардағың,

Атаң – дана қорғаның.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Ағаң – қамқор асқарың,

Інің – мөлдір аспаның.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!



  1. Мұғалімнің түсіндірме сөздері. Отбасы туралы түсінік беремін.

  2. Ребус шешу арқылы «Отбасы» тақырыбын ашамыз.

Оқушылар, «Отбасы» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?

Оқушылардың жауабы ата, әже, әке, ана, бауыр т/б ..

.

Адамдар рухани құндылықтың о баста түсінбегендері жайлы аңыз бар: «Үлкен бір отбасында ынтымақ болмапты. Ұрыс-керіс пен дау-дамайдан арылмапты. Олар бір күні данагөй ақсақалға келіп, өздерін береке-бірлікте өмір сүруге үйретуін өтініпті. Ақсалал: «Ешкім сендерге бақытты өмір сүруді үйрете алмайды, бақытты болу үшін өздеріңе не керек екенін жазып келіңдер»-депті. Бұл отбасының мүшелері кеңесе келіп, бірнеше сөз жазыпты.



Төрт топқа үш-үштен парақтар таратылады , сол параққа топтар бірлесе отырып бірнеше құпия сөздер жазып қағазды бұктеп себетке салады.

Әр топ жек топтардың себетіндегі сөздерді оқып шығады.

  1. «Лез жауап» әдісі арқылы нейро жаттығулар жасатамын. Оқушылардың алдына саусақ суреті мен дөңгелек суретін қоямын. Дұрыс жауапқа бес саусақ, дұрыс емес жауапқа жұдырық дөңгелекті басады.

  1. Отбасы бақыт мекені

  2. Ауданды табу үшін нестейміз?

  3. Сенің жанұяң

  4. Бір тәулікте 24 сағат бар

  5. Отан отбасынан басталады.

  6. Абай Құнанбаевтың қыс өлеңі

  7. Отбасым бақыт мекенім

  8. Айгүл сенің досың

  9. Қарлығаш әулие

  10. Татулық достық мекені

  11. Сіз құпия сөз

  12. Айгүл мектепке келді.



  1. Сергіту жаттығуы Нейро жаттығу жасату арқылы дене қимылдарын жетілдіру

  2. Мақалдың жалғасын тап . Нейро жаттығуы арқылы суреттен сызып тап жаттығуын орындату арқылы оқушылардың көру дағдысын, көру арқылы есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

  1. «Жұмбақты ойлан» Жауабы: Көк түс 4 жауап (Ата, апа, ана, аға, )

Маған да, саған да,

Жақын туыс бес адам.

Үш әріптен тұратын.

Онға оқы, солға оқы

Өзгермейді еш одан.

Бәрі-де өз жұртың

Айтады, қане кім атын?

  1. Анаңның әкесі саған кім болады, сен оған кім боласың? Жауабы: қызыл түс 2 (нағашы ата, жиен)

  2. Атаңа сен кім боласың? Жауабы: жасыл түс 1 (немере)

  3. Анаңның анасы кім болады ? Жауабы: сары 1 (нағашы әже)

  4. Өзіңнен үлен ер бала? Күлгін түс 2 (аға)

  5. Отбасы тірегі кім? Қоңыр түс 1 әке



Оқушылардың ой өрісін дамыту мақсатында нейро жаттығулары жасата отырып тапсырмалар орындатам. 4 топқа төрт себет беріледі, себет ішіндегі тапсырмаларды орындай отырып бүгінгі сабақты талдап талқылайды.

Сабақты қорытындылау : Нейро жаттығуы арқылы оқушылар өз отбасының бақыт ағашын бейнелеп тақтаға іліп , бір сөз тілек тілейді.








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!