жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сынып сағаты «Әліппе-білім анасы!» 1сынып
«Әліппе-білім анасы!»
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау;
өз өнерлерін ата — аналарына көрсету,эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу,
өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырып жазылған
плакат, шарлар, әріптер, «Әліппе», «Ана
тілі», «Математика»,
«Дүниетану» оқулықтарының макеті, тапсырмалар
Барысы:
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, бүгін қуанышты күн. Міне, менің кішкентай балапандарым кеше ғана құшақтары гүлге толып мектеп табалдырығын аттап, қолдарына сүйікті де, сүйкімді Әліппе кітабын алған болатын. Сол әліппемен бүгінгі күні қимастықпен қоштасқалы отыр. Сіздердің алдарыңызда осы бүлдіршіндермен бүгін біз «Әліппе-білім анасы!» атты ертеңгілігімізді өткізгелі отырмыз. Балаларымыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын дей отырып, ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Сынып оқушылары қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, оқушылар, сөз кезегі өздеріңізде.
Ертекші:
Ерте,ерте,ертеде
Ешкі жүні келтеде
Қырғауылы қызыл екен
Құйрық жүні ұзын екен.
Баяғы өткен заманда, № 3 Күршім гимназиясында Әріптер патшалығы өмір сүріпті. Оның Әліппе атты ханшайым сұлу қызы бар екен. Шахардың оң жақ беткейінде қызыл шырайлы ел дауыстылар елі, ал сол жақ қанатында көк орай шалғын аспан түстес ел дауыссыздар елі өмір сүріпті. Ол екі ел бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріпті. Күндердің бір күнінде әріптер патшасы былай деп жарлық шығарыпты.
Ау жараңдар, жараңдар,
Бері таман қарандар.
Білім шахарының
Мектеп алтын сарайында
Әріптер патшалығы
Сіздерді жиынға шақырады.
Келіңіздер, келіңіздер,
Жарлыққа құлақ түріңіздер.
-
Жиынға халық өте көп жиналыпты. Сонда әріптер патшасы былай
депті.
-
Әріптер патшасы: Бүгінгі жиынға жиналған халайық. Сөзіме құлақ салындар. Қызым әліппе ханшайымның шартынан мүдірмей өтіп, сұрақтарына жауап берген адамдарға сый-сияпатым бар – депті.
мұғалім: Әліппе, Сіз бүгін кешіміздің ең қадірлі қонағысыз! Сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз. Мерекемізді бастайық.
1-жүргізуші – Төрежан: Ассалаумағалейкум, уа, халайық!
Армысыздар, аналар,
Бармысыздар, балалар,
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр,әніміз!
2-жүргізуші-
Айару: Көз салып қараңызшы
бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен
ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар,
ата-аналар,
Әліппемен қоштасу
тойымызға.
1- жүргізуші- Төрежан:Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достаспақ,
Әліппемен қоштаспақ.
Өсті білім, ойымыз,
Екеуі бірге: Құтты болсын тойымыз!
2-жүргізуші-
Айару: Төрежанжан, мен бүгін
шексіз қуаныштымын, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан
Әліппені бітірдік.
1-жүргізуші-:
Төрежан:Ия, Айару, менің де
қуанышымда шек жоқ. Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі,
әңгімені де өз бетімше оқи
аламын. Біз мектепте көп нәрсені - кітап оқуды, өлең
жаттауды, сурет салуды, ән айтуды
үйрендік.
2-жүргізуші- Айару: Ендеше, қонақтарымызға арнап барлығымыз әсем ән айтып берейік.
Ән « Аяулы мектебім»
1 жүргізуші- Төрежан: Достар, мен сендерге жұмбақ жасырайын. Тауып көріңдерші.
Іші толы
әріпке,
Білімдегі жарық
не?
Хормен:
Болашаққа жол
ашқан
Ол сүйікті-
Әліппе!
2-жүргізуші-
Айару: -Олай болса, бәрімізге ең
қымбат Әліппені ортаға шақырып,
Шарттарын тыңдайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе, келіңіз.
Әліппе: Әліппе ортаға шығады:
-Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Менің жас достарым! Мен сендермен жарты жыл бірге болдым. Ал, бүгін сіздермен қоштасқалы келіп тұрмын. Сіздер меннен осы уақыт ішінде не үйрендіңдер ? Соны көріп кетуге келдім.
-
Айару: Жақсы білім көрімдік
Болсын бізге халайық.
Не үйрендік, не білдік,
Кәне ортаға салайық.
-
Төрежанжан: Ендеше, достар! Біз Әліппеге осы уақытқа дейінгі алған білімімізді көрсетіп, ән – күймен, өлеңдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық./тақпақтар айтады/
1-оқушы: Нурали:
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
2-оқушы: Әкежан:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
3-оқушы: Фатима:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
4-оқушы: Дарын:
Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.
5-оқушы Ерқанат
Көлге айналған бұлақтың,
Қайнар көзі әліппе.
Том – том қалың кітаптың,
Басы болар әліппе!
Еркежан: 6-оқушы
Әліппе – білім
анасы,
Әліппе – кітап
данасы.
Әліппе бетін
ашпаған,
Адамның бар ма
баласы
Ән : Әліппе
Мұғалім: - Әліппе ,біздің балалар сенен әріп таныды. Сен арқылы сауаттанып, әріп үйреніп, енді өздері қосып оқып, өздері жаза алады.
Әліппе: Балалар, барлық әріпті меңгердік пе?
Хормен: Ия
Әліппе: -
Менің алғашқы шартыма құлақ түріңдер: ең алғаш қазақ балаларына оқулықты кім жазды?
-
Ахмет Байтұрсынов
-
Қазақ тілінде неше әріп бар?
-
42 әріп бар.
-
Қазақстан қандай мемлекет?
-
Тәуелсіз.
Балалар жарайсындар енді сендер маған тәуелсіз Қазақстан сөзінің мағынасын ашып беріндерші.
Мұғалім: (сөздерді оқыту)
-Балалар, біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып-үйрендік. Жүрекке жылы тиетін: «Отан. Ата-ана, Мектеп, Әліппе» сөздерімен таныстық .О дыбысын өткенде Отан әнін үйрендік . Отан туралы өлең жаттадық.Ал осы Отан дегеніміз не? (оқушы ойын тыңдау)
Осы сұраққа ән мен өлең шумақтарымен жауап беріп көрелік.
-
Дариға
Кіндік қаным тамған жерім,
Қазақстан туған жерім.
Біздер үшін өз өмірін,
Ата - бабам қиған жерім.
-
Али
Отаным менің туған жерім екен,
Таулары көкке таласқан.
Отан деген ол менің,
Кең - байтақ далам екен.
-
Мағжан
Ел басқарған Нұрсұлтандай атам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар.
-
Төрежан
Қазақстан Республикам дамыған
Еркіндігін бүкіл әлем таныған
Біздің елдің биіктігін көрсетті
Елтаңбасы, көк байрағы, әнұран
-
Амир
Астанам, ұлы, Астанам
Ұлылыққа бастаған!
Мақтан тұтар өзіңді,
Кіп-кішкентай жас балаң
-
Дилназ
Жағасында Ертістің
Семей деген қалам бар
Туған мұнда атақты
Абай, Мұхтар, бабалар
-
Салтанат
Мыңдаған халықты,
Баурап алған Қазақстан!
Бес елменен шектесіп,
Асқақтаған Қазақстан!
-
Адилжан
Жер қойнауы бай мекен,
Осындай ел бар ма екен?!
Дүниенің жүзінде,
Тату - тәтті ел екен!
-
Ислам
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін бі
Өз тіліңді құрметте!
Мұғалім:
Балалар, 1 желтоқсан алғашқы Президент күніне барлығымыз Елбасына ақ тілектер жібергенбіз, қазір бізге Әли өз шәкірттік тілегін оқып жіберсін
«Қазақстан бақытты» әні.
Қазақ биі: қыздар тобы
.Әліппе:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп уанған,
Бұл даланы көріп алғаш қуанған.
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
-Балалар, ұлан байтақ жеріміздің, еліміздің болашағы – ол білімді ұрпақ.Мына сендерсіңдер!
1-жүргізуші: Төрежан
-Біздің білім алатын ордамыз- мектеп. Мектеп –екінші үйіміз.
2-жүргізуші:Айару
-Біздің бір күніміздің жартысы мектепте өтеді, бір аптаның алты күні мектепте өтеді.
1-жүргізуші: Төрежан
-Біз мектепке не үшін келеміз?
2-жүргізуші: Айару
- білім алып, үлкен азамат болу үшін. Оқумен қоса ән-би үйренеміз, ойын ойнаймыз.
1-жүргізуші:
- Онда МЕКТЕПке арналған тақпақтар тыңдап, ән шырқайық.
1-оқушы:
Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
2 оқушы:
Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулисын жылдар бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
3-оқушы:
Әріптерді үйретіп,
Жақын болған кім бізге,
Жамандықтан жирентіп,
Ақыл болған кім бізге!
4-оқушы:
-Әліппе оқуға,
Үйреткен әр күні.
-Үйретіп санауды,
Көп еңбек сіңірген
Мұғалім апай ғой!
5-оқушы:
Үйретіпбізге әліппені,
Мұғалім ғылымға жол салып берді.
Әліппе сырын ұқтырған
Барлығы хормен:
-Рахмет, ұстаз алғашқы!
Ән «Мұғалім ол біздің»
-
Төрежан: Жарайсыңдар! Балалар, енді әліппемен қоштасатын да кез келді.
-
Айару: Әліппе бізге қаншама нәрсе үйреткен екен. Әліппенің арқасында жазуға, оқуға, сөз, сөйлем құруға дағдыландық.Ендеше әліппеге рахметімізді білдірейік.
1-оқушы: Жанайым
Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
2-оқушы: Дарын
Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
3-оқушы: әділжан
Біз енді Әліппемен қоштасамыз,
Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.
Білімнің бұлағынан сусындауға,
Көптеген кітаптармен достасамыз.
Ән. « Рахмет, саған, Әліппе!»
Хормен: Әліппеге мың рахмет!
Әліппе: Балалар, мен сендерге өте ризамын. Менің Ана тілі атты әпкем сендерді алға жетелеп әкетеді.Ендігі жерде Ана тілін сүйіңдер демекшімін. Оқығандарың есте болсын! Күнделіктерің беске толсын деген ниетпен мен сендерге 5 –тік деген бағаны сыйлап кеткім келіп тұр. (бестікті табыс етеді)
-
Ал, балалар, қош сау болыңдар!
Бәрі
бірге: Қош сүйікті
Әліппе!
1-жүргізуші-Төрежан: «5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп оқып.
Өсе берсін санамыз!
Хор: «Қош бол, құтты Әліппем!»
Жүргізуші:Төрежан : Айару, қарашы, біздің Әліппе достары қонаққа келмекші.
2-жүргізуші-Айару: Ия, Әліппенің достары бар. Біздер Әліппені меңгерумен қатар басқа пәндерді де оқыдық қой.
Мұғалім
: Балалар, енді біз ана
тілі кітабын жалғастырамыз! Кәне, онымен жақынырақ танысайық!
Ана тілі: Нұрай Армысыңдар жас достар!
Туған елдің тілімін
Ақылы мен танымын,
Түсіндірем бәріңе
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім-елдігім,
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігің
Математика: Өмірдегі заттарды,
Есептейтін бәрін мен.
4 амалды қолданған,
Математика пәнімін.
-
Балалар, сендер менен де көп нәрсені үйрендіңдер ғой. Есепке кім жүйрік екен, көрейік. Ол үшін мен сендерге тапсырмалар мен ойындар алып келдім.
-
«Кім тапқыр?»
1-жүргізуші-Төрежан: Жарайсыңдар, достар! Есепке жүйрік екенсіңдер! Математика оқулығына көп рахмет ! Ендеше кезекті « Жандос және оның кітаптары» көрініске берейік !
Мұғалім: балалар, кітап бізге білім берумен қатар, жан жақты тәрбиелі, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелейді. Келесі көріністен кіүйренеміз.тапты қалай күтін баптап ұстау керектігін
Көрініс: «Жандос және оның
кітаптары»
2-жүргізуші-Айару
: Төрежанжан, бізді осындай
күнге жеткізіп, сабаққа дайындаған, білсек –қуанып, білмей қалсақ
ренжитін кім екенін білесің бе?
-
Төрежанжан: Әрине, білемін. Олар бізбен бірге жүрген анамыз бен әкеміз, атамыз бен әжеміз емес пе?
2-жүргізуші-Айару: Ия, дұрыс айтасың! Әліппені оқу барысында ата – анамыздың қосқан үлесі өте мол. Ата – аналар, сіздерге көп рахмет!
Әли Әрқашанда тыңдаймыз
Әке менен ананы
Еңбек етіп шыңдаймыз
Білім менен сананы
Біз тәртіпті баламыз
Айтқан тілді аламыз
Аман болсын әкеміз бен анамыз
Мағжан Мейірім мен шапағат
Анашымнан тарайды
Әділдік пен парасат
Әкешімнен тарайды
Айсулу Ата-ананың айтқанын
Жадымызда сақтаймыз
Жарқыратып әр таңын
Сенімдерін ақтаймыз
Би: «Өзбек биі!», сынып оқушылары
Ән: Балбалалық, орындайтын Салтанат
«Батырлар биі» ұлдар тобы
Шаттық шеңбері: Болашаққа қиялдау.
Мұғалім: Әліппені оқып,білім алдыңдар. Көп нәрсені үйрендіңдер. Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. Әр баланың қиял-арманы бар. Солар орындала берсін. (Ақырын музыка ойналып тұрады)
Мен есепші боламын.
Мен барлық жұмысшыларға,зейнеткерлерге дер кезінде,жеткілікті етіп айлық табыстарын беруді қарастырар едім.
Мен әкім боламын.
Барлық ауыл, қалалардағы балалар бақшасын тегін қылар едім.
Мен білім министрі боламын.
Мектептегі бастауыш сыныптарға компьютер әперген болар едім.
Мен дәрігер боламын.
Кез- келгн аурудың алдын алып, балалардың денсаулығына көп көңіл бөлер едім.
Мен мұғалім боламын.
Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге өз үлесімді қосар едім.
Мен полиция қызметкері боламын.
Еліме адал қызмет етемін.
Мен кәсіпкер боламын.
Ауылдағы ағайынды азық-түлікпен қамтамасыз етер едім.
Мен Біліммін.
Сендердің айтқандарыңның бәріне жан-жақты оқу, білім, мол тәжірибе қажет. Ендеше, осы әліппеден алған білімдеріңді болашақта толықтырып, армандарыңа жетіңдер.
Мұғалім:
Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы әрқашан мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейбін еңбекқор мықты болсын.
Құттықтау сөз оқу ісінің меңгерушісіне
беріледі
Құттықтау сөз ата-аналарымызға
беріледі.
ӘН « әрқашан күн сөнбесін»
-
Төрежан: Бүгінгі кеш әр үйдің « Той басы» деп саналар.
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар, - демекші сөз кезегі қонақтарға беріледі
-
Айару: Баршаңызға уақыттарыңызды бөліп қуанышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!
Екеуі
бірге: Қош сау
болыңдар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген