Ашық сынып сағаты "Бақытты балалық шақ" 4сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сынып сағаты "Бақытты балалық шақ" 4сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сынып сағаты ұстаздарға көмектесер.Сынып сағаты ҚМЖ үлгісінде жазылған. Оқушылар" бақыт" не екенін ұғындыру. Өздерін бақытты балалар екеніне көздерін жеткізу.Сынып сағатта оқушылар топтық жұмыстар постерлерің қорғады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ:сынып сағаты

Мектеп: «Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі және МЖИ»

Күні: 25.01.2019ж

Мұғалімнің есімі:Цаган С

Сынып: 4 «В»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабықтың тақырыбы: Бақытты балалық шақ

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Балалық балдырған шақтың қызықтарын балаларға түсіндіру.Ой-өрістерін, ойлау логикаларын дамыту, сөйлеу тілдерін жаттықтыру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар. Оқушылардың жаңа тақырып бойынша ойлау, сөйлесу дағдыларын дамыту.Оқушылардың басым бөлігі: .Өз пікірін ашық айта білу Кейбір оқушылар : Бір-бірімен қарым-қатынас машығын қалыптастыру

Тілдік мақсат

Оқушылардың тілдерін, шығармашылықтарын дамыту


Негізгі сөздер мен тіркестер: бақытты,сыйластық,кішіпейілділік,қамқорлық,достық.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану, жинақтау

Құндылықтарды дарыту

Балаларды жақсылыққа, инабаттылыққа ата-анаға 
мейірімді болуға, туған жерге айналадағы заттарға ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану

Слайд көрсету

Алдыңғы оқылым


Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар:

Басы:




Ұйымдастыру

2-Жүргізуші:

Балдаурен -балалықтың балғын күні,
Балдаурен- қуаныш пен шаттық үні.
Балдаурен бақыт кешкен балдырғаның,
Жайраңдап қырда ашылған қызыл гүлі-
деп бүгінгі «Бақытты балалық шақ» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші:

- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Біздің бүгінгі «Бақытты балалық шақ » атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:

-Адам баласының ең бақытты да, өміріне із қалдырар тәтті кезеңі ол – балалық шағы.

1-жүргізуші:

-Иә дұрыс айтасың, ата-анамыз жанымызда, ұйқысы тыныш, қарнымыз тоқ, шат-шадыман күлкімен уақытымызды өткіземіз.

2-жүргізуші:

Өмірдің қайталанбас сағынышқа толы кезеңі – бақытты балалық шақ.

1-жүргізуші:

- Қош келіпсіз, құрметті қонақтар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар,
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Балғын шақты біз бақытты балалар!

2-жүргізуші:

Біздің сыныптың оқушылары дайындаған балалық шақ, бақытты сәт туралы тәп-тәтті, сүйкімді сыңғырлаған дауыстарымен айтылатын тақпақтарын тыңдайық.

слайд











Ортасы:


Негізгі бөлім

Бақыт деген не өзі, білесің бе ?

1.Бақыт деген – сенің бала күндерің,
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да, басқасын да білмеуің,
Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің.

2.Бақыт жайлы менің мынау білгенім.
Бақыт деген – бірде шаттық, бірде мұң.
Бақытты сол – тәрік еткен түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.

3.Бақыт деген – әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.

Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір –
Бақыт жайлы жазған мына сөздерің

1-оқушыАрамдықты білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз-талапты жас ұлан.

Үйренеміз жақсыдан.

Болмасын соғыс елімде,

Қыраным ұшсын көгімде!

Болмасын соғыс, болмасын,

Әлемде теңдік орнасын!

Қызу қанды шайқаста

Жан аямай айқасқан

Ағалар мен апалар

Жеңіс туын көтерген.

2-оқушы.Пусть солнце нам светит,

Пусть реки текут,

Пусть мамочки наши нам булки пекут.

А папы пусть пашут

И сеют зерно...

Землю разрушить

Никому не дано.

Нам нужен мир!

Тебе, и мне,

И всем на свете детям!

И должен мирным быть рассвет,

Который завтра встретим.

3-оқушы

Достық – біздің ұранымыз,

Достық –біздің қыранымыз.

Адамы дос, тату елдің

Біз бақытты ұланымыз.

5-оқушы.Нам нужен мир!

Трава в росе,

Улыбчивое детство!

Нам нужен мир!

Прекрасный мир,

Полученный в наследство!

Нам нужен разноцветный луг,

И радуга над лугом!

Нам нужно бегать,прыгать, петь

И говорить друг с другом!

Для дружбы, для улыбок и для встреч

В наследство получили мы планету.

Нам этот мир завещано беречь

И землю удивительную эту.

2-жүргізуші:

Хор «Жас дәуірдің түлегіміз»

1-жүргізуші:

Сахналық көрініс.
1-жүргізуші:«Бақыт деген не өзі?» әкесімен қызының арасындағы диалог

Қызы: Айтшы білсең егер де,
Әке бақыт деген не?

Әкесі: Бақыт деген, шырағым
Мынау әсем тұрағың.
Ну ормандар, гүл бағы,
Күннің күліп тұрғаны
БАҚЫТ- дәні далаңның.
«Ботам» деуі әжеңнің,
Тыныштығы әлемнің.

Қызы : Қайда бақыт мекені,
Қалай оған жетеді?

Әкесі : Адал еңбек етесің
Сонда ғана жетесің.

Қызы: Көрінбейтін көзіңе,
Сонда оның өзі не?

Әкесі: Бақыт деген, сөзім шын
Айналайын, өзіңсің!

1-жүргізуші:

Сонымен, бақыт дегеніміз біздің балалық шағымыз, өмір сүріп жатқан ортамыз, отбасымыз. Балалық шақта асыр салып ойнаймыз, мектепке барамыз. Мектепте ең қызықты күндеріміз өтеді.

«Бала құқығы» ағашын жасайық.

1.Ең бастысы – 2004 жылы тамызда «Бала құқықтары туралы» Заң қабылданды.

.2.Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

3.Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады, оған есім және азаматтық беріледі.

.4.Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

5.Әр баланың өзінің пікірі, ар-ождан, дін еркіндігіне құқығы бар.

6.Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.

.7.Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.

.8.Бала мектепте кінәлі болғанда оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.

1-жүргізуші:

Сыныптастар барлығымыз үйден балалық шақтың қызықты сәттерін баяндайтын постер дайындап келдік.Сол постерлерімізді қорғауға дайынбыз ба?




Оқушы

Біздер өзімізді бақытты балдырғанбыз деп санаймыз, өйткені біздің сүйікті отанымыз, қасиетті ана тіліміз, ардақты да аяулы ата – анамыз бар. Осының бәрін ардақтай білуге, біздің алтын ұя мектебіміз бен аяулы ұстаздарымыз үйретті.



Суреттер























































































постерлерің қорғау

Соңы:


Қорытындылау Ойын. - Балалар, бүгін біздің ауылымыздың маңынан «Бақыт керуені» өтіп барады екен. Олар бақыт іздеп ұзақ сапардан келе жатса керек. Біз сабақтан «бақыт» дегеніміз не екенін ұғындық қой. Біз оған көмектесейік. Бақытты адам күн сәулесіндей жан-жағына нұрын шашып тұрады. Сондықтан қалам алып, «Бақыт дегеніміз не?» деген сұраққа жауап болатындай бір-бір сөзді күн сәулелеріне жазып, бақыт керуеніне күннің жылы нұрын шашып, бағыт берейік.

1 Балалық шақ ұмытылмас қызықты

 Ол қызықты кімдер бұзып сызыпты

Естеліктер еске салып күлдірер

Дәл сол шақтар қуанышты,қызықты

2-ж Балалықтың шаттығы

 Ештеңеге жетпейді.

Үлкен болып өскенше

Ол жаныңнан кетпейді.

Бұл өмірдегі ең үлкен бақытыңыз – бақытты балалық шағыңыз. Бақыт сенің балалық  шағың, денің сау болып, асыр салып ойнағаның.

1-жТүрлі ғажайып оқиғалар тек балалық шақта бастан өтеді, және адамның ой- санасында мәңгі сақталып қалады екен. Сондықтан балалық шағымызды бағалай білейік.

Хор :Біз бақытты баламыз әні

 Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!


Кері байланыс

Жүректен жүрекке.Оқушылар бір – біріне деген сыйластық қарым – қатынастарын жылы лебіздерімен білдіреді. Қатар тұрған көршісіне оның қолын қысып, жылы лебіз айтып, соңғы оқушыға жеткенше осылай жалғасады.

Стикер

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Барлық оқушылар. Оқушылардың жаңа тақырып бойынша ойлау, сөйлесу дағдыларын дамыту.Оқушылардың басым бөлігі: .Өз пікірін ашық айта білу Кейбір оқушылар : Бір-бірімен қарым-қатынас машығын қалыптастыру

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Сабақ бойынша рефлексия


Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет





























-





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
2706
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі